Жаңа сабақты түсіндіру. Бүгіннен бастап бұл «Тарих әлемі» деп аталатын бөлімде саяхатымызды бастаймыз. Тақтаға «Тарихтың қайнар көзі-деректер» деп жазып қоямын. Алдын ала дайындап қарап қоятын жоғарыда айтылған көрнектіліктерге (үй тапсырмасын сұрағанда балаларды алаңдатпау үшін бұл көрнектіліктерді ашпалы-жаппалы тақтаның артына іліп дайындап қоямын) оқушылардың назарын аударады. Тақтада ілінген суреттер бойынша оқушыларға «Сендер тақтада ненің суреттерін көріп отырсыңдар?» деген сияқты сұрақтар қойып, жаңа тақырыпты түсіндіремін. Өтілетін жаңа оқу материалы бойынша жаңа тақырыптың жоспары тақтаға жазылады.
Тақырыптың жоспары: 1 Тарихи дерек көздері .
ә) Жазбаша деректер.
ә) Ауызша деректер.
б) Археологиялық деректер.
в) Этнографиялық деректер.
Бұл түсініктер мен ұғымдар оқушыларға бұрын таныс болмағандықтан алдын ала