Сабақтың мақсаты: Ы. Алтынсаринің «Кел, балалар,оқылық!»


II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі



бет3/5
Дата31.12.2019
өлшемі429.5 Kb.
түріСабақ
1   2   3   4   5
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Өлеңді жатқа сұрау. ә) Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Сұрақтарға жауап алу.

- Қандай бөлімді аяқтадық?

- Онда не туралы айтылды?

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– бөлімді қайталау.

VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Бөлімнен өткенді еске түсіру.

- Бөлімде қандай ұлы жазушылар мен таныстық?( Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, І.Жансүгіров, А. Байтұрсынұлы, Ж. Аймаутов.т.б.)

- Ы. Алтынсариннің қандай өлеңімен таныстық?

- А. Құнанбаевтің қандай өлеңімен таныстық?

- Ол қандай бес асыл іс, бес жаман іс туралы айтады?

2. Тест жұмысын ұйымдастыру.

1. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім?

А) Ахмет Байтұрсынұлы Б) Ыбырай Алтынсарин

Ә) Абай Құнанбаев В) Шоқан Уалиханов

2. Балаларды оқуға шақырған Ы. Алтынсариннің өлеңі қалай басталады?

А) Кел, балалар, оқылық Б) Оқысаңыз, балалар

Ә) Бір аллаға сиынып В) Оқығанды көңілге

3. «Ата –ана алдындапғы борышың» деген тіркестегі «борышын» сөзін басқаша тағы қалай айтуға болады?

А) Қарызың Б) Білімің

Ә)Тәртібің В) Қылығың

4. Өлең жазатын адамды қалай атайды?

А) Жыршы Б) Әнші

Ә) Суретші В) Ақын

5. Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім?

А) Ыбырай Алтынсарин Б) Абай Құнанбаев

Ә) Ахмет Байтұрсынұлы В) Жүсіпбек Аймаутов
3. Қорыту.

- Сабақта не істедік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Қайталау.


Ана тілі Бөлімді қайталауға арналған тест (№1) 2 – сынып

Білім керек бәріне

1. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім?

А) Ахмет Байтұрсынұлы

Ә) Абай Құнанбаев

Б) Ыбырай Алтынсарин

В) Шоқан Уалиханов

2. Балаларды оқуға шақырған Ы. Алтынсариннің өлеңі қалай басталады?

А) Кел, балалар, оқылық

Ә) Бір аллаға сиынып

Б) Оқысаңыз, балалар

В) Оқығанды көңілге

3. «Ата –ана алдындапғы борышың» деген тіркестегі «борышын» сөзін басқаша тағы қалай айтуға болады?

А) Қарызың

Ә)Тәртібің

Б) Білімің

В) Қылығың

4. Өлең жазатын адамды қалай атайды?

А) Жыршы

Ә) Суретші

Б) Әнші

В) Ақын

5. Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім?

А) Ыбырай Алтынсарин

Ә) Ахмет Байтұрсынұлы

Б) Абай Құнанбаев

В) Жүсіпбек Аймаутов

6. «Аласың білім кітаптан» деген ақыл сөз кімнің шығармасында келтірілген?

А) Ілияс Жансүгіров

Ә) Абай Құнанбаев

Б) Ахмет Байтұрсынұлы

В) Жүсіпбек Аймаутов

7. Қартқожа қай жазушының кейіпкері?

А) Ыбырай Алтынсариннің

Ә) Ахмет Байтұрсынұлының

Б) Ілияс Жансүгіровтің

В) Жүсіпбек Аймаутовтың

8. Қазақ халқының ұлы ғылымы Шоқан Уалиханов туралы жазған жазушы кім?

А) Ыбырай Алтынсарин

Ә) Жүсіпбек Аймаутов

Б) Сапарғали Бегалин

В) Ахмет Байтұрсынұлы

9.Абайдың нақыл сөзін аяқта

«Адам баласының ең жаманы - ........»

А) Білімсіз

Ә) Ақылсыз

Б) Әдепсіз

В) Талапсыз

10. Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде атаған бес жаман істі ата.

А) Өсек, өтірік, талап, еңбек, білім

Ә) Өсек, өтірік, қанағат, ұрлық, бірлік

Б) Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ

В) Өсек, өтірік, ұрлық,салақтық, әдепсіздік
Атадан қалған асыл мұра

Сабақтың тақырыбы: Аңқау арыстан 17

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды Атадан қалған асыл мұра бөлімендегі ертегілер

туралы және аңқау арыстан ертегісімен таныстыру. Ертегіні мәнерлеп

түсініп оқуға ,мазмұнын айта білуге дағдыландыру

2. Тілін,сөзік қорын дамыту

3. Қиялдай біліге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Сұрақтарға жауап алу.

- Атадан қалған асыл мұра дегенді қалай түсінесің?

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– Атадан қалған асыл мұра бөліміндегі ертегі әлемімен танысу.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Кестені пайдаланып оқушылар атадан қалған мұраға не жататынын түсіндіріп көреді.


Атадан қалған асыл мұра

Белгілері

Ертегілер

Төрт түлік туралы жырлар

Аңыздар

Өтірік өлең

Мысалдар

Жұмбақтар

Жаңылтпаштар

Мақал – мәтелдер

Шешендік сөздер


ауызша жеткен халық

шығармалары




  • Осы айтылғандардың ішінен ертегі әлемімен танысамыз.

Ертегілер — халықтың ауыз әдебиетінен мол орын алатын және жазу-сызу өнері болмаған кезде ауызша шығарылған күрделі шығармаларының бір түрі.

Ертегілер көбінесе қара сөзбен айтылатын болғандықтан, оны ерте замандағы ауызша шығарылып айтылатын көркем әңгіме деуге де болады.

Халық әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбек кәсібі, тұрмыс-тіршілігіне байланысты туған. Онда халықтың ой-арманы, әдет-ғұрпы, мұң-шері, арман-мұраты баяндалады.


Ертегілер


Жан – жануарлар Қиял –ғажайып Шыншыл ертегілер

туралы ертегілер ертегілері


- Мына жұмбақтарды шешіп ертегі кейіпкерлері мен танысамыз.

Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай – шу. (Түлкі)
Бір аң бар қайраты көп, болған күшті,

Басынан өткізеді әрбір істі. (Арыстан)
Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,

Өзіне міндеттісі, қызмет қылмақ. (Есек)

2. Оқып, талдау.

Ертегіні оқушыларға оқып беріп, мазмұнын ашып талдау.

- Ертегі не туралы?

- Ертегіде ең қу қай аң?

- Ол Арыстанды қалай алдайды?

- Есекті ше?

- Ертегіні ертегілердің қай түріне жатқызымыз? Неліктен?

3. Сергіту сәті. Көк аспанды шарлаймыз,

Ұшқан құсты санаймыз

Үшбұрыш боп тырналар,

Көк жүзінде жорғалар.

VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.

Топтық жұмыс:

Әр бағанда сөздер қай кейіпкерге тиісті екенін айтады. Әр бағанда бір сөз артық.

Ол қай кейіпкердің сөзі екенін табады.

1 – топқа 2 - топқа 3 - топқа

Мұңын шағады. Қулығына басады. Айқай салады.

Хал- жайын сұрайды. Көңілін сұрайды. Өлер болғанын айтады.

Соңынан ереді. Шомылып келуге кетеді. Бас салады.

(1 – топта есектің сөзі, артық түлкінің сөзі)( 2- топта түлкінің сөзі, артық арыстанның сөзі)( 3- топта арыстанның сөзі артық есектің сөзі)

2. Дәптермен жұмыс.

Дәптерлеріне жазып алады.

Сөздік жұмыс:

Қулығына басады- қулық жасайды Ауыр азап шегіп- Шаршап, қиналып

Мұңын шағады- мұңын айтады Жұғын да жоқ – түк те жоқ

Жері – отты- жері шөпті
Ертегі кейіпкерлерін атап оларға сипаттама береді

Кейіпкерлер

Басты сипаты


Арыстан

Түлкі

Есек



аңқау

қу

аңқау

3. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру:

Ертегіні оқып мазмұндап келу.
Сабақтың тақырыбы: Байлық пен ақыл (Ертегі) 18

Сабақтың мақсаты: 1.Байлық пен ақыл ертегісімен таныстыру.

2. Тілін,сөзік қорын дамыту

3. Ақылды , тапқыр болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Мазмұнын айтқызу ә) Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Сұрақтарға жауап алу.

- Байлық деген не?

- «Денсаулық - зор байлық» дегенді қалай түсінесің?

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– Байлық пен ақыл ертегісімен танысу.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Оқып, талдау.

Ертегіні оқып беріп оны талдау.

Сұрақтарға жауап алу.

- Ертегі не туралы?

- Ертегі кейіпкерлерін ата.

- Әкесі байлығын кімге берімін дейді?

- Ұлдарының жауаптары қандай?

- Саған кімнің жауабы ұнады?Неліктен?

- Суретке қарап әр заттың кімге қатысты екенін айтыңдар.(37 бет)

2. Сергіту сәті. Көк аспанды шарлаймыз,

Ұшқан құсты санаймыз

Үшбұрыш боп тырналар,

Көк жүзінде жорғалар.
VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.

2. Топтық жұмыс

а) Берілген пікірге өз көзқарастарын білдіреді.

1 – топқа 2 - топқа

Ақылды болсаң, бай боласың. Бай болсаң ақылдың қажеті жоқ.
ә) Ойланып жауап береді.

Адал еңбек етіп көп ақша жинадың делік, Ол ақшаны қайда жұмсар едің?
3. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Ертегіні оқып мазмұндап келу.


Сабақтың тақырыбы: Төрт мезгіл(ертегі).

Сабақтың мақсаты: 1. Ертегіні мәнерлеп түсініп оқуға ,мазмұнын айта білуге

дағдыландыру

2. Тілін,сөзік қорын дамыту

3. Ақылды , тапқыр болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) дайындығын қадағалау

б) Психологиялық дайындық

Амансың ба алтын күн?

Амансың ба көк аспан?

Амансың ба достарым?

Сендерді көрсем қуанамын !

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Мазмұнын айтқызу ә) Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

  1. Сұрақтарға жауап алу.

  2. Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?

  3. Қандай?

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– «Төрт мезгіл» ертегісімен танысамыз.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Оқып, талдау.

«Төрт мезгіл» ертегіні оқып, түсіндіру, талдау.

2. Сергіту сәті.

VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту:

Суретпен жұмыс.

Сұрақтарға жауап алу.

- Ертегі не туралы?

-2. Дәптермен жұмыс.

Әр мезгілдің айларын дәптерлеріне жаздыру.

3. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру:

Ертегіні оқып мазмұндап келу.

Сабақтың тақырыбы: Қасқыр мен түлкі (Ауған ертегісі) 19

Сабақтың мақсаты: 1. Ертегіні мәнерлеп түсініп оқуға ,мазмұнын айта білуге

дағдыландыру

2. Тілін,сөзік қорын дамыту

3. Ақылды , тапқыр болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) дайындығын қадағалау

б) Психологиялық дайындық

Амансың ба алтын күн?

Амансың ба көк аспан?

Амансың ба достарым?

Сендерді көрсем қуанамын !

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Мазмұнын айтқызу ә) Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Сұрақтарға жауап алу.

Жұмбақ шештіріп жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Белестен шапқан бесті ат,

Бүкір келген желісті ат.

Бейғам елді іздейді, Кілемнің түрлеріндей жүні бар,

Малдан күлерін үзбейді (қасқыр) Айбатты жан шыдамас үндері бар. (түлкі)

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– қасқыр мен түлкі ертегісімен танысамыз.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Оқып, талдау.

«Қасқыр мен түлкі» ертегіні оқып, түсіндіру, талдау.

2. Сергіту сәті.

VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту:

Ертегіні рөлге бөліп оқиды.

Суретпен жұмыс.

Сұрақтарға жауап алу.

- Ертегі не туралы?

- Қасқыр неге ақсап жүре алмай келеді?

2. Дәптермен жұмыс.

Дәптерлеріне жазып алады.

Сөздік жұмыс: Қиралаңдап - ақсаңдап.

Ертегіден ақыл сөзді тауып дәптерлеріне жазады:

Өсек айту жақсылыққа жеткізбейді.

3. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру:

Ертегіні оқып мазмұндап келу.

Пәні: ана тілі Сыныбы: 2 Күні: Тексерілді:

Сабақтың тақырыбы: Ұр, тоқпақ (Ертегі)

Сабақтың мақсаты: 1. Ертегіні мәнерлеп түсініп оқуға ,мазмұнын айта білуге

дағдыландыру

2. Тілін,сөзік қорын дамыту

3. Ақылды , тапқыр болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Ертегінің мазмұнын айтқызу ә) Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Сұрақтарға жауап алу.

- Әдетте ертегі қалай басталады?

-Ерте, ерте ертеде

Ешкі жүні келте екен......немесе: Бұрынғы өткен заманда бір шал мен кемпір болыпты.

IV. Мақсат қою.Бүгінгі сабақтың мақсаты– тағы да бір ертегімен танысамыз.Ол Ұр, тоқпақ ертегісі.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Оқып, талдау.

Ертегіні мәнерлеп түсініп оқу, мазмұнын ашу, талдау.

Сұрақтарға жауап алу.

- Ертегі не туралы?

- Кемпір мен шал қандай күй кешіпті?

- Шалдың тұзағына не түседі?

- Кемпір шалдың оқиғасына сенеме?

- Шал қайда аттанады?

- Жолда не естиді?

- Шал Қазыбайдан не сұрайды?

- 44 беттегі серутте не көріп отырсыңдар?

2. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Құстай қанат қағайық.

Ұшып – ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.
VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.

2. Топтық жұмыс.

Ертегіні төменгідей ретпен әңгімелейді:

1- топ

2- топ

3- топ

4- топ

5- топ

Қаздың тұзаққа түсуі.

Шалдың қазды іздеп шығуы.

«Піс қазаным, піс»

«Құс есегім, құс»

«Ұр, тоқпағым, ұр»

3. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Ертегіні оқып мазмұндап келу.
Сабақтың тақырыбы: Сақина (Ертегі) 21


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет