Сабақтың мақсаты: Футболдағы жаттығудың жүйелілігі Сабақтың міндеті: Сауықтыру. Тәрбиелеу. Білім беру



бет4/4
Дата27.02.2022
өлшемі32,73 Kb.
#133568
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Лекция 3,4

3. Жаттығудың жүктемесі.
Жaтты­ғу жүк­те­ме­сі­нің кө­ле­мі мен бaғы­ты нaқты мін­дет­тер­ге, aрнaйы сaпaлaрдың дaму дең­ге­йіне, объек­тив­ті жaғдaйлaрынa сәй­кес ке­лу ке­рек. Шaмaдaн тыс жүк­те­ме­лер­дің сaбaққa де­ген қы­зы­ғу­шы­лық­ты тө­мен­де­те­ті­нін, жaтты­ғуғa жә­не соң­ғы есеп­те спорт­тық нә­ти­же­лер­ге зиян­ды әсер ете­ті­нін ес­те сaқтaу ке­рек. Де­ген­мен қолже­тім­ді­лік қaғидaсы мaксимaлды фи­зикaлық еріктік күш­ті тaлaп ете­тін жә­не aйт­aрлықтaй шaршaуды шaқырaтын жaттығулaрды орындaу қaжет­ті­лі­гін те­ріс­ке шығaрмaйды. Ден­сaу­лық­ты нығaйт­уғa, функ­ционaлды дa­йын­дық­ты жо­ғa­рылaтуғa, спорт­тық ше­бер­лік­тің өс­уіне мүм­кін­дік бе­ре­тін жүк­те­ме­лер­ді қолже­тім­ді деп есеп­теу ке­рек.
Қолже­тім­ді­лік өл­ше­мі – тұрaқты емес көр­сет­кіш. Ол кө­бі­не шұғылдaнушылaрдың оргa­низ­мі­нің aдaптaция­лық жә­не мо­билизaция­лық мүмкін­дік­те­рі­мен aнықтaлaды. Жүк­те­ме­лер­дің қол­ же­тім­ді­лі­гі оқу-жaтты­ғу про­це­сі­нің же­ке­ле­нуі­мен үз­дік­сіз бaй­лaныстa болaды.
Үде­ме­леу қaғидaсы бір­тін­деп қиындaйт­ын мін­дет­тер­дің қойылы­мы жә­не ше­ші­мі, кө­ле­мі мен қaрқын­ды­лы­ғы­ның жо­ғa­ры­лa­уын­, олaрмен бaйлaныс­ты күш­тер­ді қaрaстырaды. Қолдa­нылaтын дa­йын­дaу құрaлдaры­ның шең­бе­рін мaқсaтқa бaғыт­тaл­ғaн ке­ңейту, қиын­ды­ғы жоғaры жaңa мін­дет­тер­ді орындaу ке­рек­ті тех­никaлық қaбылдaулaр мен тaктикaлық әре­кет­тер­ді мең­ге­ру­ге жә­не же­тіл­ді­ру­ге мүм­кін­дік бе­ре­ді.
Фи­зикaлық қaбі­лет­ті­лік­тер­ді дaмы­ту зaңды­лықтaры, сондaйaқ функционaлды мүм­кін­дік­тер­ді жоғaрылaту жүйе­лен­ген жaңaрту жә­не жүктеменің бaрлық ком­по­не­нт­те­рін кө­бейтуді тaлaп ете­ді.
Үде­ме­леу қaғидaсын жү­зе­ге aсы­ру мик­ро­ци­кл­дер­де, жыл­дық цикл кезеңде­рін­де, көп жыл­дық дa­йын­дықтa жүктеменің бaғыт­ты­лы­ғы мен кө­ле­мін тaрaтудa өзі­нің нaқты кө­рі­ні­сін тaбaды.
10 – 14 жасар оқушылардың жаттығуында басты назар олардың ойында да допты алып жүруіне бөлінеді. Бастушы ойыншыларға бәрінен бұрын допты соғудың негізгі түрлерін үйрену мен допты тоқтату, допты баспен соғуды үйрену өте шектелген жағдайда жүргізіледі. (бұл жаста бас сүйектері онша қатты емес). Аралас ойынның жәй түрлері де жүргізіледі: екіден, үштен бөлініп допты бір-біріне диагональ түрде беруі де жаттықтыру, жай жүгіріп жаттығу мен топталып – үшеуі біреуіне және төртеуі екеуіне қарсы доппен жүру жаттығудың тактикалық жоспарына кіреді. Өскелеңдер көп ойнап, ұжымды қимылдауға үйрене берсін. Ойынның өзіндік ерекшеліктерімен танысу үшін тек қақпашыға ғана ерекше жаттығу керек.
Гимнастика, жеңілдену, қосалқы ойындар мен эстафеталық жүгіруден басқа барлық дене жүктемесінен қашқан жөн. 10 – 14 жасар спортшылар ұзақ салмақтыққа салынбауы керек; жабайы жас футболшылардың күшін жаттығуда сығып алатын жаттығуға орын болмауы керек.
14 – 16 жасар жастарды дайындауда техникалық әдістерді игеру маңызды орын алады. Жаттығу жоспарына қиын ойын тәсілі кіреді, жаттығуларға шапшаңдық сапасын жоғарылататын және тактикалық ептіліктер кіреді; футболшыларға айқындалған тактикалық тапсырмамен ойынның дәмін сезіну керек, ойыншыларды топқа бөліп ұжымдық жаттығулар өткізу. Гимнастикаға, жаттықтыратын ойындарға және эстафетамен жүгіруге аса көңіл бөлген жөн. Бұл жастағы топтарға ұзақ салмақ салудан қашқан жөн.
16 – 18 жастағы жастардың организмдері ересек футболшылардың жаттығуына ұқсас жаттығуларды жүргізуге мүмкіндік береді. Бұрынғыдай, жаттығудың басты мақсаты – доппен жұмыс істеу. Ол әртүрлі аралас жаттығулар түрінде, шапшаңдықты күшейту сапасы мен тактикалық ептілікті жаттығулары толықтырады. Жаттығуға сондай-ақ әр ойыншының футболдағы “мамандығына” байланысты арнайы дайындықтар кіреді. Жаттығу ойындарында футболшылар нақты тапсырмалар алуға тиіс. Ойын алаңының әр жерінде ойнайтын ойыншылардың өзара түсінісіп қимылдауы және техникалық әдістерді игеруі командалық жаттығудың негізгі бөлігі болып есептеледі.
16 – 18 жасар жастарды дайындау жоспарына сол сияқты гимнастика, спортты жаттығулар, кросс, доппен және допсыз жаттығулар, эстафеталық жүгірулер қарастырылады. Бұл жерде де шаршататын, бірқалыпты жаттығулардан аулақтанған жөн. Егер сіз әртүрлі шапшаңдықты жаттығуларға екпін беріп демалыс үшін белсенді жасасаңыз (мысалы жайбарақат доппен бір орында жұмыс жасау), сіз үлкен нәтижеге жетесіз.
Жастарды оқыту процесінде оларды қазіргі заман футболының тактикасы мен ойын жүйесінің әртүрлі сипаттамаларымен таныстыру қажет. Жаттығулық сайыс кезінде футболшыларды алдына қойылған тактикалық тапсырманы орындауды, сонан соң ойын кезінде жіберген қателіктерін міндетті түрде талдау қажет. Белсенді ойнайтын командалардың жаттықтырушылары мен әр ойынщыдан жеке-жеке барлық күшін сарқып беретін қарқындылық керек. Допты игеру жағдайымен қоса, былайша айтқанда “дайын” футболшылардың игерген әдістерінің тереңдігі мен нақтылығына және де команданың барлық буындарының өзара түсінушіліктеріне септігін тигізеді. Футбол командасы әр жарыстың нақты жағдайына барлық тактикалық талапқа жауап беретін жақын жабыстырылған ұжым болуы керек.
Жаттығу барысында команданың барлық ойыншыларының тактикалық ойлануы мен әр ойыншының тактикалық “сезімділігін” арттыру керек. Осы ойындарды жаттықтырушылар футболшыларға айқын тапсырмалар қояды. Ол барлық қателіктерді байқайды, ойынды тоқтатып, ненің дұрыс істелмегенін түсіндіреді. Мысалыға жаттықтырушы: әр ойыншы бір немесе екі жанасу (касание) арқылы допты беру; допты беріп, тез жүгіріп бос орынға шығып кету т.с.с. тапсырмалар қояды. Жаттықтырушының қойған тапсырмалары команданың шеберлік деңгейінде болуы керек. Байқалынған кемшіліктер мен әлсіздіктер ойыншылардың алдына қойылған келешек тапсырмалар кезінде жойылуы керек.
Сонымен қатар жаттығуда анау-мынау тактикалық жаттығулар мен ойын комбинациясы қарқынды қайта жүргізіледі. Ойыншылардың өздігінен топтарға бөлінуге рұқсат бермейді, оларды қатаң айқындалған принциптермен бөледі. Ол бір топқа командада бір сызық құрайтын ойыншыларды біріктіреді. Сонысымен футболшылар өздерінің ойын сапасын сезінеді, жылдамдық сапасының есебінен бір-біріне допты алып жүру мен қимылына бейімделеді, ол команданың ойын өрнегінің жетілуіне себепші болады.
Шапшаңдық шыдамдылығы, старттық екпін, спринт дрппен допсыз жүгіру, шапшаңдық сапасы мен шыдамдылықты жетілдіретін әртүрлі ойындар, команданың жалпы физикалық дайындығын жоғарылатады. Гимнастика, жақтасымен жаттығу, тебетін доппен, еркін жаттығу, жіппен секіру т.с.с. жаттығулар ойланып қарағанда жаттығудың бажырағысыз бір бөлігі болуы керек.
Команданың жеке ойыншыларының арнайы жаттығулары ерекше көңіл бөлуге лайық. Жаттықтырушы ойыншылардың жеке жетіспеушіліктерін жоюдағы қосымша жаттығуларын (арнайы жаттығудан бөлек) әрқашан мадақтап отыру керек. Осылайша, ылғи оң аяқпен тебетін ойыншыға, сол аяғын жаттытыру да пайдалы. Жай қимылдайтын ойыншы өзінің шапшаңдық сапасын сисиематикалық старттық жаттығулар мен спринт жолымен жоғарылатуына болады. Жай қимылдайтын футболшы күнделікті гимнастикалық жаттығумен үйінде жетілдіруге болады.
Мүмкіндігіне қарай үш аптада бір рет жаттықтырушы командамен жабық жайда өткізеді. Жақсы ұйымдастырылған залда өткізген жаттығу жаттығуға айқын әртүрлілік, ойыншыларға үлкен қуаныш береді, ал жаттықтырушыға жалпы физикалық дайындыққа футболшылардың шапшаңдық сапасын өркендетуге себепші болады.
Сонымен бірге қыста ылғи жабық жайда жаттығу өткізуден қашу керек. Өйткені, ауа райының барлық жағдайы мен футбол алаңының барлық жағдайында жарыстар ашық аспан астында өткізіледі; ылғи жабық жайда өткізілген жаттығу ойыншылардың кеңістікті сезінуін жоғалтады, нашар бағдарлайды, ең бастысы нәтижесі аз қысқа доп беруді пайдаланады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет