Сабақтың мақсаты: Ы. Алтынсаринің «Кел, балалар,оқылық!»



бет2/5
Дата31.12.2019
өлшемі429.5 Kb.
түріСабақ
1   2   3   4   5
2. Сергіту сәті.

3. Оқып, талдау.

Мәтінді оқу, талдау, мазмұнын ашу.

Сұрақтарға жауап алу.

  • Шоқанды оқытқан кім?

  • Мәтін қалай аталады?

  • Бұл қасиет қай кейіпкерге қатысты айтылған? Неге?

  • Шоқан неге ойланып қалды?

  • Егер сен асқан білімді болсаң, не істер едің?

VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.

2. Дәптермен жұмыс.

Дәптерлеріне жазады

Сөздік жұмыс: Бажайлап- мән беріп

3. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Әңгімені оқып мазмұндау.

Сабақтың тақырыбы: Ақылшым- мұғалім Ә. Дүйсенбиев 9

Сабақтың мақсаты: 1. Ә. Дүйсенбиевтің «Ақылшым- мұғалім» өлеңімен танысу.

2. Оқушылардың ой- өрісін дамыту.

3.Сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) дайындығын қадағалау

б) психологиялық дайындық

Амансың ба алтын күн?

Амансың ба көк аспан?

Амансың ба достарым?

Сендерді көрсем қуанамын !

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Әңгімені оқыту ә) Мазмұнын айтқызу б) Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) « Күн шұғыласы» ойыны. Оқу, білім деген сөздер көз алдыларына нені елестетеді.


Оқулықты


Мектепті Болашақты




Мұғалімдерді Сыныпты

  • Қолыңа қалам ұстатып, жазуды үйреткен кім?

  • Оқытып білім беоген кім?(Мұғалім)

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– Ә. Дүйсенбиевтің «Ақылшым- мұғалім» өлеңімен танысу.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Оқып, талдау.

Өлеңді оқу, талдау.

2.Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Құстай қанат қағайық.

Ұшып – ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.

3. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Өлеңді жаттау.

Сабақтың тақырыбы: Күз А. Құнанбаев 10

Сабақтың мақсаты: 1. Абайдың «Күз» атты өлеңімен таныстыру.

2. Оқушыларды дауыстап, дұрыс, сапалы, мәнерлеп, шапшан оқуға

дағдыландыру.

3.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Өлеңді жатқа сұрау. ә) Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Суретпен жұмыс

- Жыл мезгілдерін атаңдар?

- Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

- Суретшініңң көңіл күйі қандай деп ойлайсың?

- Оны неден аңғардың?

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– Абайдың «Күз» атты өлеңімен таныстыру.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Абай ( Ибрахим) Құнанбайұлы 1845жылы осы күнгі Семей одлысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Оның әкесі ел басқарған, аға сұлтан болған адам.

Абай әуелі ел ішінде діни мектепте, он жасында Семей медресесінде оқиды. Абай ұлы ақын, жазушы. Артынан теңдесі жоқ сұлу, мазмұнды өлеңдер, тамаша әндер қалдырған. Ол – асқар таудай ұлы ақынымыз, халқымыздың мақтанышы.


Абай Құнанбаев

Ұлы ақын

1845- 1904



Әкесі Құнанбай

Шешесі Ұлжан

Әжесі Зере


2. Оқып, талдау.

Өлеңді оқу, мазмұнын ашу, талдау.

Сұрақтарға жауап алу.

- Абайдың «Күзі» сенде қандайкөңіл күй туғызады? Неліктен?

- Осы өлеңде айтылған түс қандай деп ойлайсың?

3. Сергіту сәті.

VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.

2. Дәптермен жұмыс.

Дәптерлеріне жазады

Өлеңнен күз мезгіліне қатысты көркем сөздерді тауып жазады:

Жапырағынан айырылған ағаш Дымқыл тұман

Сұр бұлт Жасыл шөп жоқ

3. Қорыту.

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Өлеңді мәнерлеп оқып келу.
Сабақтың тақырыбы: Ұнатамын күзді мен Ж. Қашқынов 11

Сабақтың мақсаты: 1. Жеңіс. Қашқыновтың Күз мезгілін суреттеудегі шеберлігін

таныту, табиғи құбылыстын әдемілігін сезіндіру.

2. Оқушыларды дауыстап, дұрыс, сапалы, мәнерлеп, шапшан оқуға

дағдыландыру.

3.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Өлеңді мәнерлеті оқыту. ә)Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Сөзжұмбақты шешу.

1. Аспандағы жарық.





к
















ү
















з



2. Иттің баласын қалай атайды?

3. Адамның мүшесі.
Сұрақтарға жауап алу.


- Күз айларын ата.

- Күзде қандай өзгерістер болады?

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты–Ж. Қашқыновтың күз мезгілін суреттеудегі шеберлігін тану

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Оқып, талдау.

Өлеңді оқып талдау, мазмұнын ашу.

Сұрақтарға жауап алу.

- Өлең сенде қандай көңіл күй туғызады?

- Жоғарыда келтірілген суретшінің күз мезгілін бейнелеген суреті қай өлеңге сәйкес келеді деп ойлайсың? Неліктен?

- Күз мезгіліндегі ойындардың қайсыларын жақсы көресің?

2.Сергіту сәті.

VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.

2. Дәптермен жұмыс. Дәптерлеріне жазады.

Сұрақ

Жауап

Даланың түсі қандай?

Алма қалай пісті?

Аспандыне қаптады?

Жел қандай?

Тырнасы қайткен?

Реңі сары ала

Пісті алма албырап

Аспанда бұлт тыным таппаған

Суық жел еседі

Тырнасы тізілген


3. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Өлеңді жаттау.

Сабақтың тақырыбы: Бидай мен Қаңбақ А. Тоқмағамбетов 12

Сабақтың мақсаты: 1. Бидай мен Қаңбақ атты мысалымен таныстыру.

2. Оқушыларды дауыстап, дұрыс, сапалы, мәнерлеп, шапшан оқуға

дағдыландыру.

3. Сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Өлеңді жатқа сұрау. ә)Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Жұмбақ шешкізу.

1. Ұзын мұртты сарылар, 2. Шеңбер жасап өседі,

Қойынында наны бар. (Бидай) Желмен бірге көшеді. ( Қаңбақ)

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты – Бидай мен Қаңбақ атты мысалымен танысу.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Оқып, талдау.

Мысалды оқып, мазмұнын ашып , талдау.

Сұрақтарға жауап алу.

- Дұрыс айтқан бидай ма, қаңбақ па?

- Бидайдың қандай пайдасы бар?

- Нан қалай жасалатынын айт.

- Төменгі сөздер қай кейіпкерге байланысты айтылған?

«Уф» десе, ұшасың Жиғанымыз дән, Көктем шығып, Онда қандай

«Суф» десе, қонасың. Айналамыз толған ән. Күз болса бұғып. Салмақ болсын.
2.Сергіту сәті. Көк аспанды шарлаймыз,

Ұшқан құсты санаймыз

Үшбұрыш боп тырналар,

Көк жүзінде жорғалар.

VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту:

іштей, дауыстап – тізбектей.

Мысалды рөлге бөліп, мәнерлеп оқыту.

2. Дәптермен жұмыс.

Дәптерлеріне жазады.

Нанға байланысты тыйым сөздер жазғызу.

«Нан қиқымын шашпау

Жерде жатса баспау»

3. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру:

Мысалды мәнерлеп оқып келу.

Сабақтың тақырыбы: Ғылым таппай мақтанба Абай Құнанбаев 13

Сабақтың мақсаты: 1.Өлеңнің идеялық мазмұнын ашу.

2. Оқушыларды дауыстап, дұрыс, сапалы, мәнерлеп, шапшан оқуға

дағдыландыру.

3. Ғылымға, оқуға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, Абайдың портреті, кесте.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Өлеңді мынерлетіп оқыту. ә) Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Сұрақтарға жауап алу.

( Абай ата туралы өткенді еске түсіру)

  • А. Құнанбаев деген кім?

  • Ол қай жылы туылып, қай жылы қайтыс болды?

  • Әкесінің аты кім? Шешесінің аты кім? Әжесінің аты кім?

  • Оның қандай шығармашылығымен таныстық?

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– Абай атаның «Ғылым таппай мақтанбы» өлеңімен танысу.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Енді Абай ата жақсы іс пен жаман іс туралы не деген, соны оқып көрейік.

2. Оқып, талдау.

Өлеңді оқып оны талдау.

- Жаман істерге нені жатқызамыз? - Жақсы істерге нені жатқызамыз?

Төменгі сызбаны толтырады.


Абай ата сөзі


Жаман іс


Бес асыл іс


Талап Еңбек Терең ой Өсек Өтірік Мал шашапақ
Қанағат Рақым Еріншек Мақтаншақ

3. Сергіту сәті.

VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.

2. Дәптермен жұмыс. Дәптерлеріне жазады.

Оқушылар өз бойында жақсы, жаман мніез – құлық белгілерін тауып сызбаны толтырады.

Менің бойымдағы ұнамды қылықтар

Менің бойымдағы ұнамсыз қылықтар






3. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Өлеңді мәнерлеп оқып келу.
Сабақтың тақырыбы: Білім керек бәріне Ф. Оңғарсынова 14

Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңнің идеялық мазмұнын ашу.

2. Оқушыларды дауыстап, дұрыс, сапалы, мәнерлеп, шапшан оқуға

дағдыландыру.

3. Сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Өлеңді мынерлетіп оқыту. ә) Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Сұрақтарға жауап алу.

- Білім не үшін керек?

- Оны білу үшін Ф. Оңғарсынованың «Білім керек бәріне» өлеңінен білеміз.

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– Ф. Оңғарсынованың «Білім керек бәріне» өлеңімен танысу.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген.1967 жылы "Бұлбұл" деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді.Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. "Маңғыстау монологтары" ақынның отыз жасындағы қол таңбасы. Содан бері "Мазасыз шақ", "Мен сенің жүрегіңдемін", "Шілде", "Сенің махаббатың", "Дауа" сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді. Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде, қайратынан жыр жанығанда өршіл сарынға ерік береді. Міне, Фариза ақынның халқына ұсынған өр мінезді жырлары осы еңбектері арқылы белгілі болды.

2. Оқып, талдау.

Өлеңді оқып, мазмұнын ашу, талдау.

- Сонымен осы өлеңде айтылғандай білім не үшін керек екен бәріне?

(оқушылардың ойларын тыңдап шығу)

3. Сергіту сәті.

VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.

2. Дәптермен жұмыс.

Дәптерлеріне жазады.

Қаламақты жаздыру.

Қағаз, қалам

Қолға алам.

Үлкен болам,

Үй салам.

3. Қорыту.

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Өлеңді жаттап келу.


Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Қамалдың қатесі» 15

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру.

2. Білімін,есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– мазмұндама жазамыз.

Тақырыбы: Қамалдың қатесі

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мазмұндаманы оқып, талдау.

Қамалдың қатесі

Қамал мектепке келе жатты. Жолда арық бар еді. Кеше нөсер жауды. Содан арықтың шеті опырылып қалыпты. Қамал аттап өте алмады. Қамал енді ағаштың бұтағына шықты. Ол арықтың бергі шетіне қарай ырғыды. Бұтақ сырт етіп сынып кетті. Қамал суға күмп етіп түсіп кетті.

2. Сұрақтарға жауап алу.

- Мәтін не туралы?

- Қамал қайда бара жатты?

- Жолда не бар еді?

- Не жауды?

- Жаңбырдан не болыпты?

- Қамалдың әрекеті қандай болды?

- Оның әрекеті дұрыс па?

3. Тірек сөздер мен сөз тіркестері:

Арық, нөсер жауған, шеті опырылып, шетіне қарай ырғалды, сырт етіп.

VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға мазмұндату.(3 – 4 оқушы.)

2. Дәптермен жұмыс.

Мазмұндаманы жазу.

2 – 3 оқушыға мазмұндаманы оқыту.

3. Қорыту.

- Сабақта не істедік?

VIII. Үйге тапсырма беру: Қайталау.

Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталау. 16

Сабақтың мақсаты: 1.Білім керек бәріне бөлімін қайталау.

2. Тілін,сөзік қорын дамыту

3. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет