Сабақтың мақсаты: Білімдік: күз тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтауға жаттығулар жасау



Дата17.06.2018
өлшемі36,5 Kb.
#42636
түріСабақ
Биманова Жубатхан Абдазиевна

Ақтөбе қаласы №18орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Тіл дамыту сабағы

Тақырыбы: «Күз маған ұнайды».

Сабақтың мақсаты:

1. Білімдік: күз тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтауға жаттығулар жасау.

2.Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында сөзжұмбақ, тексеру жұмыстарымен жұмыс жүргізу; сөйлеу қабілеттерін дамытуға мәтін, ойын суреттеу жұмысын қолдану.

3. Тәрбиелік: табиғатты сүюге, қорғауға, әсемдікке, ұтқырлыққа, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: бекіту.

Сабақтың әдісі: іздену, сұрақ – жауап, әңгімеулеу.

Көрнекілігі: «Күз» тақырыбына сюжетті суреттер, сөзжұмбақ, жаңылтпаш жазылған плакат.



I. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Тренинг. Сөйлеу аппараттарын қазақ тіліне бейімдеу.

Ұ,Ү + қатаң дауыссыздар.

ә) сөз, сөз тіркесі, сөйлем ойлату. Мысалы: Күз. Күз айлары. Күзде күн суытады.

2) Жаңылтпаш.

Үміт түбіт түтті.

Түбітті түтіп бітті.

Ұшты, ұшты, кім ұшты?

Қысқыш ұшты, қыш ұшты.

Қышқыш ұшпас, қыш та үшпас.

Ұшса ұшар, құс ұшар.

Қашан қысқыш, қыш ұшы.

2. Қызығушылығын ояту.

Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Өңі тайып,

Дала нұры қашады.

Айтыңдаршы, балалар,

Бұл қай кезде болады?II.Мағынаны тану.

-Күз белгісі неде?

-Жапырақтар сарғаяды.

-Құстар қайтады.

-Күн суытып, жаңбыр жауады.

-Жеміс-жидектер піседі.

-Мақтамыз теріледі,т.с.с.



2.Мәтін«Күз маған ұнайды».

2.1.Сөздікпен жұмыс.салқын–прохладно,бұлкезде –в это времякүнқысқа, түнұзақ-дни короче,  ночи длинные

молшылық-богатство,қысқаәзірлік-подготовка к зиме,көкөністер-овощи

2.1.Мәтінді оқу.

Жылдың төрт мезгілі бар: қыс, көктем, жаз және күз. Қыста күн аяз, жазда ыстық, күзде салқын күндері жиі болады. Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Күзде аспан бұлтты, жаңбыр жиі жауады. Күн суытады. Тұман түседі. Күндіз күн жылы, түнде суық болады. Күзде ағаштың жапырағы сарғаяды. Шөптер мен гүлдер солады. Жемістер және көкөністер піседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

2.3.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

2.4.Мәтінді мазмұндау.

III.Білген сайын келеді, біле бергім.

1.Мәтінмен жұмыс. Мәтін «Күз маған ұнайды». Топқа бөлу.

1-топ.1. Сурет бойынша сұрақтар құрып, әңгімелейді.(оқушылар өздері дайындап келген суреттер).

1. Күзде күн қандай болады 2. Күзде бақта нелер піседі?3. Күзде не көп болады? 4. Күзде жапырақтар қандай болады? 5. Күзде жаңбыр жауа ма? 6. Күзде нелер солады?

2-топ. Тексеру жұмысын орындайды.

1.Сөйлемдер мәтінге сәйкес келе ме?

а) Күзде аспан ашық, бұлтсыз болады.

ә) Күзде жаңбыр жиі жауады.

б) Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.

в) Шөптер өсе бастайды.

1-топ. Берілген сөйлемдерді аяқтаңдар.

а) Күзде ... .

ә) Күз айлары ..., ..., ... .

б) Күндіз күн ... .

в) Күн ... .

2-топ. Қазақшаға аударыңдар.

а) Становится прохладно.

ә) Желтеют листья.

б) В теплые края.

в) Спеют овощи и фрукты

IV.Сергіту сәті. Ойын. Тез әрі жылдам.

Ойынның шарты: Үш әріптен тұратын сөздің бірінші, екінші, үшінші әріптерін өзгерте отырып, бірнеше сөз таптарын құрау.

Ойынның мақсаты: 1. Ойлау қабілетін дамыту.

2. Өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.



V. Кластер құрастыру. Сөздер: жапырақтар, құстар, піседі, жинайды, жемістер, көкөністер, сарғаяды, түседі, ұшады, күн, жаңбыр, суытады, жауады.

Пятно 1 1

VI. Үй тапсырмасы. Сөзжұмбақ құру, ребус салып келу және шығарма жазу.

VII. Бағалау. Оқушылардың жетістігі мен кемшіліктерін айта отырып, бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет