Сабақтың түрі: аралас
Әдісі:интерактивті Пәнаралық байланыс: география Сабақтың көрнекілігі. 1. Дүниежүзінің саяси картасы.
2. Қазақстанның физикалық картасы.
3. Қазақстанның әкімшілік-саяси картасы.
4. Ежелгі карталардың үлкейтілген суреті.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын «Жұмыс дәптері» бойынша өткіземін. Берілген тапсырмаларды тездетіп тексеріп шығып, одан кейін өткен тақырыпты мына сұрақтар бойынша оқушылардың дайындығын бағалаймын.
1. Қазақстан қандай елдермен шектеседі?
2. Ежелгі Қазақстан жерін мекендеген қола дәуірі тайпаларының түсінігі бойынша әлемнің неше бұрышы болған?
3. Сақтардың түсінігі бойынша әлем қандай құрылымнан тұрады?
4. Ежелгі түріктердің діни нанымы туралы баянда.
5. Ертедегі адамдардың түсінігі бойынша отбасы қамқоршысы кім болды?
6. Түріктер үшін қасиетті болып не есептелінеді?
7. Б.з.б. Ш-ІІ мыңжылдықтарда өмір сүрген арий, тур және сақ тайпалары Күнді құрметтеп, неліктен оның құрметіне тек жылқы малын құрбандыққа шалған?
8. Қазақтар кеңістікті тағы қалай атаған? Синонимдерін ата.
9. Үй тапсырмасын оқушылардың сұрақтарға берген жауаптарына сүйеніп, ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың кеңістік, уақыт туралы тиянақты түсініктерінің болғандығын, негізінен олардың наным-сеніммен тығыз байланысты екендігін дәлелдеп үй тапсырмасын қорытындылаймын.