Сабақтың тақырыбы: §5. Гомологтар мен изомерлер.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың назарына «гомология, гомологтық қатар, изомерия» ұғымдарын түсіндіріп, қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Көміртек қаңқасының изомериясын, класаралық изомерияларға мысалдар келтіріп құрылымдық формуласын үйрету.
3. Тәрбиелік: Тармақтарға бөліну барысында нәтижеге жету үрдісіне көз жеткізу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Лекция, түсініктемелік конспект жазу.
Пәнаралық, сабақаралық байланыс: физика
Сабақтың жабдығы:
1. Қ. Н. Сақариянова, М. Б. Усманова, Б. Н. Сахариева, Р. С Рақышева.«Химия», оқыту әдістемесі; Алматы «Атамұра» 2005 жыл.
2. Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова «Химия» (қоғамдық - гуманитарлық бағыт) Алматы «Мектеп» 2007 жыл.
3. Кожарева М. Е. «Химиядан анықтамалық материалдар» Жоғары оқу орнына түсуші талапкерлерге; Алматы «Өнер» 2004 жыл.
4. 1 кесте Алкандар мен бір атомды қаныққан спирттердің гомологтық қатарлары.
5. 1 - сызбанұсқа (изомерия)
6. Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, оларды тізім бойынша түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын сұрау:
3. Гибридтену және орбиталь дегеніміз не?
4. Гибридтену қалай жүзеге асады? (sp3, sp2, sp)
5. А. М. Бутлеровтың түсіндіруінше «химиялық құрылыс» дегеніміз не?
III. Жаңа сабақ: Ең алғаш ұқсас топ ретінде бір атомды қаныққан спирттер қатары белгілі болды. 1842 ж. Я. Шиль химик спирттердің бір мүшесінен келесіне өткен сайын қайнау температурасының біртіндеп артатындығын анықтаса, бір жылдан соң фрацуз химигі Ж. Дюма бір - бірінен СН2 тобына айырмашылығы бар қаныққан қышқылдар қатарын анықтады.
Ал 1844 жылы Шарль Жерар бұл құбылыстар органикалық құбылыстарға тән жалпы заңдылықтардың бір көріністері екендігін атап көрсетіп,
« гомология» терминін енгізді.
Құрылысы және соған байланысты қасиеттері ұқсас, бір - бірінен бір немесе бірнеше СН2 - тобына айырмашылығы бар қатарды гомологтық қатар деп атайды. («Гомос» - бірдей, «логос» - орын ). Ал СН2 тобын гомологтық айырымы деп атайды.
Гомологтық қатар дегеніміз біртұтас ұғым. Бұл қатардағы заттардың құрылыстары ұқсас болуы мен бірге молекула құрамдары жақын, қасиеттері ұқсас болады.
1 - кесте
Алкандар мен бір атомды қаныққан спирттердің гомологтық қатарлары
Молекулалық
формуласы
|
Атауы
|
Қайнау, t0С
|
Молекулалық
формуласы
|
Атауы
|
Қайнау, t0С
|
СН4
С2Н6
С3Н8
С4Н10
С5Н12
|
Метан
Этан
Пропан
Бутан
пентан
|
- 164
- 88, 7
- 42, 1
+0, 6
+36
|
СН3ОН
С2Н5ОН
С3Н7ОН
С4Н9ОН
С5Н11ОН
|
Метанол
Этанол
Пропанол
Бутанол
пентанол
|
+65
+78
+97
+117
+138
|
Органикалық қосылыстарға тән тағы бір құбылыс - изомерия құбылысы. Ең алғаш рет «изомерия» ұғымын ғылымға енгізген – Швед ғалымы И. Я. Бецелиус. Ол құрамдары бірдей, біраққасиеттері әртүрлі жүзім және шарап қышқылдарын тапқан еді. Міне осы кезден бастап, құрамдары бірдей, бірақ қосылыстары әр түрлі болғандықтан, қасиеттері де өзгеше болатын заттарды изомерлер деп атайды. «Изомерия» деген ұғым – гректің изос – «бірдей», «біркелкі», мерос - «бөлшек», «бөлік» деген сөздерінен біріктірліп алынған.
сызбанұсқа
Сабақты бекіту:
Үйге тапсырма беру:
Достарыңызбен бөлісу: |