ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ШЕШЕНДІК СӨЗ
Турысбекова Жанар Кажимовна,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы,
«Үржар колледжі» КММ
Үржар ауданы,Шығыс Қазақстан облысы
Сабақтың мақсаты:білімділік-әлеуметтік- саяси шешендік сөз туралы ұғымдарын қалыптастыру;
дамытушылық-жаңа білімді игеру арқылы шешендікке баулу,өзіндік көзқарас қалыптастыру;
тәрбиелік-шешендік сөз өнеріне баулу,ұлттық сананы қалыптастыру.
Сабақтың түрі:жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі:сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд,қанатты сөздер.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуын,дәрісхананың тазалығын тексеру.
Үй тапсырмасын пысықтау.
1.Әлеуметтік –тұрмыстық шешендік сөз дегеніміз не?
2. Әлеуметтік –тұрмыстық шешендік сөзге қойылатын талаптар қандай?
3.Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздің түрлерін атаңдар.
Жаңа сабақ. Әлеуметтік-саяси шешендік сөз.
Стилі-публицистикалық,ресми,ғылыми.
Тілдік құралдары-терминдер мен деректер,түрлі сілтемелер,дәйексөздер,афоризмдер,қанатты сөздер,ақыл-нақыл сөздер,қаратпа,қыстырма сөздер.
Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.
I деңгей тапсырмалары.
1.Әлеуметтік-саяси шешендік сөздің үлгілерін қандай ортада кездестіреміз?
2. «Мен үлгі тұтқан шешен» тақырыбында ойтолғау жазу.
II деңгей тапсырмалары.
1.Әлеуметтік-саяси шешендіктің мемлекет саясатын түсіндірудегі орны қандай деп ойлайсыңдар?
2.81-тапсырмадағы шешен тіліндегі өздеріңе ұнаған сөз оралымдарына тілдік талдау жасаңдар.
III деңгей тапсырмалары.
1.Республикадағы,шетелдердегі саясаткерлердің,қоғам қайраткерлерінің ішінде кімді шешен деп санайсыз?Ойыңызды дәлелдеңіз.
2.Төменде берілген қанатты сөздерден саяси-әлеуметтік шешендікке тән белгілерді анықтаңыздар.
1.Жүрек арқылы өткен ақыл тілі көпке жетеді.
Ж.Ж.Руссо.
2.Шынайы шешен,тума талант халық өмірі мен әдет-ғұрып,салт-сана дәстүріне мейлінше жетік болуы керек.
Цицерон.
3.Демократия-шешендік өнердің анасы.
С.Негимов.
4.Шынайы шешен-халық кеңесінде пайдалы мен пайдасыздықты,салтанатты жиында жақсылық пен жамандықты негізге алады.
С.Негимов.
3.Сөйлемдерді аяқтаңыздар:
1.Шешендіктің анасы-...................
2.Шешендік сөздің тірегі-.......,көркі-.......,мәні-........
3.Шешеннің адамгершілігі-оның сөз өнерінің .......
Сабақты қорытындылау.Оқушылардың білімін бағалау.
Үй тапсырмасы.
Бүгінгі күннің өзекті тақырыбына арналған әлеуметтік-саяси шешендік сөздің бірін тауып,оған талдау жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |