Теорема1 /І белгі/ Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.
Есептер шығару кезеңі: Практикалық тапсырмалар
Транспортир құралымен жұмыс істеу
№№90,91,92
Үйге тапсырма беру: №93, №94
Қорытындылау, бағалау
Геометрия, 7 сынып
Реті:13
Күні:15.10.11
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштар теңдігінің ІІ-ші белгісі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үшбұрыштар теңдігінің ІІ-ші белгісімен танысу, білу Дамытушылық: Үшбұрыштар теңдігінің ІІ-ші белгісін қолданып есептер шығара білу
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру
Қайталауға арналған сұрақтар:
- Үшбұрыштар теңдігінің І-ші белгісі
- Мысалдар келтіру
- үшбұрыштар теңдігінің І-ші белгісін дәлелдеу
3. Жаңа тақырып
Теорема 2. ІІ-белгі.
Егер бір үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған іргелес екі бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес қабырғасы мен оған іргелес екі бұрышына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.
/ Тақтаға кескінін оқушы шығып орындайды./
1 мысал:
АВ және СД кесінділері әрқайсысының ортасы болатын О нүктесінде қиылысады. Егр АС 10-ға тең болса, онда ВД – ны тап.
Шешуі: АОС бұрышы ВОД бұрышына тең болғандықтан, үшбұрыштың теңдігінің І-ші белгісі бойынша АОС үшбұрышы ВОД үшбұрышына тең болады, себебі АО=ВО, СО=ДО. Сондықтан ВД=АС=10м.
Үйге тапсырма беру: Теорема2 /дәлелдеу/
Қорытындылау, бағалау
Геометрия, 7 сынып
Реті:14
Күні:15.10.11
Сабақтың тақырыбы: Түзуге түсірілген перпендикуляр.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Түзуге түсірілген перпендикуляр ұғымымен танысу, сала білу Дамытушылық: Үшбұрыштар теңдігінің ІІ-ші белгісін қолданып есептер шығара білу
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру
Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру
Қайталауға арналған сұрақтар:
- Үшбұрыштар теңдігінің І-ші белгісі
- Мысалдар келтіру
- үшбұрыштар теңдігінің І І-ші белгісін
3. Жаңа тақырып
Өзара перпендикуляр а және в түзулерін қарастырайық. а түзуінде А нүктесін, в түзуінде В нүктесін белгілейік. ВА кесіндісін В нүктесінен а түзуіне түсірілген перпендикуляр деп атайды. А нүктесін перпендикулярдың табаны деп атайды.