1-оқушы:
Бағбан ата Бейменге,
Үшке толған шағымна.
Аралатып көрсетті,
Жемістер бағын да.
2-оқушы:
Мынау – жүзім, жаным
Сәлі балдай шырын,
Тәттілігін біледі,
Ара менен шыбын
3-оқушы:
Мынау - өрік, күнім,
Ерте ашар гүлін.
Қара өрік, асры өрік
Ектім екі түрін
4-оқушы:
Мынау – шие, шырағым
Қызыл болып піседі.
Тезірек жинап алмасаң,
Ұрлыққа торғай түседі.
5-оқушы:
Бағымда менің, қарағым,
Жеміс-жидек тағы бар.
Қарақат, алша, құлпынай
Дастарханнан табылар
6-оқушы:
Өсіретін бойыңды
Өсіретін ойыңды
Қоянға да азықпыз
Сәбіздерміз жазықсыз
7-оқушы:
Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім қанға нәр
Ал, балақай біліп қой
Қызылшамын, пайдам бар.
8-оқушы:
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып,
Тұрған ол мен – қызанақ,
Күнге қарап ұялып.
9-оқушы:
Күзді күтіп жатамын,
Жиып нәрді бойыма.
Асқабақпын, жараймын
Қыстай сақтап қоюға.
10-оқушы:
Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат-қабат киініп,
Қырыққабат атандым
11-оқушы:
Картоп біздің атамыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз.
6. Электронды оқулық.
Балалар теледидарға мұқият қараймыз. Осы сөздеренжеміс –жидектерді тап.
7. Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
6. Дүкенге саяхат.
- Бүгін біз сендермен жеміс-жидектер дүкеніне саяхатқа шығамыз. Ал, балалар саяхатқа дайынсыңдар ма?
Достарыңызбен бөлісу: |