Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар орындай алады



Дата20.06.2018
өлшемі52,82 Kb.
#44086
түріСабақ
Абулхайырова Маржангүл,

№ 26 С. Датов атындағы орта мектеп,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,

Атырау облысы, Атырау қаласы,

Ақжар ауылы

Салауатты өмір салты



Сынып: 7 «б»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

(оқу бағдарламасына сілтеме)

Ж5-оқылым мен тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады:

Оқылым мен тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін таба алады. Сабақта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Табылған тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырып қолдана алады. Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Білімді сыныптастарына түсіндіріп, оқулықтан тыс ресурстар қоса алады. Оқылым мен тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жаза алады.

Бағалау критерийлері:

*Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздерге ауыстырады
*Синонимдік қатарды орынды қолданып, жинақы мәтін жазады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

Салауатты өмір салтына қатысты айтылған ойға өз пікірлерін қоса алады. Авторлық баяндауды диалогке айналдырады, түйінді ой айтып, өз ойларын схема түрінде жеткізе алады.



Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Салауатты, есірткі, темекі, экология, гигиена, спорт

Диалог құруға /шығарма жазуға пайдалы кеңестер:

«Менің ойымша,,, «Себебі, мен оны ,,,деп түсіндіремін» «Оны мен ,,,деген деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын» «Осыған байланысты мен ,,, деген шешімге келдім»

Талқылауға арналған сұрақтар: --

-Денсаулық пен ақыл есті тонаушылар нелер?

-Зиянды әдеттер адам денсаулығына қалай әсер етеді?

-Саламатты өмір салты деген сөз қолданысын қайдан естідіңдер?

-Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?


Құндылықтарға баулу

Салауатты өмір салты туралы түсініктерін кеңейту. Зиянды заттарды қолданудың алдын алу және бірлікке ұмтылу қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету. 
3. Салауатты өмір салтын ұстануға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:

Өзін-өзі тану, әдебиет, бейнелеу

Алдыңғы оқу:

Денсаулықты сақтау-үлкен өнер.

Сабақ барысы

Жоспарланған

уақыт


Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


5 минут

Басы
Білу
Білгендерін еске түсірту, білмегендерін айқындау

3 минут




Психологиялық дайындық

Орнымыздан тұрып, кең тыныстап, қажетсіз энергияны бойымыздан алып тастаймыз.



Ширату жаттығулары

Топқа бөлу: «Денсаулықтың достары», «Денсаулықтың жаулары», «Тілектер» жазылған тірек сөздерді дұрыс орналастыру арқылы топқа бөлемін.

1-топ. «Денсаулықтың достары» а) көңілді жүру ә) дұрыс тамақтану б) таза ауа в) дұрыс ұйқы г) демалу ғ) тазалық д) шынығу

2-топ. «Денсаулықтың жаулары»

а) дұрыс тамақтанбау ә) салақтық б) темекі, арақ в) күн тәртібін сақтамау г) ашушаңдық ғ) жалқаулық

3. «Тілектер»

а) спортпен айналысайық ә) ауырмайық б) бақытты болайық в) ұзақ өмір сүрейік г) көңілді болайық ғ) тазалықты сақтайық д) зиянды әдеттерден сақ бол



Неліктен өздерің таңдаған сөздер мен сөз тіркестерін «денсаулықтың достары» немесе «денсаулықтың жаулары» деп таныдыңдар?
Бағалау:

Бағалау: Жұлдызша тарату арқылы






Ортасы

түсіну

Білмейтін затына, терминге, ұғымға деген қызығушылықты арттыру

3-минут
Сабақтың оқу мақсаты Ж/5-пен таныстырамын
Қолдану

Өз тәжірибесін пайдалануына жағдай жасау


3 минут


Талдау

Кешегі білімі мен бүгінгі білімін салыстыру,талдау жасау.



10 минут

4 минут


« Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі

2 минут

2 минут
4 минут


Жинақтау

Өзінің бүгінгі жинақтаған тәжірибесі негізінде сұрақтар туындатып, ойды жинақтап, түйін түю

4 минут
соңы


Сабақтың тақырыбын жазғызу



Салауатты өмір салты.
Ой шақыру.

1.Осы салауатты өмір салты деген сөз қолданысын қайдан естідіңдер? 2. Ол қандай ұғымдарды қамтиды?



Слайдтан салауатты өмір салтына байланысты Н.Ә. Назарбаевтың жолдауын көрсету.
1-тапсырма. Жеке жұмыс

Тыңдалым / Мәтіналды тапсырма:«Сөздер банкісі» әдісі



Тақырыпқа қатысты және қатысты емес тірек сөздер жазылған үлестірме таратылады. Топтар тақырыпқа қатысты сөздерді таңдап «Біздің тақырып» банкісіне салады. Қатысы жоқ сөздерді «Сөздер қоржынына» салады.

2 минутта 7-8 –ден артық тірек сөздер мен сөз тіркестерін тапқан оқушылардан сұралатынын ескерту.

Бағалау: Мұғалім жапсырма жұлдызшалар тарату арқылы оқушылар жетістігін айтып өтеді.

Керекті тірек сөздер: табиғат, домбыра, тағзым, жеңіс, қыран, көшпелілер, қымбат, қозғалыс, күйзеліс, алтын түймелер, жәдігер, зиянды әдеттер, ғұндар, жанартау, төзімділік, адамгершілік қасиеттер, насихаттау, ғаламшар, салмақтың артуы.


Критерий

Дескриптор

1. Мәтінге қатысты тірек сөздерді табады.

2.Тапқан сөздердің қажеттілігін дәлелдейді.





Мәтінге қатысты тірек сөздерді таба алады.
Тапқан сөздердің қажеттілігін дәлелдей алады.



Мәтінді тыңдату Салауатты өмір салты

2-тапсырма. Жұптық жұмыс

Тыңдалым,оқылым кезіндегі тапсырма

1. Мәтіндегі негізгі ой қандай? Не туралы айтылған? (ауызша)

2. Мәтіннен тірек сөздерді теріп жаз.

3. Жұбыңмен ақылдаса отырып, тапқан тірек сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздерге ауыстырыңдар..

Жұптар бір-біріне дәптер алмастырып, бірін-бірі бағалау парағы арқылы бағалайды

Сұрақ: Жұппен жұмыс жасау саған ұнады ма?


дескриптор

4-8 сөз


8-10 сөз

10-нан жоғары

Барлығы




1 ұпай

2 ұпай

3 ұпай




Тірек сөздер мен сөз тіркестерін табады













Синоним сөздерге ауыстырады













Оқушының аты-жөні: --------------------------- -----------.



Есте сақта!

Жинақтау – мәтінді қайта өңдеудің негізгі түрі. Белгілі бір іс-әрекет түрлері арқылы бастапқы мәтінді өңдеп, жаңа жанр түрлерін – тезис, конспект, аннотация, реферат, резюме құрастыруға болады. Ол үшін бастапқы мәтін мазмұнын және мәтін бөліктерінің өзара мағыналық байланысын дәл, нақты түсіну қажет.

Жинақы мәтін – бастапқы мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпараттарды сақтай отырып, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу.

Мәтінді толықтай түсіне отырып, мәтіндегі негізгі ойды басқа формамен бекіту процесі.

Түпнұсқа мәтін өңдеу барысында жинақы мәтінге айналады.

Жинақтау – тыңдалым және оқылым материалдары негізінде жүргізіледі.

Жинақы мәтін түрлері:


  • Диалог

  • Тезис

  • Аннотация

  • Презентация

  • Конспект

  • Кесте

  • Схема

  • Тезистік жоспар

  • Ықшамдалған мәтін

Мысалы: берілген ақпараттарды ықшамдап кестеге түсіру; авторлық баяндауды диалогке айналдыру; диалогтен баяндау мәтінін құрастыру; мәтінді тірек сызбаға айналдыру; ақпарат желісін сақтап, тезис түрінде беру, т.б..

3-тапсырма Топтық жұмыс «Вагон құрастыру»

Топпен ақылдаса отырып,ең көп құраған синонимдік қатарын сыныпқа жариялау,
Тыңдалым, оқылымнан кейінгі тапсырма
тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, тыңдалым мәтіні бойынша жинақы мәтін жазу.
1-топ: Бірінші абзацты тезис түрінде беру.

2-топ: Екінші абзацтағы авторлық баяндауды диалогке айналдыру;

3- топ: Үшінші абзацтағы ойды тірек сызбаға айналдыру.
Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»



Критерий

Дескриптор

Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жаза алады.


  1. Тірек сөздерді анықтай алады

  2. Тірек сөздердің синонимін таба алады

  3. Синонимге айналған тірек сөздер арқылы жинақы мәтін құрастыра алады;


Кері байланыс
«Попс формуласы»
Бірінші сөйлем «Менің ойымша,.....»
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін....»

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен дәлелдей аламын....»

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»


Бағдаршам түстері арқылы

«Қызыл»-сәйкес емес

«Сары» -жақындау «Жасыл»-сәйкес









Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі).

Жаңа ақпаратты қолдану мен түрлендіру арқылы функционалды сауаттылығын қалыптастыруға негізделген белсенді тапсырмалар берілді. Қабілетті оқушылар топты ұйымдастыра алды. Берілген тапсырманы нақты орындайды. Топқа көмек бере алды.

« Екі жұлдыз, бір тілек»

«Бас бармақ»


«Үш шапалақ»

География, тарих, әдебиет, бейнелеу пәндерімен байланысты. Патриоттық, достық қарым -қатынас, білімге құштарлық, өмір бойы оқу.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?)



Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?

Жүрегімен, ойымен сезініп оқиды, мәнін түсінеді.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет