13-слайд. Сахналық көрініс.
Тыңдаушылардың үшеуі ұл мен оның екі досының немесе құрбысының рөлін ойнайды.
Көрермендер жағдайды шешудің ықтимал нұсқалары туралы өз пікірлерін айтады.
Жағдай
Ата-аналар ұлын мықты университетке түсуге көндіреді. Ата-анасының Университет басшылары арасында өте ықпалды ықпалды достары бар. Ұлы болса, мүлдем басқа университетке, басқа мамандыққа, ең бастысы, оқуға тамыр-таныссыз түскісі келеді. Өкінішке орай, ол аса білімді емес, өз бетінше оқуға түсу мүмкіндігі аз.
Ата-ананы қолдаушылардың дәйектері
Көпшілік осылай жасайды.
Ата-анамен ренжісудің керегі жоқ.
Достары оны сөз қылмайды, мүмкіндік болса, олар да таныстарын пайдаланады
ЖОО әскери кафедра бар, әскерге барудың қажеті болмайды.
Білімі төмен болғандықтан көмек бермесе қиын болады.
Ата-ананы қолдамайтындардың дәйектері
Ұлға бұл мамандық ұнамайды.
Мүмкін балаға мектепті бітіргенше оқуға тырысу керек шығар?
Ол ержеткен бала, сондықтан өз болашағын ата-анасынсыз өзі шешкені дұрыс.
Кейінірек баланың тамыр-таныстықпен бітіргенін біреулер біліп қойса, не болады?
Ұлдың сабақ үлгерімі төмен болса не істейді? Пара берем бе? Өтініш айта ма?
Талқылау
14-слайд. Мамандық таңдау – болашағыңды айқындайтын факторлардың бірі. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, оқушылардың 87% мамандықты ата-аналары немесе мұғалімдерінің ықпалымен таңдайды. Бұл ретте ата-аналардың 75% өз балаларының қандай мамандық таңдағысы келетінін білмейтінін мойындайды.
Оқушылар мен ата-аналардың 90% еңбек нарығында қандай мамандықтардың көбірек сұранысқа ие екенін білмеуі жағдайды қиындата түседі.
2019 жылы Қазақстанда «Жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласы» жасалды, онда 5-10 жылдан кейін қандай мамандықтардың сұранысқа ие болатыны болжаммен берілген. https://www.enbek.kz/atlas
Еңбек нарығындағы жағдай тез өзгеруде және жақын арада қандай мамандықтардың сұранысқа ие болатынын білу өте маңызды. Онда тоғыз сала бойынша 463 мамандық туралы ақпарат бар: тау-кен металлургия кешені, мұнай-газ өнеркәсібі, IT-технологиялар, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, энергетика, туризм және құрылыс. «Жаңа мамандықтар мен құзіреттер атласы» халықаралық тәжірибеге сүйене отырып экономикадағы өзгерістерге барынша әсер ететін әлемдік алты трендті негізге ала отырып жасалған. Бұл роботтар мен ақылды жүйелерді енуі, цифрландыру мен деректерді қолдану аясының кеңеюі, шикізат қорларының сарқылуы, экологиялық нормаларды қатаңдату, Y және Z буындары өкілдерінің еңбек нарығындағы жаңа талаптарының пайда болуы, халықтың тұтынушылық қалауының өзгеруі.
Сіздер, құрметті ата-аналар, балаларыңыздың жеке тұлғасының темпераменті мен қасиеттерін, оның қандай мамандыққа ие екенін анықтағаннан кейін, Атласқа жүгініп, өзіңізге қажет саланың балаңызға сәйкес келетін, алдағы 5-10 жылда сұранысқа ие болатын мамандықты таңдай аласыз.