Сабақтың мақсаты Қазақтандағы экологиялық проблемалардың асқыну себебін түсінуге жағдай жасау



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі415,38 Kb.
#27107
түріСабақ
  1   2
Сабақтың тақырыбы Қазақстандағы экологиялық проблемалар мен әлеуметтік – демографиялық үрдістер (1946 – 1991) 
Сабақтың мақсаты Қазақтандағы экологиялық проблемалардың асқыну себебін түсінуге жағдай жасау 
Базалық құзыреттілік Тарихи білім мен шығармашылықтарын арттыру және проблеманың шешімін таба білу, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыру 
Құрамды құзыреттілік Ақпаратты сызба түрінде беру 
Әдіс,амал,цикл «Балық сүйегі» тәсілін пайдалана отырып зейінмен жұмыс жасау 

№ КЛАССИФИКАТОР ҰЙЫМДАСТЫРУ 
Оқу тапсырмасы БЛЮМ бойынша оқу тапсырмаларының таксономиясы (деңгей) Уақыт (минут) Ұйымдастыру түрі \ бағалау түрі 
Сабақтың жалпы уақыты: 45 минут 
1 Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру 
-Арал теңізі, Семей ядролық полигоны территориясын, Балқаш көлі суреттерін үш топқа көрсетіп – ой түрткі жасау, ал 4-ші топ эксперт ретінде бағалау Білу 5-минут Жеке жұмыс 
Өзін-өзі бағалауы+ 
Мұғалімнің бағалауы 
Топтық жұмыс 
2 -Экология, демография сөзін қалай түсінесіңдер? Түсіну 5-минут Жеке жұмыс 
Топтық жұмыс 
Мұғалімнің бағалауы 
3 «Балық сүйегі» сызбасына экологияның адам өміріне, қоршаған ортаға зиянын жазып толтыру Қолдану 7-минут Топтық жұмыс 
4 «Демографиялық үрдіс» ассоциация жасау Талдау 8-минут Топтық жұмыс 
Мұғалімнің бағалауы 
5 Топтарға тапсырма беру 
1-топ Арал апаты 
2-топ Балқаш проблемасы 
3-топ Семей полигоны 
4-топ Экологиялық проблемалардың асқынуы Жинақтау 11-минут Топтық жұмыс 
Бірін-бірі бағалауы 
6 Бағалау парағына 
1.Арал теңізінің орналасқан жері 
2.Семей полигоны Қазақстанның қай жерінде орналасқан 
3.Адам денсаулығы үшін өте қауіпті, экологиялық тепе-теңдікті бұзатын өнеркәсіптер 
4.Қазақ жеріне көшіп келушілердің себебі 
5.2013 жылы Қазақстан халқының саны 

Бағалау 6-минут Өзін-өзі бағалауы 
Мұғалімнің бағалауы 
7 Өзіңді және өз жұмысынды бағала «Insert»-әдісі бойынша 3-минут Өзін-өзі бағалауы

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Айналадағы ортаның ластану жолдары, ондағы қоғамның рөлін қарастыру, қазіргі кездегі Қазақстандағы экологиялық мәселелер туралы білім қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, топпен жұмыс істеу, өз бетінше қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыта отырып, оқушы бойындағы шығармашылық, ізденімпаздық қасиеттеріне назар аудару және сабақта басқа пән материалдарын пайдалану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу, мәдени құндылықтар мен табиғатты қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың типі: Биология пәнімен кіріктірілген сабақ

Оқыту әдістері: Интерактивті әдістер, СТО технологиясының стратегиялары.

Оқыту тәсілдері: Ауызша баяндау, көрнекілік, практикалық тәсілдер, тест, жобалау тәсілдері.

Көрнекіліктер: Слайдтар, қосымша деректер, бейнежазбалар

Дидактикалық материалдар: Тесттер, кестелер. 
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру

ІІ. Қызығушылықты ояту (Жаңа сабаққа дайындық).
Сабақтың тақырыбын анықтау үшін бейнежазба көрсету: 
Nature of Kazakhstan. Mp4 (3 мин.9 сек.)
Балалар бұл бейнежазбадан не байқадыңдар? Дұрыс, табиғат, тіршілік, айналадағы бізді қоршаған орта. Тірі организмдер бір-бірімен және қоршаған ортамен байланыста өмір сүреді. Оны зерттейтін ғылым саласын – ЭКОЛОГИЯ деп атайды. Бүгінгі сабағымыз – «Қазақстандағы экологиялық проблемалар» деп аталады.

ІІІ. Мағынаны тану (Жаңа материалды меңгерту).
Сабақтың жоспары:
1. Экология ғылымы.
2. Қазақстандағы экологиялық проблемалар.
2.1. Семей полигоны.
2.2. Арал теңізі.
2.3. Ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар.
Осы жоспарға қарап сабақтың мақсатын айқындау.

Қазақстандағы экологиялық проблемалар туралы оқымас бұрын экология ғылымы туралы мағлұмат алайық. Ол ғылым туралы мағлұматты бізге алдын-ала берілген тапсырма бойынша __________________________________ таныстырып өтеді.

1. Экология ғылымымен таныстыру. 

І топ ІІ топ
1. «Экология» терминін ғылымға алғаш рет кім және қашан енгізді? 
2. Экология нені зерттейді? 
3. Экология ғылымының мақсаты. 1. Экологиялық факторлар деген не?
2. Экологиялық факторлар қандай топтарға бөлінеді? 
3. Экология ғылымының негізгі міндеттері.


Тақырыптың мазмұнын ары қарай ашу мақсатында өзіміздің Қазақстан тарихы оқулығын пайдаланып жұмыс жасаймыз. Ол үшін үш топқа бөлініп жұмыс жасаймыз. Алдын ала берілген тапсырмаға байланысты кезек өздеріңізге беріледі.

І топ ІІ топ Ортақ 
Семей полигоны Арал теңізі Ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар
1949 жылы 29 тамызда тұңғыш атом бамбасы сынақтан өтті. 
1949-1963 ж.ж. ауада 113 ашық жарылыс болды.
1964-1989 ж.ж. 343 жерастылық жарылыс жасалды.
Одақта болған сынақтың 70%-ға жуығы Семей полигонында өтті. Сырдария мен Әмудария өзендерінің суын пайдалануда ысырапшылдыққа жол берілді. Арал теңізінің суы тартылды.
Теңіз суы 3 есе азайды.
Су жағадан 80 км. дейін ығысып, деңгейі 49 м. белгіге төмендеді.
Теңіздің құрғап қалған табаны 30 мың шаршы шақырымға жетті. Ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Жамбыл, Өскемен, Теміртау т.б. 

Бейнежазба көрсету: 
Семей полигоны.mp4 
Cемей полигоны.mp41.mp4 
4 мин. 33 сек Бейнежазба көрсету:
Аралдың ажары кіре ме.mp4

3 мин Бейнежазба көрсету:
В Усть-Каменогорске стало нечем дышать ...
3 мин

І топ 
«Сандық көрсеткіштерге сипаттама бер» 
№ Көрсеткіштер Сипаттамасы
1 1949 ж. 29 тамыз
2 1949-1963 ж.ж.
3 1964-1989 ж.ж.
4 70%
5 3 есе азайды
6 80 км. ығысып, 49 м. төмендеді

ІІ топ 
«Сөздік көрсеткіштерге сипаттама бер» 
№ Көрсеткіштер Сипаттамасы
1 Капустин Яр
2 Бір реттік жарылыстар
3 Сырдария мен Әмудария
4 Арал теңізі
5 Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия
6 Ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар


Топтастыру стратегиясы:


Семей полигоны Арал теңізі Ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар
Әкімшіл-әміршіл басқару. Өндірушілік-шикізаттық бағыттың жалғасуы. 
«Қырғи қабақ» соғыс. Жаппай қарулану. 
Отаршылдық саясаты. Қазақ халқының болашағын бұлыңғырлату.


IV-кезең Ой-толғаныс.
Жабық тест орындау
Тест сұрақтары:
1.Қазақстан қай жылдары нағыз экологиялық апат аймағына айналды?
А) 1940 жылдардан бастап
В) 1945 жылдардан бастап
С) 1950 жылдардан бастап
D) 1955 жылдардан бастап
E) 1960 жылдардан бастап

2. 1949 – 1963 жылдар аралығында ауада жасалған жарылыс саны?
А) 113
В) 213
С) 131
D) 231
E) 311

3. Полигон зардабын тартқан Семей өңірімен іргелес жатқан өңірлер?
А) Атырау, Қарағанды, Өскемен
В) Қарағанды, Павлодар, Өскемен
С) Павлодар, Шымкент, Қарағанды
D) Өскемен, Алматы, Атырау
E) Қарағанды, Павлодар, Талдықорған

4. Капустин Яр атом полигоны қай өңірде орналасты?
А) Шығыс Қазақстан
В) Оңтүстік Қазақстан 
С) солтүстік Қазақстан 
D) Батыс Қазақстан
E) Орталық Қазақстан

5. Сырдария мен Әмудария өзендерінің суын пайдалануда ысырапшылдыққа жол берілуінің зардабы қай теңізге әсер етті?
А) Жерорта
В) Балқаш
С) Қара теңіз
D) Каспий
E) Арал
6. Арал теңізінің суы азайды:
А) 3 есе
В) 2 есе
С) 4 есе
D) 7 есе
E) 10 есе

7. Арал өңірінде экологияның күрт шиеленісуіне үлкен әсер етті:
А) «Капустин Яр» полигоны
В) «Байқоңыр» ғарыш айлағы
С) Семей полигоны
D) Қытайдағы Лобнор полигоны
E) Өскемендегі ірі кәсіпорындар

8. «Байқоңыр» космодромы қай жылдан бастап жұмыс істей бастады?
А) 1953 жылдан бастап
В) 1955 жылдан бастап 
С) 1957 жылдан бастап
D) 1959 жылдан бастап
E) 1951 жылдан бастап

9. Ірі қалалардағы экологиялық жағдайдың шиеленісуіне әсер етті:
А) Тұрғындардың көп болуы
В) Көпірлердің аз болуы
С) Саябақтар 
D) Ірі кәсіпорындар
E) Трамвай мен троллейбус

10. Өскемен қаласында орналасқан ірі кәсіпорын:
А) Мақта-мата комбинаты
В) Пресс автоматтары зауыты
С) Ауыр машина жасау зауыты
D) Кен-химия комбинаты
E) Қазмырыш комбинаты 


Тест жауаптары: 

1.С
2. А
3. В
4.D
5. Е
6. А
7. B
8. С
9. D
10.E 


Сұрақтар І қатар
Биология ІІ қатар
Қазақстан тарихы
НЕ? Тірі организмдердің өзара қарым-қатынасын және олардың сыртқы орта жағдайларымен байланысын зерттейтін ғылым (Экология) «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған ғарыш кемелерінен ауаға таралған улы қосылыс қалай аталады? (Гептил)
ҚАЙДА? «Экология» терминін ғылымға алғаш енгізген биолог Э. Геккель қайда дүниеге келді? 
(Германияда) Капустин Яр атом полигоны Қазақстанның қай өңірінде орналасты? (Батыс Қазақстан)
ҚАШАН? Атақты биолог Э.Геккель «Экология» терминін алғаш рет ғылымға қай жылы енгізді?
(1866 жылы) Семей атом полигоны Қашан жабылды? 
(1991 жылы 29 тамызда)
V. Қорытынды.

Бүгінгі сабағымызда биология пәні көмегіне сүйене отырып экология ғылымымен таныстық. Сонымен қатар тарих пәні арқылы Қазақстандағы экологиялық проблемалар туралы мағлұмат алдық. Бұл проблемалардың түп негізінде тарихи факторлардың бар екендігін анықтадық. Бірақ бұл проблемалар тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл Жер шарын, яғни Адамзатты толғандырып отырған өзекті мәселе екендігін түсіндік. 

Бейнежазба көрсету: Табиғатты аялайық.mp4

Олай болса ортақ үйіміз – Жер шарын қорғау бәріміздің борышымыз!

VI. Бағалау.

VII. Үй тапсырмасы:
§ 40 (175-177 беттер)
Тақырып бойынша 10 сұрақ құрастыру;
О.Сүлейменовтың өмірі мен қызметі туралы қосымша дерек.


Сабақ тақырыбы:

Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары

Сілтеме

Білім стандарты, география пәнінің Бағдарламасы, орта мерзімді жоспар

Сабақтың мақсаты:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулін пайдалана отырып, Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары туралы білім алады

Күтілетін нәтиже

  • Топпен бірігіп жұмыс жасайды;

  • Мәтін мазмұнын өздері меңгереді;

  • Кескін картамен жұмыс жасайды;

  • Өз ойларын еркін жеткізеді;

  • АКТ-ны тиімді пайдаланады

Тапсырмалар

«Ортада қаламсап», «өзара оқыту» стратегиясы , сәйкестендіру кестесі

Келесі тапсырма

§51 (оқу), өз елді мекеніңнің негізгі экологиялық проблемалары туралы эссе жазу

Дереккөздер

Қазақстанның физикалық географиясы 8-сынып, атлас, электорнды оқулық Мазбаев О.Қ. https://www.youtube.com/watch?v=m8U8d3bJIFU

Бағалау

Критериалды бағалау

 

Дағдылар

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Әдіс-тәсілдер

Білу

2 минут


 

 

 



2 минут

 

 



 

 

 



 

7 минут


Ұйымдастыру

«Шаттық шеңбері»

 

 

 



Топқа бөлу

4 суреттің қиындылары беріледі. Суретті біріктіру арқылы топқа бөлінуді және араларынан топ басшысын сайлауды ұсынады.

 

Өткенді еске түсіру

«Ортада қаламсап» стратегиясы

Мұғалім әр топ мүшелеріне қаламдарын ортаға қоюын сұрайды. Мұғалім таңдаған қалам иесі сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса топ мүшелері көмектеседі


  1. Табиғат ресурстарына нелер жатады?

  2. Табиғат ресурстары нещеге бөлінеді?

  3. Өз өлкеңде қандай табиғат қорлары бар және олар қалай пайдаланылады?

  4. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға қандай үлес қоса алар едің?

 

Жаңа тақырыпқа шығу

«Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары»



Оқушылар шеңбер жасап, өздерінің есімдерінің бас әрпінен басталатын сын есіммен тіркестіріп айтады

 

 



Оқушылар сурет қиындыларын біріктіріп, топқа бөлінеді . Топ басшысын сайлайды

Оқушылар қаламдарын ортаға қояды. Мұғалім қай оқушының қаламын таңдаса, сол сұраққа жауап береді.

Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету



Түсіну

2 минут


 

 

3 минут



 

 

 



 

 

10 минут



Электронды оқулық

 

 



 

«Өзара оқыту» стратегиясы

Мұғалім төрт топқа мәтінді бөліп береді. Мазмұнын түсінген соң өзара бір-біріне айтып талқыға салады

 

Постер қорғау



Берілген мәтін бойынша постер салып, қорғауды тапсырады

Оқушылар электорнды оқулыққа назар салады, тыңдайды

 

Оқушылар берілген мәтінді оқып шығып, топ ішінде талқыға салады. Өзара біріне-бірі түсіндіреді



 

 

Оқушылар мәтін бойынша өз ойларын постерге түсіріп, қорғайды.



Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану

 

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету



Қолдану

3 минут


Кескін картамен жұмыс

Ең ауыр жағдайда тұрған қалаларды кескін картаға түсіреді.



Кескін картаға Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен, Хромтау, Екібастұз, Қарағанды қалаларын түсіреді

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

 


Талдау

6 минут


Бейнеролик

«Қазақстанның тұрмыстық қалдықтармен ластануы»

Мұғалім оқушыларға осы бейнероликті талқылауды ұсынады


Оқушылар бейнероликке назар аударып, талқылайды

Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану

 


Жинақтау

2 минут


Электронды оқулықпен жұмыс

Оқушылар су,ауа, топырақ, ядролық жарылыс әсерінің адам ағзасына тигізетін әсері сәйкестік кестесін толтырады.

Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану

 


Рефлексия

3 минут


«Екі жұлдыз, бір тілек»

Мұғалім оқушыларға стикерлер арқылы 2 үсыныс, бір тілек жазуын сұрайды



Оқушылар стикерлер көмегімен ұсыныс, тілектерін жазады.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

 


Бағалау

3 минут


Мұғалім топ басшысына тақтада көрсетілген бағалау шкаласы арқылы қорытынды жасауды ұсынады

Топ басшысы топ мүшелерін критерийлерге сүйене отырып бағалайды

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Үйге тапсырма

2 минут


Мұғалім сабақты қорытындылап,  үйге тапсырма береді

§51 (оқу), өз елді мекеніңнің негізгі экологиялық проблемалары туралы эссе жазу



Оқушылар күнделіктеріне баға қойдырып, үй тапсырмасын жазып алады

 

Каталог: uploads -> doc -> 1288
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1288 -> Сабақ тақырыбы Ертегілер әлемі /Қорытынды сабақ/ Сілтеме
1288 -> Сабақтың түрі : аралас сабақ, Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау
1288 -> Сабақ жоспары №41-42


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет