Сабақтың мақсаты: Бейорганикалық және органикалық заттардың тіршілікке маңыздылығы мен қызметін бағалау. Тақырып



Дата07.02.2022
өлшемі19,49 Kb.
#92270
түріСабақ
Байланысты:
Биология ЮК-20-01 03.09.2020 (2)
Физика ЮК-12 27.04.2020 (2), Физика ЮК-12 27.04.2020 (2), Физика ЮК-12 27.04.2020 (2), Физика ЮК-12 27.04.2020 (2), Физика ЮК-12 27.04.2020 (2), Физика ЮК-12 27.04.2020 (2), Физика ЮК-12 27.04.2020 (2), Физика ЮК-12 27.04.2020 (2), Физика ЮК-12 27.04.2020 (2), Физика ЮК-12 27.04.2020 (2), Физика ЮК-12 27.04.2020 (2), Физика ЮК-12 27.04.2020 (2), Физика ЮК-12 27.04.2020 (2), Физика ЮК-12 27.04.2020 (2), Физика ЮК-12 27.04.2020 (2)

Пән атауы: Биология Ф.4.10-03
Дайындаған оқытушы: Ешимжанов Е.Ш.
03.09.2020 ж.
Курс: 1, Тобы: ЮК-20-01
Сабақтың мақсаты: Бейорганикалық және органикалық заттардың тіршілікке маңыздылығы мен қызметін бағалау.
Тақырып: Көмірсулардың жіктелуі.


Көмірсулардың құрамы. Көмірсу молекулаларының құрамына көміртек, оттек жөне сутек атомдары кіреді (С, О, Н). Көмірсулар — органикалык заттардын ішіндегі аса маңызды қосылыстардың бірі, олардың жалпы формуласы — СП2О)„. Көптеген көмірсулардың молекуласыньң құрамындағы сутек атомдары, көміртек атомдарынан екі есе көп болатындықтан, оларды көмірсулар деп атаған. «Көмірсу» деген терминді ғылымға 1844 жылы орыс ғалымы К.Шмид енгізген. Көмірсулар табиғатта көп таралған. Кейбір өсімдіктердің жемістеріндегі құрғақ зат массасының 80—90%-ы, ал жануарларда 1—2%-ы көмірсулар үлесіне тиеді. Көмірсулар биополимерлерге жатады. Олар: қарапайым және күрделі болып екі топка бөлінеді. Қарапайым көмірсуларға: моносахаридтер, ал күрделі көмірсуларға полисахаридтер жатады. Моносахаридтердің атаулары — молекуласындағы көміртек атомы санының артуына байланысты. Мысалы, триоза (3 көміртек атомы), тетроза (4), пентоза (5), гексоза (6) жене т.б.
Триозаның өкілдеріне сүт қышкылы мен пирожүзім қышкылы жатады. Олар тірі организмде жүріп жаткан ашуға қатысады.
Тетрозаның өкілі — эритроза организмде жүріп жаткан зат алмасу процестеріне, яғни фотосинтез процестерінін аралык заты ретінде қатысады жөне көмірсу молекуласының сақиналы формасының түзілуінде де манызы зор.
Пентозаның өсімдіктер мен жануарлар жасушасында кеңінен таралған түрлері — рибоза жене дезоксирибоза. Олар нуклеин (ДНҚ) мен (РНҚ) молекулаларының және (АТФ) құрамына кіреді. Нуклеин кышқылдарының дезоксирибонуклеин жене рибонуклеин кышкылдары деп аталуының өзі осы пентозаның түрлеріне байланысты.
Табиғатта гексоза кеңінен таралған. Оларға: глюкоза, фруктоза және галактоза жатады. Гексозаның жалпы формуласы: С6Н12О6. Гексоза тобына жататын моносахаридтердің ішіндегі ең кеп таралғаны — глюкоза. Жүзім қанты — глюкоза бос күйінде өсімдіктің жемісінде (әсіресе жүзім шырынында), гүлінде жөне т.б. мүшелерінде, қанда, ми ұлпасында және т.б. болады. Ол организмдегі энергияның негізгі көзі болып есептеледі. Глюкоза — қан плазмасының тұракты заты, оның мөлшерінің кеміп не артып кетуінен организм кауіпті ауруларға ұшырайды. Глюкоза жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездерінің жұмысын реттеуге де қатысады.
Фруктоза да табиғатта көп таралған. Ол жеміс шырынында, балда жөне қант қызылшасының құрамында көп мөлшерде болады.
Галактоза — глюкозаның изомері. Ол сүт қантының — лактозаның және кейбір полисахаридтердің құрамына кіреді. Галактоза бауыр жене кейбір мүшелерде ферменттердің әсерінен глюкозаға айналады.
Моносахаридтер—суда жақсы еритін, тәтті дәмі бар, түссіз заттар. Олардың мономер бунақтары артқан сайын ерігіштігі нашарлап, тәттілігі кемиді.
Күрделі көмірсулар. Сахароза (кызылша немесе кант камысы) — дисахаридтердін ішіндегі ең маңыздысы, оның жалпы формуласы: С12Н22О11. Сахароза табиғатта өте кең таралған. Ол өсімдіктердін тұкымында, жемісінде, тамырында көп мөлшерде болады. Сонымен катар адам мен жануарлардың қоректік заттарының кұрамында көп кездеседі, суда жаксы ериді. Тамақ өнеркәсібінде сахарозаны қант қызылшасынан және қант қамысынан өндіреді. Табиғатта көп таралған полисахаридтерге: крахмал, целлюлоза және бауырда түзілетін жануар қанты — гликоген, т.б. жатады.
Крахмал — өсімдіктердің негізгі көмірсу қоры. Ол өсімдіктердің жапырағында, сабағында, түйнегі мен тұкымдарында көп мөлшерде болады. Мысалы, бидай ұнында 75—80%, картопта 25% крахмал бар. Крахмал ыстық суда жақсы ериді, оны тұрмыста крахмал желімі (клейстері) деген атпен пайдаланады.
Целлюлоза — өсімдіктердің жасушаларының қабығының негізгі құрамды бөлігі. Мақта талшығының 95—98%-ы, ағаш сүрегінің 40— 50%-ы, жасыл жапырактың 10—25%-ы целлюлозадан тұрады.Өсімдіктерге беріктік, тірек қасиетін беретін талшыктар целлюло­задан тұрады. Сол сияқты целлюлоза өсімдік жасушасының мембрасында көп кездеседі. Гликоген де глюкозаның қалдықтарынан түзілетін полисахарид.
Адам мен жануарлардағы көмірсулардың негізгі коры, жасуша цитоплазмасында, негізінен, бауыр мен бұлшық етте жинақталады. Сондай-ак кейбір жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың құрамында да болады. Егер организмде глюкоза жетіспесе, қорға жинақталған гликоген бүйрек үсті безінен бөлінетін адреналин ферментінің әсерінен суда жақсы еритін глюкозаға айналады: С6Н12О6
Көмірсулар — жасушаның барлық тіршілік әрекетіне жұмсалатын энергия көзі, құрылыс материалы және қоректік зат. Жасушада үнемі жүретін тотығу реакцияларының нәтижесінде олар қарапайым заттарға (СО2 және Н2О) дейін Көмірсудың 1 г молекуласы ыдырағанда, 17,6 кДж энергия түзіледі. Барлык өсімдік жасушасының мембраналары целлюлоза молекуласынан тұратындықтан, ол құрылыс материалы қызметін аткарады. Сонымен қатар целлюлоза жасушада жүретін көптеген биосинтез реакцияларына қатысады. Полисахаридтер өсімдік жасушалары үшін тірек кызметін аткарады.Көмірсулар сондай-ак организмде кор ретінде жинакталады. Мысалы, өсімдік жасушаларында крахмал, ал жануарлар жасушаларында гликоген түрінде болады.

Үйге тапсырма. Конспектілеу.
Мына сөйлемдерді толықтырыңдар.
Полимер молекулаларын_________кұрайды. Көмірсулардың мономер леріне________ жатады.Олардың молекулаларына___________атомдары кіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет