Сабақтың мақсаты: Білімділік: Өркендер мен бүршіктер туралы түсінік беру,буршіктердің құрылысын,түрлерін білу



Дата24.07.2017
өлшемі48,34 Kb.
#21990
түріСабақ
Күні : Сыныбы:6 Пән: Биология Сабақ №

Тақырыбы: Өсімдік өркендерінің құрылысы мен маңызы. Бүршік – өсімдіктің ұрықтық (бастапқы) өркені. Вегетативтік және генеративтік бүршіктер. Бүршіктен өркеннің дамуы. Жылдық өркен. Өсімдіктің бұтақтануы. Бұтақтануды көбейтудің тәсілдері. № 9 зертханалық жұмыс.Вегетативтік және гүл бүршіктерінің құрылысы.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Өркендер мен бүршіктер туралы түсінік беру,буршіктердің құрылысын,түрлерін білу

  • Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, өз бетінше жұмыс жасау қабілетін арттыру.

  • Тәрбиелік :Биология пәнін оқыта отырып табиғатты сүюге, аялауға, қамқор болуға тәрбиелеу

Көрнекілік: Тірек сызбалар

Үй тапсырмасын тексеру: Тамырдың түрлері (ауызша), сұрақ жауап

  • Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді.

  • Өркенннің негізгі орталық тірек бөлімі сабақ дейді

  • Тамырдан өркеннің айырмашылығы- жапырағы болады, буын және буын аралығы болады.

  • Сабақтың жапырақ өстін жерін буын деп атаймыз

  • Ал бір буын мен екінші буынның арасын буынаралығы дейміз

  • Буынаралығы ұзын болса ұзарған өркен

  • Буынаралығы қысқа болса қысқарған өркен

  • Жапырақтың сабаққа орналасқан жерін жапырақ қолтығы дейді

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Бүршік (gemma) – жоғары сатыдағы өсімдіктердегі өркеннің бастамасы. Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай Бүршіктің вегетативтік және генеративтік түрлері бар. Вегетативтік (өсімді) Бүршік тек ұзарған өркенде орналасады, одан сабақ пен жапырақ өсіп шығады. Генеративтік (көбеймелік) Бүршік, (басқаша айтқанда гүл Бүршік), сәл ірілеу және тек қысқарған өркенде ғана орналасады, оны ұзынынан қақ жарып қарағанда бастама сабақтың жан-жағына бекіген гүлшанақтары (ашылмаған гүлдер) көрінеді. Олар гүлдеп, жеміс береді. Сондай-ақ бір ғана гүл өсіп шығатын гүл бүрі (бутон) болады. Бүршіктің сыртындағы қат-қабат қалың, тығыз қабыршақтар өсімдік сабағының ұшар басындағы өсу нүктесін бүркеп тұрады. Ең сыртқы қабыршақтары қоңырқай түсті, одан шайыр тәріздес жабысқақ зат бөлінеді. Олар Бүршікті ыстық-суықтан, желден, зиянкестер мен зақымданудан қорғайды. Бүршіктер көктемде өсімдікте жиналған қоректік заттармен қоректеніп толысады да, сыртындағы қалың қабыршақтары түсіп, Бүршік ашылады (жарылады). Қабыршақтың үзіліп түскен жерінде сақина тәрізді із қалады, сол арқылы өркеннің бір жылда қаншалықты өскенін біледі. Сабақ ұшындағылары төбе Бүршікі (одан өсімдік бойлай өседі), сабақ бойына орналасқандары бүйір Бүршікі деп аталады. Көптеген тұқымымен көбейетін өсімдіктерде бүйір Бүршікі жапырақ қолтығына орналасады, оны жанама Бүршік (одан жан-жағына бұтақтар өсіп таралады) деп атайды. Қоңыржай аймақта өсетін ағаштар мен бұталарда күзге қарай, өсімдік өркендерінің өсуі тоқталып, Бүршіктер уақытша тыныштық күйге көшеді. Бұны қыстаушы Бүршіктер, ал әрі өркен, әрі гүл шығаратын Бүршіктерді аралас Бүршіктер деп те атайды. Бүршіктердің бәрі бірдей өсіп, өркенге немесе гүлге айнала бермейді. Олардың ұзақ уақыт бойы өспей, Б. күйінде қалатын бұйыққан (ұйқыдағы) Бүршік түрі де болады. Олар бірнеше жылға дейін өсу қабілетін жоймайды (мысалы, қарағайда – 5, доланада – 25, еменде – 100 жыл, т.б.). Өсімдік өркені сынып зақымданғанда, ағашты кескенде немесе үсікке шалдыққанда ғана бұйыққан Б-тер оянып, өсе бастайды. Өсімдіктердің вегетативті көбеюі кезінде Бүршіктің атқаратын рөлі зор.

Біліміңді тексер

Төбе

қосалқы

жанама

бұйыққан

  • Бүршіктер орналасуына қарай төбе бүршік және қолтық бүршік деп бөлінеді.

  • Төбе бүршіктен өсімдік ұзарып өседі

  • Жанама бүршік жапырақ қолтығында орналасады, жан-жаққа бұтақтар өседі

  • Қосалқы бүршіктің ерекшелігі, ол өсімдіктің кез келген жерінен шығады.

  • Бұйыққан бүршік көпжылдық өсімдіктерде ұсақтау қолтық бүршіктер және қосалқы бүршіктер тыныштық күйге ауысады

Биологиялық диктант

1.Бүршіктің сыртын қалың, тығыз………. қапталады.

2.Кез-келген өркен тек …………..дамиды.

3. Бүршіктер ұзақ уақыт………….болады.

4.Бұйыққан бүршіктер ……………………. бұталарында болады.

5. Егер бүршік өркеннің ең ұшында орналасса,оны………..дейді.

6.Бүршіктің ішкі жағында тығыз ,ақшыл сары түсті………. болады.

  • Өркеннің түріне қарай екі түрлі бүршік болады.

  • Өсу бүршігі және гүл бүршігі

  • Өсу бүршігі тек ұзарған өркенде болады

  • Гүл бүршігі тек қысқарған өркенде болады

Білгіш өркендер

  • Бүршік неліктен бастапқы өркен деп аталады?

  • Буын,буынаралық дегенді қалай түсінесің?

  • Ұзарған өркен мен қысқарған өркеннің айырмашылығы.

  • Өсу бүршігі мен гүл бүршігінің айырмашылығы..

  • Қосалқы бршіктер қайдан дамиды?

  • Бүршіктер нешеге бөлінеді?

СӨЗЖҰМБАҚ

1.Ұзарып өсуге қатысатын бүршік.

2.Жер асты мүшесі

3.Ұлпаның бірі

4.Түрі өзгерген тамыр

5.Сабақтың жапырақ өсетін жуандау жері

Жаңа сабақты бекіту. № 9 зертханалық жұмыс.Вегетативтік және гүл бүршіктерінің құрылысы.

Бағалау

Үйге тапсырма Өсімдік өркендерінің құрылысы мен маңызы

Өсімдіктердің табиғатқа және адамға маңызы-тақырыпқа эссе жазу
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет