Үй тапсырмасы: Өткен сабақты оқу. Жаңа сөздерді қайталап, еске сақтау.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер Сабақтың тақырыбы: §5. Өлкетану дегеніміз не? Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тарихи өлкетанудың жеке ғылым ретінде қалыптасу тарихы, оның маңызы. Өлкетану ғылымымен тығыз байланысты қосымша ғылым салаларының, олардың атқаратын қызметі жөнінде білім беру.
Дамытушылық: Тарихи оқиғалар мен үрдістердің дамуын тарихи география, тарихи демография, мұрағаттану деректері арқылы шыңдықпен баяндап өткенге ғылыми көзкарас қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өз өлкесінің тарихына қатысты материалдарды жинастырып, оның жойылмауы үшін аялап күтуге, ата-бабаларына көмектесуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Жергілікті өлкетану мұражайының тарихи-мәдени ескерткіштерін пайдалану.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақта көрген бейнефильм, алдын ала берген сұрақ-тапсырмалары бойынша оқушылармен әңгіме түрінде немесе жазбаша сұрақ-тапсырмаларға жауаптарын дауыстатып оқытып, оны жалпы сыныпта талқылату. Жаңа сөздер бойынша сөздік жұмысы жүргізу. Ол үшін алдын ала бір-бір сөзден жазылып көбейтілген кағаз қиындыларын оқушыларға таратып шығамын. Оқушыларға берілген уақыттың аз екенін ескертіп, бос орынға дұрыс анықтамасын жазу тапсырылады.