Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»


-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер



бет7/14
Дата07.05.2017
өлшемі2,98 Mb.
#15754
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: § 25. Ортағасырлық Қазақстан қалалары

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Орта ғасырда өмір сүрген Қазақстан қалалары, олардың саяси-әкімшілік қызметі, қала құрылысының ерекшеліктері туралы білім беру.

  • Дамытушылық: Салыстыра отырып, қала мәдениеті туралы түсініктің қалыптасуы, көшпелілік және отырықшылық арасындағы айырмашылықтарын таба білуге дағдыландыру.

  • Тәрбиелік: Мәдениет туралы түсініктерін қалыптастыру, эстетикалык тәрбие беру.

Сабақтың түрі: лекция

Әдісі: баяндау

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік:

1. Ортағасырлық Қазақстан картасы.

2. ҚР картасы.

3. «Қала бөліктерінің кызметі» кестесі.

4. «Кім тез табады?» кестесі.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау,

  • «Хабар» ел жаңалықтарынан...

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақтан «Қазақ елінің ежелгі ғалымдары» тақырыпшасы бойынша өтілген материалды еске түсіру үшін, оқушылармен «Кім тез табады?» кестесін ойын түрінде еткіземін. Ол үшін төмендегі кестедегі әр ғалымның аты жазылған бағанға қарама-қарсы бөлігін бос қалдырады, оқушыларға осы кестедегі сұрақтардың жауабын қағаз қиындыларына жазып, араластырып үлестіріп беремін, оқушылар оның дұрыс жауабын тақтадағы кестенің әр ғалымның қарама-қарсы бос бөлшегіне апарып жабыстыруы керек.



Ғалымдар

Өмір сүрген жылы

Туған жері

Еңбегінің аты

Не туралы айтылған?

Жүсіп Баласағұн













Махмұт Қашкари













Ахмет Йасауи













Өбу Райхан Бируни













Бұдан кейін 2-3 оқушыдан «Әл-Фараби - Шығыстың ғұлама ғалымы» тақырыбының ауызша мазмұнын сұраймын. Қалған оқушылардан «Отырар кітапханасы» бойынша оқушылардың өздері қосымша жазып алып әкелген деректері тыңдалады. Үй тапсырмасын Отырар қаласындағы осындай әлемдегі ірі кітапханалардың болғандығы, сол замандағы қала мәдениетінің дамығандығының көрсеткіші деп, бүгінгі «Ортағасырлық Қазақстан қалалары» деген тақырыппен байланыстырып жіберемін.

Жаңа тақырыптың жоспары:

1. Қалалардың пайда болуы.

2. Қала бөліктері мен олардың қызметі.

3. Қазақстан қалаларының орналасу картасы.

Археологиялык зерттеулер VІ-Х ғасырларда Қазақстан аумағында қала мәдениеті жаксы дамып, өркендегенін көрсетеді. Орта ғасырларда Түркістан, Талас, Шу еңірлерінде қолөнер мен сауда жөне мәдениеттің шоғырланған орталықтары - қалалар қалыптасты. Бұл қалалар ертеде шағын елді мекен ретінде салынып, бірте-бірте қаланың көлемі мен халқының саны көбейіп, ірі орталықтарға айналған. Қазақстан аумағында алғашқы қалалар бұдан екі жарым мың жыл бұрын салынған екен деп қала деген сөзге анықтама береді. Ортағасырлық қалалар негізі үш бөліктен тұрған. Олар орда (қитадель), шахристан, рабат деп аталды. Төмендегі кестені пайдаланып, олардың қызметін түсіндіремін.

ҚАЛА



  • Орда (қитадель) - патша сарайы мен әкімшілік баскару органдары орналасқан орталық бөлігі.

  • Шахристан - қызметкерлер, яғни кіші билеуші топ өкілдері, саудагерлер мекен ететін қаланың ішкі бөлігі.

  • Рабат - еңбекші халық мекен ететін қаланың сырткы бөлігі.

Ортағасырлық Қазакстан қалалары халқының саны мен көлемі әр түрлі болды. Олар Қарашокы, Қойлық, Екіоғыз, Ашнас, Баршынкент, Қалабалғасын, Бұзок, Йассы, Сауран. Тараз т.б. деп оларды картадан көрсетемін. Қалабалғасын қаласы туралы бұрын тарих оқулықтарында айтылмағандықтан, қосымша әдебиеттерді пайдаланамын:

Ж. О. Артықбаевт. б. Орта Ертіс өңірі қимақ дәуірінде. Астана, 2004.

Бұл қалалар хандар мен сұлтандардың меншігінде еді, қаланың өз билеушісі болған. Сондықтан олар қалаларында сауда орындары мен моншалар салуға мүдделі, себебі бұл олардың негізгі табыс көзі еді. Ортағасырлық қалалардың өзіндік ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтемін. Мысалы: Отырар қаласында көпшілікке арналған монша салынған. Моншаның едені кірпіш тақталармен тәселген, моншаны қыздыру үшін еден астынан жылу еткізгіш каналдар жүйесі жүргізілген.

Түркістан қаласының ежелгі атауы Йассы, ол қазіргі Шымкент қаласынан 225 шақырым жерде орналасқан. Түркістан - «түріктер мекені» деген мағынаны білдіреді. Мұнда қасиетті Қожа Ахмет Йасауи кесенесі орналасқан. Түркістан Есім ханның тұсынан бастап қазақ хандығының астанасы болған.

Қорытындылау: Қалалар санының өсуі сауда экономикалық байланыстардың артуына және жартылай көшпелі тайпалардың отырықшылыққа көшуінің басты себебі болды. Қала гүлденген мәдениеттің, мемлекеттің көрсеткіші.



Бағалау:

Үйге тапсырма: 25-параграф.

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: §26. Отырар-қаһарман қала

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Өз тарихында қилы оқиғаларды басынан кешірген ортағасырлық қаһарман қала - Отырардың қалыптасуы мен монғол шапқыншылығы кезіндегі ерлікпен қорғанысы туралы білім беру.

  • Дамытушылық: Отырардағы қала мәдениетінің монғол шапқыншылығына дейінгі және монғол шапқыншылығынан кейінгі жағдайын салыстыра отырып оқушыларды ой қорыта білуге дағдыландыру.

  • Тәрбиелік: Отырарлық азаматтардың, Қадырханның ерлігі негізінде оқушыларды адалдыққа, туған жерін сүюге, басқыншылық соғыс атаулыны жек көруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: 1. «Отырар» альбомы.

2. Шыңғысханның суреті.

3. Отырардың күйреуін суреттейтін суреттер.

4. Ортағасырлық Қазақстан картасы.

5. «Шыңғысхан» - бейнефильмі.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасы.

Төмендегі сұрақ-тапсырмалар бойынша сұрақ-жауап ойынын өткізу.

1. Қазақстанның ортағасырлық қалаларын картадан көрсетіңдер.

2. Ортағасырлық қалалардың бөліктері мен олардың қызметін атаңдар.

3. Қазақстанның ортағасырлық қалалары туралы не білесіңдер.

4. Түркістан қаласы мен Қожа Ахмет Йасауи кесенесі туралы әңгімелеп айтып беріңдер.

Жаңа сабақты түсіндіру. Оқушылар, өткен сабақта біз сендермен ортағасырлық Қазақстан қалаларына жеке-жеке қысқаша тоқталып өтсек, бүгін ортағасырлық Қазакстан қалалары ішінде өзіндік ерекше тарихы бар, маңызы зор Отырар қаласына жеке тоқталамыз. Себебі, бұл қаһарман қала Отырардың тарихы қазақ жерін жаулап алушы Шыңғысхан басқарған монғолдармен тығыз байланысты деп, бүгінгі сабақтың жоспарына тоқталамын. Қазақ шежіресінде Отырар Дешті Қыпшақ жерінде бас қалалардың бірі делінген.

Сабақтың жоспары:

1. Отырардың қалыптасу тарихы.

2. Отырар сауда орталығы.

3. Шыңғысхан баскарған монғол империясының құрылуы.

4. Монғолдардың Қазақ жеріне және Орта Азияға шапқыншылығы.

5. Отырар қорғанысы.

6. Қарашаның сатқындығы.

7. Қайырханның өлімі.

8. Хорезм шахы және Отырар.

9. Әмір Темір тұсындағы Отырар.

Оқу материалы көп болғанымен, өте қызықты тақырыптардың бірі. Оқушыларға төмендегі кестені пайдалана отырып, Отырар қаласының калыптасу тарихына сипаттама беремін.

Отырар


  • Ертеде Шығыс әлеміне танымал болған қала.

  • Мұнда алғашқы қоныстар осыдан екі жарым мың жыл бұрын пайда болған.

  • VI-VIII ғ. Отырар түркі ұлыстарына астана қызметін атқарған.

  • ІХ-Х ғ. Сырдың бойындағы басты қала.

  • Қазақ хандығының сауда жөне экономикалық орталығы болған.

  • Ойрантөбе, Фараб деген атпен тарихта белгілі.

  • Ұлы Жібек жолының бойында орналаскан қала.

Жоғарыдағы кестенің көмегімен оқушылармен бірге Отырардың калыптасу, гүлдену тарихына тоқталамын. Одан кейін Отырар қаласын сипаттау оқушылардың өздеріне тапсырылады. 1-2 оқушыға оны мәтіннен тауып оқытқызамын. Қалған оқушылар оны мазмұндап, Отырар қаласын сипаттап әңгімелеп береді.

Отырар қаласы өз заманында небір қырғын шайқасты басынан кешірген деп, оның себеп-салдарын ашып көрсетемін. XII ғасырда қазіргі Монғолияда Шыңғысханның басқаруымен монғол тайпаларының мемлекеті құрылды. Оқушыларға қызықты болу үшін төмендегі әдебиеттерден қосымша деректер келтіремін. Пайдаланылатын әдебиет:



Әбілгазы. Турікшежіресі. - Алматпы: Анатілі, 1991.

Шыңғысханның портретіне оқушылардың назарын аудару. Монғол әскері сол заманда аса қуатты еді және мықты тәртібімен ерекшеленді. Қажет болған жағдайда әскер тез жиналып, олардың саны 200 мыңға жететін болған. Әскери тәртіптің күштілігі сондай, бір жауынгер үшін он жауынгер жазаланатын еді. Осыған дәлел ретінде бейнефильмнен үзінді келтіремін. Әрине, бейнефильмді толық көріп шығуға мүмкіндік бола бермейді, сондықтан монғолдардың әскери қару-жарағын, киімдерін, әскери өнерін сипаттайтын эпизодтарынан үзінді көрсетемін. Бұл оқушыларға монғолдардың дүниені дүр сілкіндіріп, өздеріне бағындырып алуының себебін ашып көрсетуге мүмкіндік береді.

Одан әрі монғолдардың Қазақ жеріне басқыншылығын сипаттайтын төмендегі негізгі даталарды оқушыларға дәптерлеріне жазғызып қоямын.


  • 1218 жыл Шыңғысхан басқарған монғолдардың Жетісу өңіріне аттануы.

  • 1219 жылы 150 мыңға жуық монғол қалың қолының Отырарға шабуылы.

  • 1220 жыл монғолдардың Отырарды алуы.

Монғолдардың Отырар қаласына шабуылы мен Отырардың қорғанысы туралы аңыз әңгімелерді оқушыларға өздеріне кезек-кезек оқытып, айтып беруін сұраймын. Оның мазмұнын жоғарыда келтірілген жаңа сабақтың жоспарына сүйене отырып сұраймын. Бұл оқушылардың өз ойларын жүйелілікпен баяндауға кемектеседі. Оқушылардың жауабы тыңдалған соң, «Отырардың қорғанысын» сипаттайтын бейнефильмнен үзінді керсетемін. Бейнефильмді көрсетпес бұрын оқушыларға төмендегі үлгідегідей сұрақтар тізімін алдын ала ұсынамын.

Сұрақ-жауапты сабақты бекітуге пайдаланамын

1. Отырар қаласы күрылысынан қандай өзіндік ерек-шелік көрдіңдер? Нені тағы қоса аласыңдар?

2. Отырарлықтар кандай қорғаныс кару тұрлерін пай-даланған?

3. Монғолдардың қару - жарактарын отырарлықтардың қару – жарақтарымен салыстырыңдар.

Осылайша Отырар қаласының Қазақстан тарихындағы алатын орнын көрсете отырып, сабақты корытындылаймын.

Бағалау:

Үйге тапсырма: 26-параграфты оқу. Оқушыларға бейнефильмді толық көріп, келесі сабақта қосымша дерек ретінде әңгімелеп беруді тапсырамын.

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: §27. Қазақ халқының қалыптасуы.

Сабақтың мақсаты:


  • Білімділік: Этнос, алаш пен қазақ ұғымдары, Қазақ елінің жеке халық болып, ұлттық этникалық және антропологиялық негізін қалаған тайпалар туралы түсінік беру.

  • Дамытушылық: Этнос, халық ұғымдарын айыра білуге, ұлт болып қалыптасудың тарихи даму заңдылықтарын түсіне білуге үйрету.

  • Тәрбиелік: Ру, ата-баба, әулет шежіресінің түпкі мәнін түсіне білу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: Қола дәуірі, түркі дәуіріндегі Қазақстанды мекендеген тайпалардың мәдениеті, этникалық тарихы, монғол дәуіріндегі Шыңғысханның портреті (осы дәуірлердегі адамдардың антропологиялық типін сипаттайтын салыстырмалы суреттер).

Ежелгі Қазақстан картасы. Монғол дәуіріндегі Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасы.

«Шыңғысханға тарихи тұлға» ретінде мінездеме берілген жазбаша жұмысты 2-3 оқушыға ауызша оқытып, қалған оқушылармен үйде көріп келген бейнефильм бойынша талдаймын.



Жаңа тақырыптың жоспары.

1. Қазақ халқының арғы ата-бабалары.

2. Энеолит дәуірінің жылқышы тайпалары.

3. Қола дәуірінен қалған мұра.

4. Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар.

5. Олардың антропологиялық, тілдік ерекшелігі. Жаңа тақырыпты этнос және халық ұғымдарын түсіндіруден бастаймын.

Этнос деп өз тілі, дәстүрлі мәдениеті, өзіндік ұлттык мінез-құлқы бар, өзара туыс және бір аумақта қалыптасып өмір сүретін халықты, ұлтты атайды.

Халық деп, тілі, тұрмысы, рухани мәдениеті ортақ, өзін елдес, жерлес тұрғыдан ұғынған белгілері бар, қалыптасқан қауымдастықты атаймыз. Халық белгілі бір әлеуметтік-экономикалық ортада құралады.

Қазақ этносы халық болып өз ұлттық мемлекетін ХҮ-ХҮІ ғасырларда құрды деп, төмендегі кестенің көмегімен түсіндіремін. Қазақ этносының халық болып қалыптасу тарихы сонау энеолит (мысты тас) дәуіріне барып тіреледі. Ол дәуірде Қазақстан даласында жылқышы тайпалар өмір сүрген. Б.з.б. II мыңжылдықтың басында тастан жасалған құралдарды металдан жасалған құралдар біртіндеп ығыстырып шығара бастады. Адамдар күнделікті өздеріне қажетті құралдарды мыс сияқты металдардан жасай бастады деп, өткенді қайталап, оқушылардың естеріне түсіріп кетемін.

Қазақ халқының калыптасуы


  • Дәуір

  • Энеолит деуірі Қола дәуірі

  • Сақ дәуірі

  • Ерте көшпелілер дәуірі

  • Монғол дәуірі

    • Тайпалар

    • Жылқышы тайпалар Арий, тур, қиян

    • Сактар

    • Ғұндар, үйсіндер, каңлылар

    • Қарлұктар, кыпшактар, тұркештер

  • Антропологиялық типі

  • еуропеоид кескінді, бірак

  • еуропеоид кескінді, орта бойлы адамдар

  • еуропеоид пен

  • монголоидтық нәсілдер араласа бастаган

  • еуропеоидтык-монғолоидтық аралас нәсіл

  • монролоидтық белгілердің үлесі күшейе түседі

Бекіту:

Тақтаға қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар: арий, тур, киян, сақтар, ғұндар, үйсівдер, қаңлылар, қимақ, оғыз, қыпшақтар, түріктер, түргештер, арғын, жалайыр, найман, алшын, керей, дулат т.б. деп жазып қоямын. Оқушылар тақтадағы сөйлемді дәптерлеріне жазып алады.



Бағалау:

Үйге тапсырма. 27-параграфты окып, тақырыптың соңындағы сұрак-тапсырмаларды орындап келу.

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: §28. Қазақ хандығының құрылуы.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік. ХІV-ХV ғ-да қазақ жерінде қалыптасқан этносаяси қауымдастықтардың Қазақ хандығының құрылуына негіз болғандығы және қазақ, жүз, алты алаш ұғымдары жөнінде білім беру.

  • Дамытушылық. Қазақ, алаш атаулары жөніндегі пікірлер мен болжамдармен таныстыра отырып, оқушы-лардың танымдық кабілеттерін дамыту.

  • Тәрбиелік. Ел тарихын, жер тарихын, әулет тарихын білуге, құрметтеуге, елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік:

1. Жошы хан күмбезінің суреті.

2. Алаша хан күмбезі.

3. Таңбалыжардағы тас бетіндегі рутайпалардың таңбалары.

4. ХҮ-ХҮІІІ ғ. Қазақстан картасы.

Сабақ барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІI. Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасын өткен сабақтағы параграфтың соңындағы сұрақ-тапсырмалар негізінде сұрап шығады. 4-тап-сырма бойынша оқушылардың ата-аналарының көмегімен жазып алып келген «Алаш» ұғымы туралы шағын әңгімелерін тексеріп, 2-3 оқушының үй тапсырмасы ауызша оқылып, талданады.

Жаңа сабақтың жоспары:

1. «Қазақ» атауының шығуы туралы болжамдар мен пікірлер.

2. Алтын Орданың қазақ мемлекеттінің құрылуында атқарған рөлі.

3. Қазақ хандығының күрылуы.

4. Қазақ жүздерінің пайда болуы.

Жаңа тақырыпты меңгеруде сыныпты №1,М2,№3,№4 нөмірленген оқушыларға бөлемін. Сонда бір топ, яғни үй тобы №1,№2,№3,№4 нөмірленген 4 оқушыдан кұралады. Жаңа сабақты меңгеруде мұғалім осы нөмірленген бірдей санды оқушыларды бір топтарға біріктіреді. Әр №-ге төмендегі үлгідегідей тапсырма беріледі. Ол үшін оқушылар дәптерлерін 4-ке бөледі.



1 «Қазақ» атауының шығуы.

»2 Алтын Орда мемлекетінің Қазақ хандығының құрылуындағы рөлі.

3 Қазақ жүздерінің пайда болуы.

4 Қазақ хандығының құрылуы.

Нөмірленген оқушылар бірігіп өздеріне берілген тапсырманы мұқият орындап, өз үй тобында түсіндіріп беруі керек. Есте сақтау үшін жазып алуға болады. Оқушылардың тапсырмамен жұмысты жеңілдетуі үшін төмендегі сұрақтар тізімін құрамын

1.

1. Алғашқыда әлеуметтік мағына берген «Қазақ» ұғымын қалай түсінесің?

2. Қазақ атауы қалыптасқанға дейін Алтын Орда мемлекетінің құрамында өмір сүрген және қазақ халқына негіз болған тайпаларды қалай атады?

3. Алаш тайпалары кімдерден бөлініп, Шу өзені бойына көшіп барды? Оларды бастап барған кімдер?

4. Моғолстанға көшіп келген алаш көшпелілері, енді қалай атала бастады?

Ол сөз қандай мағынаны білдіреді?

5. «Қазақ» термині тараған аумақты атап, картадан көрсетіңдер.

6. «Қазақ» терминінің толық орнығуы кай ғасырларда аяқталды?

2

1. Қазақ хандығы тарихында ерекше орын алған мемлекет. Оның негізін салған кім?

2. Жошы хан туралы кандай ертегіні білесіңдер? Жошы хан күмбезі қайда орналасқан?

3. Жошы хан каза болғаннан кейін, оның иелігін кім иеленді?

4. Алтын Орда халқын қалай атады?

5. Алтын Орда қай ғасырда дағдарысқа ұшырап, нәтижесінде не болды?

6. Ақ Орда мемлекеті қалай пайда болды? Онда кімнің ұрпақтары билік етті?

3

1. Әбілқайыр мемлекетінің қүрамында кандай Ұлыс, рулар мекендеді? Оларды қалай атады?

2. Әбілкайыр кім?

3. Қай жерде Әбілқайыр хандығынан бөлінген қазақ рулары ел боламыз деп, тасқа ез руларының таңбасын қашап белгіледі?

4.Үйсін бастаған Ұлы жүздің мекендеген аумағы.

5. Орта жүзді қүраған ірі рулар.

6. Кіші жүз Қазақ жерінің қай аумағын мекендеді?

4

1. Алтын Орда ыдырағаннан кейін, оның құрамындағы ру-тайпалардың жағдайы қандай болды?

2. Қазақ хандығы қашан құрылды?

3. Қазақ хандығы қалай пайда болды? Оның құрамындағы тайпалар бұрынғы қай мемлекеттің құрамына енген еді?

4. Қазақ хандығының негізін салған хандар кімдер?

5. Алғашқы казақ хандығы пайда болған аумақты картадан көрсетіңдер.

6. Қазақ хандығының орнығуы кай кезеңде жүзеге асты? Осылайша оқушыларға кестені толтыруды жеңілдетуге болады.

Бекіту:

Нөмірленген оқушылар тапсырманы орындап болған соң өз үй тобына қайтады. Онда олар кезек-кезек өздерінің реті бойынша басқа оқушыларға түсіндіріп, жазғызады. Жалпы сыныптың бұл тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап, жаңа тақырыпты бекіту үшін «Ішіне» және «Сыртына» кестесін толтыртқызамын.



Бағалау:

Үйге тапсырма.28-параграфты окып келу. Қазақ хандығы пайда болған аумакты контур картаға түсіру.

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сабақтың тақырыбы: §29. Қазақ хандарының тарихынан.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік. Хан басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, ханның атқаратын қызметі және Қазақ хандығының коғамдык саяси құрылысымен таныстыра отырып, аты аңызға айналған Кенесарыға дейінгі қазақ хандарының қызметіне баға беру.

  • Дамытушылық. Қазіргі Қазақстан Республикасы мен Қазақ хандығының мемлекеттік басқару жүйесін салыстырып, ерекшеліктерін таба білуге үйрету.

  • Тәрбиелік. Қазақ хандарының ұлт мемлекеттігінің негізін салуы мен нығайту жолындағы ерлікке толы еңбектеріне баға бере отырып, олардың Қазақ хандығын жауға бермей, ұлан-ғайыр жерді ұрпаққа мұра етіп қалдыруда атқарған қызметін үлгі етіп, жастардың бойларына сіңіру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік:

1. Қазақ хандары. Абылай хан, Кенесары хандардың портреттері.

2. Қазақ хандығы құылғаннан Қазақстанда хандық биліктің жойылғанға дейінгі кезеңдері сипатталған жеке карталар. Кесте.

Сабақтың барысы. I.Ұйымдастыру кезеңі. II.Үй тапсырмасы.

Үйге берілген тапсырмаларды төмендегі сұрақтар негізінде тексеремін. Сұрақтарды сыныпты екі нұсқаға бөліп таратамын.



І-нұсқа.

1. «Қазақ» деп алғашқыда кімдерді атады?

2. Алтын Орда мемлекетінің негізін салушы хан.

3. Жошы хан күмбезі кайда орналасқан?

4.1227 жылы Жошы өлгеннен кейін, оның Ұлысын кай балалары иеленді?

5. Алтын Орда мемлекетінің халқын қалай атады? Ал-тын Орданың ыдырауы кай ғасырда жүрді?

6. Қазақ хандығының негізін құрған хандарды атаңдар.

7. М. Ж. Көпеев Қазақ халқының және мемлекетінің пайда болуын аты аңызға айналған қай ханның есімімен байланыстырады?



ІІ-нұска.

1. Ақ Орда мемлекеті қалай пайда болды?

2. Орда Ежен ұрпақтарынан Ақ Ордадағы билікті 1428 жылы кім тартып алды?

3. Әбілқайырдың билігін мойындамаған рулар Шу өзені бойына көшіп болашақ қай мемлекеттің негізін салды?

4. Ұлы жүз тайпалары қай аймақты мекендеді?

5. Алаш тайпалары бұрын қай мемлекеттің құрамында өмір сүрген?

6. Ш. Құдайбердиевтің «Шежіресі» бойынша Алтын Орда мемлекетінің өзбек, Қазақ, ноғай болып бөлінуінің себебі неде?

7. Қазақ хандығының орнығуы ңай ханның есімімен байланысты?



Жаңа сабақтың жоспары:

1. Хан-ел билеушісі.

2. Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы.

3. Аты аңызға айналған қазақ хандары. Алаша хан.

4. Уыз хан.

5. Жошы хан.

6. Орда Еженнен тарайтың қазақтың Ұлы хандары. Қазіргі кезде дүние жүзінде 200-ден аса мемлекет бар.

Республика - мемлекет басшысы белгілі бір мерзімге сайланатын халықтық басқару түрі.

Монархиялық - әкеден балаға мұра ретінде берілетін, мемлекетті бір әулеттің басқару түрі.

Бүгінде монархиялық тәртіп сақтаған мемлекеттер әлі де бар. Сол сияқты XIX ғ-ға дейін қазақ елінде монархиялық жүйе сақталып мемлекетті Шыңғысханнан тарайтын төре ұрпақтары басқарды. Қазақ билік жүйесін кестенің көмегімен түсіндіремін.



  • ХАН

  • СҰЛТАН

  • БИ

  • АҚСАҚАЛ

  • АУЫЛБАСЫ

  • БАТЫРЛАР

  • ТӨЛЕҢГІТТЕР

Осы кестенің негізінде олардың қызметіне қысқаша тоқталып өтемін немесе өздеріне тапсырма беремін.

Сабақтың келесі сатысында қазақ хандарының тарихына тоқталамын. Алаша хан, Уыз хан, Жошы хандардың билік еткен жылдарын дәптеріне жазғызып қояды. Оларды қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, әңгімелеп беремін. Оқушыларға Алаша ханға, Жошы ханға арналып салынған күмбездердің суреті көрсетіледі.

Одан кейінгі Қазақ хандары тақырыпшасын оқушыларға кезек-кезек оқытып, қалған оқушылардан мазмұнын сұраймын. Дәптерге оқушылар «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «өз Тәукенің «Жеті жарғысы» деп жазып қояды.

Қорытындылау: Қазақ дәстүрінде ірі ұлыстарға билік жүргізген сұлтандарды да хан деп дәріптеді. Дегенмен алтын тақта отырған ұлы хандардың орны жоғары болған. Қазақ халқы хандарын сыйлап ак киізге кетеріп отырған, сонымен бірге Қазақтың хандары караша елін, туған жерін құрметтеген, игі жақсыларын сыйлаған, елге жау келгенде алдымен қарсы тұрған. Хандардың ішінде жауымен жағаласып соғыста қайтыс болғандары да аз емес.



Бекіту үшін мына сұрақтарды қоямын:

1. Ханның атқаратын қызметіне баға беріңдер.

2. Хан болу үшін қандай басты талап қойылды?

3. Қазақтың қандай хандарымен, олардың ерлік істерімен таныстыңдар?



Бағалау: Үйге тапсырма. 29-параграфты оқу.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет