Сыныбы : 6 А
Тақырыбы : Сарматтар . Сарматтар туралы деректер .
Сабақтың мақсаты.
Білімділік : «Сармат » ұғымы, Сармат тайпаларының сақ , скиф
тайпалрымен туысқан , көшпелі халық болғандығы және
Қазақстанда ескерткіштерінің ерекшеліктері, Орталық Азия мен
Қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырушы тайпалар
болғандығы туралы айту .
Дамытушылық : Сарматтардың ежелгі заманда немен айналысқандығы
туралы сұрақтар қоя отырып, оқушының ойлау қабілетін дамыту .
Оқушыны ізденіске жетелеп, сабаққа деген қызығушылығын
арттыру .
Тәрбиелік : Сарматтардың Батыс Қазақстандағы ескерткіштерге әсіресе әр
түрлі әшекей заттарға оқушылардың назарын аударып, оларды
өнерге , сол өнерді дамытқан адамға құрмет сезіміне тәрбиелеу .
Сабақтың типі : Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ- жауап, ауызша баяндау
Көрнекілік Ежелгі Қазақстан картасы , оқулық , слайд , электронды
кұралдар : оқулық , бағалау парағы т.б.
Сабақтың барасы : І. Ұйымдастыру кезеңі .
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
І. Оқушылармен сәлемдесу .
Оқушыны түгендеу .
Оқушыларды екі топқа бөлу (І,ІІ ) .
ІІ. «Шыңға шығу » ойыны (сұрақ –жауап )
Сұрақтары :
1)
2)
3)
4)
5)
6)
2. «Сандар сыры » (оқушы әр бір ұйяшықтан сұрақтар таңдай отырып,
ұпай жинайды )
Ғұндардың шаруашылығының негізгі түрі . ( мал шаруашылығы ).
Ғұндардың билеушісі ( шаньюй ).
Ғұн тайпалары қай тілде сөйледі ? (көне түрік)
Ғұндардың қоғамы неше руға бөлінді ? ( 24)
Ғұндардың Қазақстанға қоныстануын кім басқарды ? (Мөде)
Ғұндар туралы деректерді кім жазды ?(Аммиан Марцелен )
Ғұндардың баспаналарының түрі : ( киіз үй )
«Полихромдық стиль» деп аталатын зергерлік өнерді кімдерден қабылдады ? ( шығысЖерорта теңізі елдерінен )
Қытай императоры ғұндар шабуылынан қалай қорғанды ?
(Ұлы Қытай қорғанын салды )
3. Сызбаны аяқта
Ғұндардың қоғамдық құрылысының ерекшелігі :
Әлеуметтік теңсіздік .
Ғұндарды ақсақалдар кеңесі басқарды .
Билік атадан балаға берілді .
Құқық қорғау жүйесі болды .
4.Ғұндардың әшекей бұймдарының суретін тексеру .(оқушыларға алдын ала берілген тапсырма ).
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау .
ІҮ . Жаңа сабақ .
Жоспары :
Сарматтар туралы деректер .
Орта Азия және Босфор мемлекетімен байланысы.
Сармат Ескерткіштері .
Электронды оқулықыты қолдану .
Сармат тайпалары – Орал , Тобыл өзендерінің солтүстік ағыстарынан бастап Ембі өзені мен солтүстік Каспий құмдарына дейін, Мұғалжар тауларынан бастап Дон өзеніне дейін кең аумақты мекендеген. Өз тарихының соңғы кезеңінде олар Донды өтіп, скифтерді ысырады. Бұл скифтер мен сақтарға туысқан көшпенді малшылықпен айналысатын тайпалардың бірі. Қазірге дейін оларды скиф немес сақтармен байланыстыру туралы мәселе шешімін тапқан жоқ.
Негізгі мекені Орал мен Еділ өңірінің далалары болды. Олар жан-жаққа тарайбастаған және жауланған халықтардың мәдениетін сіңіріп алды. Жазбаша деректерде бұл халық туралы мәліметтер аз .
Сарматтар құрамында роксландар, аландар , аорстар , сирактар тайпалары өмір сүрген .
Тарихи деректерде алғаш кезде б.з.б 8 ғасырда Сарматтарды – Савроматтар деп атаған .
Савроматтар жөнінде Диадор , Үлкен Плиний , Полибий жазып кеткен.
Сарматтар Батыс Қазақстан жерінен біртіндеп жаулап Қара теңіздің солтүстік аймақтарына дейін жетті
Қара Теңіз аймағы
Орталық Азия
Алдыңғы Азия ,Солтүстік Кавказ ,Парфияға жаулаушылық жорықтары жасады
Сарматтар скиф тіліне жақын сөйлеген
Дах- массагет , иседондармен туыстас келді
Сарматтар
Сарматтардың саны б.з.б 3-2 ғ-да 20 мың, б.з.б 2-1 ғ-да 10мың б.з.-дың-1 ғ-да 5-7 мың адам болған
Басқа тайпалармен араласып , бірқатары отырықшылық салтқа көшкен
Арал- Каспий теңіздері аралығында б.з.б 1 мыңжылдықтың орта шенінде мекендеген тайпалар туралы Герадоттың , прасы птшасы Ксеркстің жазбаларына сүйнетін болсақ , бұл өңірде дах (дай ,даг ) , сақ – массагет тайпалары өмір сүрген деп жазады .
Дайлар бірнеше ру – тайпалардан тұрған .Б.з.б 248-247 жылдары дайлардың апран тайпасынан шыққан Арсақ бастаған көшпелілері Парфияның үлкен бөлігін және Гирканияның онымен шектес аймақтарын басып алған . Сөйтіп, олар бұл елде Аршакидтер әулеті билігінің негізін салған.
Сармат ескерткіштері
Сарматтатрдың ескерткіштері Жайық, Елек, Жем өзендерінің алқабында табылған.
Обалар бір-біріне ұқсас болған. Обаның биіктігі1,5-2 м, көлемі 20-26 м болған . Обаға адамның қабірін әлеуметтік жағдайына байланысты жерлеген.
Ү.Бекіту .
Қалып қойлған сөздерді тауып , мәтінді толтыр :
«Сарматтар»деген жұрттың аты көне авторлардың еңбегінде бастап кездеседі .
Ежелгі грек тарихшысы Герадоттың хабарлауынша , савроматтар тілінде сөйлеген .
Сарматтар мен туыстас келеді .
ҮІ. Қорытынды .
ҮІІ. Үйге тапсырма : оқу . қосымша материалдар жинау .
ҮІІІ. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |