Сабақтың түрі: дәстүрлі
Әдісі: баяндау Пән аралық байланыс: география, бейнелеу. Көрнекілік: 1. Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы.
2. Плакатқа жазылған тірек кестелер.
3. Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың кеңістік туралы түсініктерін бейнелейтін тасқа салған суреттері.
Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын ауызша бірнеше баладан мына төмендегі сұрақтар бойынша сұрап шығамын.
1. Уақытты жылмен есептеген кімдер және олар неге арқа сүйеді?
2. Қазақтарда уақытты өлшеудің қандай түрлері болды?
3. Қиклдік есеп дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Бір түзулік уақыт өлшемі дегенді қалай түсінесіңдер?
5. Кім қазақша жыл атауларын жатқа айтып береді?
6. Хижра сөзі қандай мағынаны білдіреді?
Үйге берілген «Жұмыс дәптері» бойынша тапсырмаларды жаппай тексеріп шығып, 1-2 оқушыға дауыстатып оқытамын, қалған оқушылар «Жұмыс дәптерінде» орындап келген үй тапсырмасының қатесін тексеріп, түзетіп отырады. Оқушыларға біз осы уақытты ұтымды пайдаланып жүрміз бе деген сұрақ қойып үй тапсырмасын қорытындылаймын.