Сабақтың мақсаты: көмірсутектердің алуан түрлілігінің бір белгісі-көміртек атомы тізбектерінің ұзындығы әртүрлі болуымен қатар, С-С атомдарының арасында бір және екі еселі байланыстың түзілуі табиғатымен таныстыру. Көміртек атомы тізбегінде сызықтық, тармақталған байланыстар болуымен қатар, еселі байланыстарға қысқаша сипаттама беріледі.
Құралдар: көмірсутектердің шарөзекті модельдері, сызбанұсқалар, пластилин.
Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Оқушылар төмендегідей сұрақтарға жауап береді.
а) қаныққан көмірсутектердің жалпы формуласына СпН2п+2 сүйеніп, 18, 21, 28 көміртек атомдарынан тұратын көмірсутектің формуласын жазыңдар.
ә) 3 моль метан мен 10л этаннан тұратын қоспаны түгел жағу үшін ауаның қандай көлемі (қ.ж.) қажет.
Көмірсутектердің қалған қасиеттеріне қатысты сұрақтар талқыланады.
Жаңа сабақты бастамас бұрын, берілген есепті барлық оқушылар мұғалімнің көмегімен орындайды. Мысалы, белгісіз газдың қ.ж.-да тығыздығы 1,25 г/л. Оның құрамында С85,71%, Н 14,29% болатын көмірсутектің формуласын табыңдар. Осы есепті шығарғанда С2Н4 формуласы шығады. Осы формула жаңа сабақты түсіндіруге бастама болады.
II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Тақтаға тақырыпты жаздырған соң, қаныққан көмірсутек этан С2Н6 мен есеп шығару арқылы тапқан этилен С2Н4 формулаларының құрамына қарап, қанықпаған көмірсутекке тән С-С арасында дара байланыспен қатар қос байланыс (еселі) деген жаңа ұғымды түсіндіру қажет. С2Н4 этиленнің құрылымдық
Н Н
формуласын С = C
Н Н
және ықшамдалған құрылымдық формуласын СН2 = СН2 түсіндіреді, СпН2п қанықпаған көмірсутектің жалпы формуласы. Енді этилен молекуласының құрылысын шарөзекті пішінмен бейнелеуге тапсырмалар беріледі. Кейбір оқушылар пластиленнен этилен молекуласын құрастырады. Этилен алуды, физикалық, химиялық қасиеттерін түсіндіріп, этиленнің қосып алу, гидрлеу, гидротация, полимерлену реакциясына қысқаша тоқталған жөн. Нәтижесінде, түзілетін өнімдердің аттарын атауға үйренткен дұрыс. Этилен мен оның туындыларының қолданылатын жерлерін оқулықпен жұмыс істеу арқылы әрбәр оқушы өзі орындап, қорытындылай алады.
III. Алған білімді бекіту. Мұғалім қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің ұқсастығы мен айырмашылығына арналған сұрақтар қою арқылы алған білімді одан әрі дамытады:
а) этиленнің жануы; ә) гидрлену; б) бромсутекті қосып алу реакциясын жазып, түзілген өнімдердің аттарын атаңдар;
в) полимерлер деген сөздің мағынасын түсіндіріңдер;
г) төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар, өнімдерді атаңдар:
С2Н6→С2Н4→С2Н4Сl2
↓
CO2
ж) көлемі 5,6л, этилен газы қ.ж.-да қанша көлем алады?
Мұғалім оқушылардан сұрақтарға жауап ала отырып, тақырыпты оқып-үйренуде қалыптасқан оқушылардың білімі мен біліктілігін одан әрі дамытады. Оқушының сабақта алған білімін қорытындылап, тапсырма береді.
Мұғалім бутадеин туралы қысқаша ғана түсінік беріп, одан синтетикалық каучук, резеңке алынатынына тоқталады.
Үйге тапсырма. §48. 1-13-жаттығулар. Есептер жинағынан 5-, 6-, 12-есептер.
56-сабақ. Ацетилен және ароматты көмірсутектер,
бензол жайлы түсініктер
Сабақтың мақсаты: этиленді, диенді ацетиленді көмірсутектер жайлы оның құрылымдық формуласына сүйене отырып, молекуладағы С-С байланыстары екі (қос) және үш еселі болуымен оқушыларды таныстырып, еселі байланыстар жайлы түсініктерін дамыту.
Құралдар: этилен, бутадиен – 1,3, ацетилен молекулаларының шарөзекті модельдері, пластилин.
Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық шарөзекті модельдерді пайдаланып: этилен, бутадиен, ацетилен молекулаларын құрастырудан бастауға болады. Мұғалім осы жерде оқушылардың бұрын алған білімдерін дамыта оқытуға мүмкіндік алады. Білім берудің жоспарлы нәтижесін байқайды.
II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Бір қос байланысы бар алкендерге жалпы формула СпН2п-2 сәйкес болса, үш байланысы бар алкиндерге СпН2п-2 жалпы формуласы тән екнінтүсіндіру қажет. Құрамында үш байланысы бар ең қарапайым көмірсутек – ацетиленнің С2Н2 құрылымдық формуласы қандай екенін оқулықтағы суретті пайдалана отырып, түсіндірген жөн. Ацетиленді алу үшін оқушылар күнделікті құрылыста пайдаланып жүрген карбидті естеріне түсіреді.
Қанықпаған көмірсутек-ацетилен табиғатта кездеспейді оны лабораторияда кальций карбидіне су қосып алады:
CaC2 + 2HOH = C2H2 + Ca (OH)2
ацетилен
Мұғалімнің қалауы бойынша ацетилен алып, оның түтінденіп жануын көрсетуіне болады.
Ацетиленнің физикалық және химиялық қасиеттеріне (тек жану теңдеуі) тоқталады. Тақатаға үш оқушыны шақырып: а) этанның; ә) этиленнің, б) ацетиленнің жану реакция теңдеулерін жаздырып, теңестіріп, өзіндік жұмыс орындатқан жөн.
Келесі назар аударатын мәселе, қаныққан көмірсутектерден бастама алатын өзгерістерді іске асыруға тапсырмалар орындатқан дұрыс. Мұғалім мұндай тапсырманы даярлау кезінде оқушылардың орындай алатын мүмкіндігін ескергені жөн.
Тапсырма. Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар, өнімдердің аттарын атаңдар:
а) С→С2Н6→С2Н4→С2Н4Сl
↓
C2H5OH
*ә) метан → хлорметан → этан
↓
көміртек (IV) оксиді
Ароматты көмірсутектің өкілі- бензол С6Н6. Молекуладағы көміртек атомы алты мүшелі цикл жасаптұйықталып байланысатындығына оқушылардың назарын аударып, бензол молекуласының моделімен ықшамдалған құрылымдық формуалсымен таныстырып, шарөзекті моделін құрастырады. «Бензол сақинасы» деген ұғымды түсіндіріп, ароматты көмірсутектерге тән жалпы формуласымен СпН2п-6 таныстырады. Бензолдың таскөмірді кокстегенде түзілетіні және мұндайдан синтездік жолмен алынатыны, физикалық қасиеттері мен қолданылуы сөз болады.
III. Алған білімді бекіту. Жоғарыда берілген деңгейлік тапсырманы аяғына дейін талдай отырып, жаңа сабақты түсіндірудің басатмасы қалыптасады. Уақыт болса мұғалім §52 соңындағы қиындау 6-, 7-, 8- жаттығуларды талдап, түсіндіріп, тапсырма бередіү
Немесе оқушыларды топқа бөліп, төмендегідей тапсырмаларды орындатуға болады:
а) есеп: массасы 13г ацетилен толық жанғанда, қанша көлем (қ.ж.) оттек жұмсалатынын есептеңдер?
ә) броиның ең көп мөлшері ацетиленмен әрекеттескенде түзілетін өнімнің атын атаңдар;
б) СпН2п+2, СпН2п жалпы формулалары қандай көмірсутектерге тән;
в) лабороторияда ацетиленді неден алады;
г) этиленнің, ацетиленнің қолданылуын айтып беріңдер.
Үйге тапсырма. §49. 1-3-жаттығулар. §50. 1-5-жаттығулар. Есептер жинағынан тапсырмалар.
57-58-сабақ. Көмірсутектердің табиғи қорлары.
Мұнай, таскөмір, отын
Сабақтың мақсаты: табиғатта көмірсутектердің кездесуін пәнаралық байланыс арқылы түсіндіру (биология, география). Мұнай, таскөмір, отын энергетикалық ресрстары жайлы мәлімет беру.
Реактивтер мен құралдар: сызбанұсқа, пластилин, Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы.
Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Мұғалім үйге берген тапсырманың орындалуын тексеріп, оған қысқаша талдау жасап, жаңа сабақты бастайды.
Көмірсутектердің табиғи көздері және олардың негізгі энергия қоры химия өнеркәсібі үшін маңызы шикізат екенімен таныстырады.
Оларға табиғи газ, мұнайға серіктес газдар, мұнай мен таскөмір жатады. Табиғи газдың қоры көп. Онда метан 80-90% шамасында болады. Қазақстан-көмірсутектік шикізат қорына бай ел. Мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдау, экспорттау мен имопрттауға қатысты экономикалық мүдделерді қоғау мақсатында 1997ж. «ҚазтрансОил» ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы құрылғаны айтылады.
Осы тақырыпта оқушыларға реферат жаздыруға болады. Бұл арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеті қалыптасып дамиды.
Қорытындылау мақсатында қойылатын сұрақтар география пәнімен пәнаралық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
1.Қазақстанның қай аймағы табиғи газга бай екенін картаны пайдаланып айтыңдар.
2.Табиғи көмірсутектер қайда кездеседі?
3.Табиғи газ деген не? Ол қайда қолданылады?
4. Маңғыстауда қандай кен орындары бар?
Сабақты мұғалімнің қалауымен басқаша өткізуге болады. «Мұнай», «Таскөмір», «Отын». «Отынды тиімді пайдалану» тақырыптарына алдын ала тапсырма беріп, семинар-сабақ немесе конференция –сабақ түрінде өткізуіне де болады.
Үйге тапсырма. §51. 1-4-жаттығулар. §52, 53, 54-тарды оқу. Реферат даярлау. Жұмыс дәптерінен тапсырмалар.
59-сабақ. «Органикалық заттар» тақырыбын
қорытыныдлауға арналған сұрақтар
1-тапсырма. Берілген ұғымдар мен терминдерге түсініктеме беріңдер.
1.Органикалық химия.
2.Изомерия.
3. Изомерлер.
4.Гомологтар.
5.Электрон бұлттарының гибридтенуі.
6.Сигма және р-байланыстар.
7.Көмірсутектер(-ан, -ен, -ин, -диен, - арен).
8.Жалпы формуласы.
9.Радикал.
10.Полимерлену.
11.Орынбасу.
12.Қосып алу.
13.Мұнай өнімдері.
14.крекинг.
15.Отын оның түрлері.
15.Отынды тиімді жағу деген не?
2-тапсырма.Заттардың құрылысы. Көмірсутектер.
1. А.М. Бутлеров тұжырымдаған органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының негізгі қағидаларын айтып беріңдер.
Көмірсутектердің жіктелуін мысалмен түсіндіріңдер.
Алкандардың қандай гомологтарын білесіңдер?
Қанықраған көмірсутектерге қандай қосылыстар жатады?
Бутадиенді көмірсутектерге мысалдар келтіріп, қолданылатын жерлерін айтып беріңдер.
▲6. Этилен мен ацетиленнің химиялық қасиеттерінде қандай ұқсастық бар екнін реакция теңдеулерін жазу арқылы дәлелдеңдер.
▲7. Бензол молекуласында көміртек атомдары өзара қалай жалғасады? Басқа көмірсутектерден айырмашылығы неде?
8. Табиғи газдан қандай заттар алуға болады? Олар негізінен қайда қолданылады?
9. Мұнайдан алынатын қандай заттарды білесіңдер?
Қазақстанда көмір қай жерлерде өндіріледі?
3- тапсырма.
▲1. Метанның, этанның, бензолдың буларының сутекпен салыстырғандағы тығыздықтары қанша?
▲2. Көлемі (қ.ж.) 18л СН4, 3л С2Н2, 5л С3Н8 болатын газдардың қанша зат мөлшері және қандай массасы болатынын есептеңдер.
▄ 3. Құрамында 93,75% көміртек, 6,25% сутек бар белгісіз газдың ауамен салыстырғандағы тығыздығы 4,41 болатынын ескере отырып, заттың молекулалық формуласын табыңдар.
▄ 4. Көлемі (қ.ж.) 89,6 л метанды толық ыдыратқанда неше грамм күйе алынады?
▄ 5. Көлемі 5,6 л этилен (қ.ж.) қанша грамм бромды қосып алады?
*6 . Төмендегі айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар. А, Б заттарының атын атаңдар.
-H2 -H2 2Cl2
этан А Б тетрахлорэтан.
▄ 7.Массасы 3,9 г бензолды толық жағу үшін қанша көлем ауа қажет екенін есептеңдер.
▄ 8.а) бутаннан; ә) бутеннен бутадеин – 1,3-ті қалай алуға болады? Химиялық реакция теңдеуін жазыңдар.
▄ 9. Өзгерістерді іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
пропан→пропен→хлорпропан
↓ ↓
көміртек дихлорпропан
(IV) оксиді
*10. Берілген айналымдарға мысалдар келтіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар: Қаныққан көмірсутек→қанықпаған көмірсутек→спирт→жай эфир.
ОТТЕКТІ ОРГНАИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР
60-сабақ. Спирттер. Көпатомды спирттер
Сабақтың мақсаты: оттекті органикалық қосылыстар жайлы алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып, олардың жіктелуімен және кейбір өкілдерімен таныстыру. Олардың негізгі қолданылатын салалары және органикалық заттардың алуан түрлілігі жайлы мағлұмат беру.
Құралдар мен реактивтер: метанол, этанол, этиленгликоль, глицерин молекуласының модельдері мен ерітінділері, сіріңке, спирт шам, кәрлен табақша.
Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Осы сабақты өту барысында көмірсутектерден басқа құрамында оттек атомы болатын жаңа органикалық заттар бар екенін айта келіп, мұғалім «Спирттерді» оқыту үшін алдын ала оқытудың жоспарланған бірнеше тәсілін ұсынады.
Мысалы, шарап спиртін адамдар ертеден-ақ өндіре білген. Сондықтан алдын ала оқушыларға тапсырма беріп, реферат даярлатуға болады. Ол үшін мұғалім осы сабаққа арналған толық жоспар құрады да, соны оқушылармен бірге талдайды.
Спирттердің қолданылуы, жіктелуі, алыну жолы мен химиялық қөасиеттері қысқаша түсіндіріледі.
Спирттердің құрылымдық формуласын қарастырғанда бір-, екі- жәнеүшатомды спирттердің де бар екені жайлы да түсінік беріледі. Этиленгликоль мен глицериннің қолданылатын салаларын түсіндіре отырып, оқушылардың біртіндеп санның сапаға ауысу заңдылығын ұғынуына мүмкіндік туғызады. Басқа да оқыту әдісін пайдалану мұғалімнің іскерлігіне байланысты.
Тәжірибе. Әртүрлі спирттер жанғанда көп жылу бөлінеді, бірақ жанған кездегі олардың бір-бірінен айырмашылықтары да бар екені тәжірибе арқылы дәлелденеді.
Себебі метил, этил спирттері көгілдір жалынмен лезде жанып кетеді. Ал басқа ауыр спирттер жарқыраған жалынмен жанады, жанып кеткен соң кәрлен (фарфор) табақшада қара дақ қалатынына тәжірибе арқылы көз жеткізіледі. Оқушыларға оның себебін түсіндіру қажет. Спирттердің суда ерігіштігі де әртүрлі. Ол жоғары сыныптарда оқылады. Сондықтан көпатомды этиленгликоль мен глицериннің құрылымдық формуласы мен қолданылуын айтумен шектеледі.
III. Бөлімде оқушылар алған білімді бекіту мақсатында мұғалім тақырыптың соңындағы жаттығудың кейбіреулерін сыныпта оқушылармен бірге талдайды. Немесе қалыптасқан білім дағдысын және жаңадан өткен сабақты дамыту мақсатында 5-10 минуттық тексеру жұмысын ұйымдастыруына да болады.
I нұсқа
|
II нұсқа
|
▲1. Этанолдың молекулалық, құрылымдық формуласын жазыңдар
2. Бірінші сұрақтағы аты аталған заттың жітелуін, қолданылуын айтыңдар.
▄ 3. Берілген теңдеулерді аяқтаңдар:
а) CH4 + O2→
ә) C2H4 + O2→
б) C2H2 тримерлену
түзілген өнімдердің аттарын атаңдар
|
▲1. Метанолдың молекулалық және құрылымдық формуласын құрыңдар
▲2. Бірінші сұрақта аты аталған заттың молярлық массасын табыңдар
▄ 3. Берілген теңдеулерді аяқтаңдар:
а) C2H6 + O2→
ә) C2H4 + HBr →
б) түзілген өнімнің аттарын атаңдар
|
Оқулықтан §55. 10-жаттығуды орындаңдар.
§56. 11-жаттығуды орындаңдар.
Мұғалім өз қалауымен сабақты қорытындылаудың басқа әдістерін ұсынуына болады.
Үйге тапсырма. §54. 1-12-жаттығулар. §55. 1-, 3- жаттығулар. Есептер жинағы мен жұмыс дәптерінен тапсырмалар.
61-сабақ. Карбон қышқылдары
Сабақтың мақсаты: оттекті органикалық қосылыстар алуан түрлі болғандықтан, оларды бір-бірінен ажырата білу үшін функционалдық топтардың маңызы жайлы түсінікті одан әрі жалғастыру қажет.
Күнделікті өмірмен байланыстырып, карбон қышқылдарының қарапайым өкілдері – құмырсқа және сірке қышқылдарының құрамы мен құрылысы туралы мағлұмат беру.
Құралдар мен реактивтер: метал Mg, NaOH, Na2CO3, CaO, C2H5OH концентрациялы H2SO4 70%-тік және 5%- тік сірке қышқылының ерітінділері, сприт шам, сынауық ұстағыш, суытқыш түтігі, т.б.
Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық.
1-оқушы. Өткен сабақта алған біліміді бекітуге берілген 5-10мин-тық тексеру жұмысының I нұсқасындағы 4 сұрақтың өз қалауы бойынша екеуін орндайды.
2-оқушы. I, II, III атомды спирттердің аттарын атап, формуласын жазып, әрқайсысының молярлық массасын табуына болады.
3-оқушы.Этанолдың жануын реакция теңдеулерін жазу арқылы түсіндіреді.
Осы кезде қалған оқушылармен бірге отырып, тақырып соңындағы жаттығуды ауызша талдап, мұғалім өткен сабақта алған білімді одан әрі дамытады.
II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Мұғалім тірек білімді пайдалана отырып, -
O O
OH; – C ; - C
H OH
функционалдық топтары бар заттардың оқушыларға таныскластарын атауға мүмкіндік жасайды. Піспеген жеміс-жидектерде, қымыздықта, қымызды, лимонда қандай дәм болатынын естеріне сала отырып, органикалық заттардың да ішінде қышқылдар бар екніне назар аударған жөн. Күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген құмырсқа және сірке қышқылымен таныстырады. Тәжірибелер көрсетеді, индикаторға әсерін байқай отырып, бейорганикалық қышқылдарға ұқсастығы мен айырмашылығын талдап түсіндіреді. Оқулықта берілген сірке қышқылының химиялық қасиеттерін тәжірибе арқылы оқушыларға көрсетуге болады.Ол үшін мұғалім уақытты тиімді пайдаланып, сұрақ-жауапты жоспарлы түрде алдын ала даярлап алуы қажет.
Сірке қышқылының қолданылуын оқулықты пайдалану арқылы өзіндік жұмыс ретінде орындайды.
III. Алған білімді бекіту. Оқулықтағы §60. 1-8-жаттығуларды ауызша және жазбаша екі немесе үш топқа бөліп, орындату арқылы сабақ қортындыланады.
Үйге тапсырма. §57. 1-8-жаттығулар. Химия мен жаттығулар жинағынан, жұмыс дәптерінен тапсырмалар.
62-сабақ. Күрделі эфирлер мен майлар. Сабын және синтетикалық жуғыш заттар. Генетикалық байланыстар жайлы ұғым.
Сабақтың мақсаты: гүлдерде, жеміс-жидектерде болатын хош иісті еске түсіре отырып, олардың күрделі эфирлерге жататыны туралы мағлұмат беріледі. Жоғары молекулалы карбон қышқылдарының эфирлері, сабын және синтетикалық жуғыш заттар туралы ұғыммен таныстыру қажет.
Құралдар мен реактивтер: Сірке, стеарин қышқылы, натрий сілтісі, концентрациялы тұз қышқылы, сабындар. Синтетикалық жуғыш заттар.
Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Барлық сынып оқушыларымен өткен сабақта алған білімнің практикалық мәні неде екенін айта келіп, карбон қышқылдарына тән кейбір химиялық қасиеттеріне тоқталады. Соның ішінде күрделі эфир алу реакциясына (этерификация) ерекше назар аударған жөн.
II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Осы тақырып тек күрделі эфирлер мен майлар жайлы мағлұмат беруге арналғандықтан, күнделікті өмірмен байланысы айтылады. Оқулықтағы «Кейбір тағамдардың құрамы» деген кестеде биолгоия курсынан жақсы таныс мәліметтер келтірілген, сыныптағы оқушылармен оны талдап, өздері білетін басқа да мәліметтерді естеріне түсіруге болады.
Май-биологиялық отын, жан-жануарлар үшін энергия көзі екендігіне тоқтала отырып, майлар, көмірсулар, нәруыздар жайлы сөз қозғайды. Сұрақтар қоя отырып, күнделікті тұрмыста қолданып жүрген майлар жайлы түсінік толықтырылады.
Қандай май тез балқиды?
Майлар суда ери ме?
Адам қандай майды пайдаланады?
Май бұзыла ма?
Майдың құрамы қандай?
Жоғары молекулалы карбон қышқылдарына тоқтала отырып, ішіндегі маңыздысы стеарин қышқылының С17Н35СООН формуласын жазып, оның маңызын түсіндіреді. Ал сабын дегеніміз – натрий сереаты. Сабын алуды қазақ халқы ертеден – ақ білген, қазіргі ғылымның дамуы мұнай өнімдерін тотықтырып, жоғары молекулалы карбонқышқылдарынан сабын алудың мүмкіндігіне жол ашты. Осы сабақ барысында оқулықпен өзіндік жұмыс жасату арқылы §62, 1-7-жаттығуларды талдап, білімді бекітуге болады. Ол көбінесе оқушының шығармашылық дамуын қалыптастырады, өз бетінше білім алудың қажеттігіне көз жеткізеді. Мұндай сабақтың мәні зор.
Үйге тапсырма. §58. 1-10-жаттығулар. §59-60. 1-7-жаттығулар. Есептер жинағынан, жұмыс дәптерінен тапсырмалар.
63-сабақ. Көмірсулар
Сабақтың мақсаты: көмірсулардың табиғатта таралуы, жіктелуі ен организмдегі биологиялық маңызын түсіндіру. Пәнаралық байланысты іске асырып, оқушылардың көмірсулар туралы мағлұматын кеңейту.
Құралдар мен реактивтер: қатты күйдегі глюкоза, сахароза, крахмал, мақта және глюкоза, сахароза ерітінділері.
Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты оқып-үйрену. Бұл сабақты мұғалім түрлі тәсілдермен өткізуіне болады. Соның бірі-ең қарапайым көмірсулар өкілі глюкозаның құрамын айта келіп, С6Н12О6- да көміртектің массалық үлесі 40% ал оттек 53,3% екеніне, яғни оттекті органикалық қосылыстарда оттектің үлесі болаынына тағы да оқушылардың назарын аударуға болады.
Екінші тәсіл бірден глюкозаның массалық үлесіне сүйеніп, есеп шығарады. Салыстырмалы молекулалық массасы 180, құрамында С - 40%, Н – 6,7%, О-53,3% заттың молекулалық формуласын табуға болады. Осы есептеуден кейін формула С6Н12О6 екеіне оқушылар көз жеткізеді. Одан әрі қарай басқа күрделі көмірссулармен танысу жалғасын табады. Глюкоза, сахароза, крахмалдың құрамын салыстыра отырып, оқушылар көмірсулардың құрамындағы ұқсастық пен айырмашылығына көңіл аударады. Оқулықта берілген материалды өз беттерінше оқып-үйренеді немесе мұғалімнің баяндауына көңіл аудара отырып түсінеді.
Глюкоза, сахароза, крахмал тамақ өнеркәсібінде маңызды рөл атқаратыны айтылады. Қысқаша реферат даярлауға да болады. Себебі бұл аталған көмірсулар оқушыларға биология курсынан жақсы таныс.
II. Алған білімді бекіту үшін 5-10 мин-тық тапсырма беруге болады.
I нұсқа. 1.сахарозаның молекуласындағы оттектік массалық үлесін есептеңдер.
2. Көмірсулардың табиғатта таралуын айтып беріңдер.
II нұсқа. 1. Мына айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Этилен→этил спирті→сірке қышқылы→сіркеэтил
эфирі.
2. Крахмалды, целлюлозаны табиғатта неден алады?
III нұсқа. Сахарозаның молекуласындағы көміртектің массалық үлесін есептеңдер:
Көмірсулардың жіктелуін айтып беріңдер.
Глюкоза, сахароза, крахмал, целлюлозаның физикалық қасиеттерін жеке-жеке сипаттаңдар, табиғатта таралуын айтып беріңдер;
Көмірсулар қандай мақсатқа қаолданылады?
Үйге тапсырма. §61. 1-14- жаттығулар. Жұмыс дәптерінен, есептер
жинағынан тапсырмалар.
64-сабақ. Аминқышқылдары. Нәруыздар (белоктар)
Сабақтың мақсаты: азотты органикалық қосылыстардың өкілдерімен танысу арқылы оқушылардың оқушылардың органикалық заттар жайлы алған теориялық білімдерін одан әре дамыту. Аминдердің құрылымдық формуласын оқып-үйренумен қатар, жаңа функционалдық топ - NH2 жайлы мағлұмат алу.
Құралдар мен реактивтер: аминдер молекуласын құрайтын атом модельдері.
Сабақтың барысы. I. Өткен сабақты еске түсіру. Үй тапсырмасын тесеру барысында §64, 7-12- жаттығуларды қарастырып, қосымша сұрақтар қояды. Барлық сынып оқушыларымен әуелі қиын жаттығуларды талдайды. Оқулықтағы сәйкес кестені қарай отырып, тағамның негізгі құрам бөліктерінің калориялығының әртүрлі екеніне көз жеткізеді.
II. Жаңа сабақты оқып-үйренуде көңіл аударатын мәселеге организмде майлар тотыққанда бөлінетін энергияның мөлшері көмірсулар мен нәруыздар тотыққанда бөлінетін энергиядан екі еседей көп екенін еске сала отырып, құрамында төрт элемент С,Н,О,N бар органикалық қосылыстардың қарапайым өкілінің бірі- аминсірке қышқылымен H2N-CH2- COOH танысады. Оның нәруыздың құрамына кіретіні, қолданылуы, қысқаша айтылады. Одан әрі оқушылардың биологиядан алған нәруыз жайлы тірек білімдеріне сүйене отырып, мұғалім қалғанын баяндайды. Түрлі сұрақтарға жауап береді.
III. бөлім. Осы сабақта §65 аяғында берілген 1-10-жаттығуларды талдап, алған білімді бекітуге болады. Мұғалімнің қалауымен сабақты өткізу әдісі тағы да басқа орындалуы мүмкін.
Үйге тапсырма. §62. 1-10-жаттығулар. Есептер жинағынан және жұмыс дәптерінен тапсырмалар.
Достарыңызбен бөлісу: |