Сабақтың мақсаты: Білімдік



Дата20.06.2018
өлшемі22,51 Kb.
#43342
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.

Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Ұяда не көрсең ұшқанда соны аларсың туралы ұғым беру.Отбасының әр қайсысының өзінің орнын түсіндіру. Өзіміздің отанымыз және тәрбиеміз жайында мағлұмат беру.
Дамытушылық: Алған білімдері бойынша тұжырым, қорытынды шығара білу қабілеттерін дамыту. Сын тұрғысынан қисынды ойлау біліктілігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өзара сыйластыққа біріне бірі қамқор жасай білуге,үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2.Психологиялық дайындық:

Отан-туған үйіміз

Отан-туған жеріміз

Отан-ортақ үйіміз

Көтеріңкі біздің көңіліміз.

Аса қадірменді біздің ұстаздарымыз және ата-аналарымыз бүгінгі біздің «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің»тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.Біздің бұл тақырыбымызда отбасындағы тәлім-тәрбиеге көңіл бөліп біздің келешек ұл-қыздарымыздың тәрбиеліде инабатты және елімізді қорғайтын ер азамат болуын үйрету барысында жұмыстар жүргізу.3-сынып оқушыларының «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымыздың Сіздерге бағдарламамызды ұсынамыз.

1 .Әнұран орындалады.


2 .Музыкалық мантаж

1. Гауһар Көп жасаған қария,

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі соқпақ сөзі нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.



2.Жангүл Аялап менң күгесің,

Аямай менен барыңды.

Сөздерің айтып жалынды

Күш қуат бергенсің.

Мейіріммен ықыласқа

Толған еді кеудем шың,

Қызыл диплом алдың деп

Асты-үстіме түскенсің

Демалшы деп аялай

3.Несібелі Туған күнім келгенде,

Жинап едің танысты.

Қалмаңдар деп қалысты,

Мақтанышы қызымның.

Қызыл дипломды баршаға,

Тойлап береиін бәріңе.

Молайып жеңіс бұдан да,

Білікті мықты маман болып,

Болып шықсын дәрігер.

Деген сөздерің жадымда,

Сақталды мәңгі анашым.

Өмірдегі қиындықтан,

Ақылшым менің данасың.

Мен анамды ұғындым деп мақтанам,



4.Перизат

Тілін білдім жырын білдім сақтаған,

Өз анасын сыйламаған пақырлар.

Отанын сыйлап көрген жоқ балам,

Ұлым менің бұл сөзіме бағарсың.

Жанар кезде өзің де от боп жанарсың,

Менің қазақ жүрегімді ал,тілімді ұқ.

Ал басқасын өзің тауып аларсың.



5.Елнұр

Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсындай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағында қысылмай.

Үмітіңдей көзіме,

Көп қарайсың үңіліп.

Еркелеген сөзімде,

Ертеңіңіз тұр күліп.

3.Вальс. Жаным әкем. Орындайтындар: Ұл-қыздар тобы.

4.Музыкалық мантаждар.

6.Бекболат

Ерте кетіп жұмысқа,

Үйге кештетіп қайтатын.

Болған күндіз құрылыста,

Қызықтарды айтатын.

7.А.Аслан

Кішкентайы-мен үшін,

Тағат,байыз таппайтын.

Не жемесін не ішсін,

Менсіз тағам татпайтын.

Шомылдырып кешкісін,

Мен жатпасам жатпайтын.

8.Балнұр

Жаз келісімен күн қызып,

Машинасын жүргізіп .

Барлық көрші баланы,

Маған қоса мінгізіп.

Аралайтын даланы,

Қыдыртатын қаланы,

Әкем менің қандайды.



9.Сымбат

Қарағанда басқаға,

Қызықты көп бастайтын.

Күнде ертемен бақшаға,

Мені апарып тастайтын.

Талай-талай істерде,

Үлгі болар біздерге.

Ағам менің қандай-ды,



10.Нүрислам.

Төрт жас үлкен өзімнен,

Оқи жаза білетін.

Мені титтей кезімнен,

Ойнатуды сүйетін.

Кітабынан кіл қызық,

Әңгіме оқып беретін.

Әпкем менің қандай-ды.



5.Ән.Әке.Орындайтын: Медеу Саят,Қалдыбай Елнұр.

6.Музыкалық мантаждар.

11.Сымбат.

Қипақтайтын қит етсе анаң –әкең,

Қайтсем ғана осыны адам етем.

Басқалардың осындай балалары,

Тап осындай жаңғалақ шала мекен.

Ойым емес оллахи біздікінің,

Енжарлығы елде жоқ ала бөтен.

Туа сала тұлпардың жалын тартқан,

Қырғиларға қызығып қарап өтем.

Жарық сыйлап,маңына жылу сыйлап,

Бұл да бір күні алаулап жанар мекен.

12.Дінмұхаммед.

Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау,гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем

Отан.Отан.

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.



13.Нұрай.

Ұсақ болма ірі бол,

Өз ортаңның гүлі бол.

Ата-анаңның гүлінің,

Сөнбейтұғыннұры бол.

Кім болсаңда әйтеуір,

Азаматтың бірі бол.

14.Арай.

Анаң саған керек болса,

Балағада сен керек.

Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек,

Ана керек адамдар ана керек адамға.

Анасыздар күн кешіп жүр ғалымда,

Пікірімді ұнатпаған шаттыққа бер дананы,

Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.



15.Саят.

16.Аслан.

Титтей бөбек кезімнен,

Әлдилеген емізген.

Еркелетіп күлгізген,

Алғаш апа дегізген.

17.Мейрамкүл.

Атамнан басталар

Әжемнен қосталар

Отбасым мыналар:

Ең жақсы адамдар

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бір туған апам бар

Бәрін жақсы көремін,

Еркелеймін, еремін.



7.Пародия.Орындайтын. Қалдыбай Елнұр және жігіттер тобы.

8.Қазақша би. Орындайтын «Жауқазын»би тобы.

Сонымен бүгінгі «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің»атты ашақ тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

Ойға тоқы парқын кез

Ата сөзі алтын сөз


Отансыз адам

Ормансыз бұлбұл

Отбасы алтын бесік

Тәрбие тал бесіктен басталады

Әке-асқар тау

Ана кәусар бұлақ

Бала жағасындағы құрақ

Анаға қарап қыз өседі

Әкеге қарап ұл өседі



Отан от басынан басталады.
«Ұяда не

көрсең ұшқанда соны ілерсің»
Каталог: uploads -> doc -> 05ec
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05ec -> Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова Гүлмира Кеңесқызының 1 “А” сыныбына (30. 10. 16) дүниетану пәнінен
05ec -> Ырғақ – балалардың қабылдауын қозғалыс-қимыл арқылы белсендіретін сазды-педагогикалық тәртіп. Төменгі мектеп жасындағы балалар
05ec -> Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы – Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді
05ec -> Сыныбы: 1''ә'' Әдіскер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет