5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер Сабақтың тақырыбы: § 9. Қазақстан –әлемдігі ірі мемлекеттердің бірі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Картаның көмегімен оқушыларға Қазакстанның аумағы бойынша әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі ретінде сипатын беріп, ондағы жер-су атауларының өзіндік тарихы туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Қазақстан картасымен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақстанның ұлан-байтақ жері ата-бабаларымыздан найзаның ұшы, білектің күшінің арқасында мұра болып қалған қастерлі жер екенін оқушыларға түсіндіріп, өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.