Сабақтың мақсаты: Ы. Алтынсаринің «Кел, балалар,оқылық!»



бет4/5
Дата31.12.2019
өлшемі429.5 Kb.
түріСабақ
1   2   3   4   5
Сабақтың мақсаты: 1. Ертегіні мәнерлеп түсініп оқуға ,мазмұнын айта білуге

дағдыландыру

2. Тілін,сөзік қорын дамыту

3. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу

ә) дайындығын қадағалау

б) Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Ертегінің мазмұнын айтқызу

ә)Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Ребус шешкізу.

,,, ,,,, , ,, ,,,, , ,

Сағат қалам лифт экран шам

(Сақина)

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты – «Сақина» ертегісімен танысу.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Оқып, талдау.

Ертегіні оқып,мазмұнын ашып, талдау.

Сұрақтарға жауап алу.

- Ертегі не туралы?

- Егер осы сақина қолыңа түскен болса, не тілер едің?

- Осы ертегі бойынша қандай сурет салар едің?

- Ертегіні бөліктерге бөліп, ат қойыңдар.

2.Сергіту сәті.

VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.

2. Дәптермен жұмыс.

Дәптерлеріне жазып алады.

Сөздік жұмыс: Жиһаз бұл жерде: қымбат зат

Бітік- мол, қалың, көп

Арам пиғылды- жаман ойлы

Арамза- онбаған, залым.
3. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру:

Ертегіні оқып мазмұндап келу.


Пәні: ана тілі Сыныбы: 2 Күні: Тексерілді:

Сабақтың тақырыбы: Шибұт, Қылмойын, Қарынбас

Сабақтың мақсаты: 1. Ертегіні мәнерлеп түсініп оқуға ,мазмұнын айта білуге

дағдыландыру

2. Тілін,сөзік қорын дамыту

3. Адалдыққа, Шыншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а)Ертегінің мазмұнын айтқызу ә) Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) 50 – беттегі ертегі кейіпкерлері мен танысу.

IV. Мақсат қою.Бүгінгі сабақтың мақсаты– Шибұт, Қылмойын, Қарынбас ертегісімен танысу.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Оқып, талдау.

Мәтінді оқу, мазмұнын ашу, талдау.

Сұрақтарға жауап алу.

- Ертегі кейіпкерлерінің аттары кім екен? Неге солай аталған?

- «Ұрлық түбі қорлық» деген мақалды қалай түсінесің?

2. Сергіту сәті.

VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту:

іштей, дауыстап – тізбектей.

Оқыған ертегілерін жүйелейді.

Жан – жануарлар туралы ертегілер.

Қиял – ғажайып ертегілері.

Шыншыл ертегілер.

Аңқау арыстан

Қасқыр мен түлкі

Ұр, тоқпақ

Байлық пен ақыл

Сақина

Шибұт, Қылмойын, Қарынбас

2. Дәптермен жұмыс.

Дәптерлеріне жазып алады.

Сөздік жұмыс: Жан тапсыру - қайтыс болу, өлу

Мүрдем кету- өлу, өліп кетуі

Толтырған кестені дәптерге жаздыру.

3. Қорыту.

Сұрақтарға жауап алу

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

Сонымен атадан қалған мұра бөліміндегі ертегілер әлеміме таныс болдық.

  • Сендерге қай ертегі көбірек ұнады және несімен ұнады?

  • Бұдан басқа өздерін қандай ертегі білесіңдер?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру:

Ертегіні оқып мазмұндап келу.
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Аңшы балалары» 23

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру.

2. Білімін,есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– мазмұндама жазамыз.

Тақырыбы: Аңшы балалары

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мазмұндаманы оқып, талдау.

Аңшы балалары

Баяғыда бір аңшы екі баласымен елсіз – күнсіз аралда өмір сүріпті. Аңшы мекен еткен аралда аң мен құс көп екен.

Аңшының екі баласы адал, әрі қайырымды, құралайды көзінен атқан мерген боп ер жетіпті.

2. Сұрақтарға жауап алу.

- Мәтін кім туралы?

- Аңшының балалары қандай болып ер жетіпті?

- Аңшы қайда мекен етіпті?

3. Тірек сөздер мен сөз тіркестері:

Баяғыда, елсіз – күнсіз, мекен еткен, құралайды көзінен атқан мерген.

VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға мазмұндату.(3 – 4 оқушы.)

2. Дәптермен жұмыс.

Мазмұндаманы жазу.

2 – 3 оқушыға мазмұндаманы оқыту.

3. Қорыту.

- Сабақта не істедік?

VIII. Үйге тапсырма беру: Қайталау.

Пәні: ана тілі Сыныбы: 2 Күні: Тексерілді:

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік жырлары . Қой

Сабақтың мақсаты: 1. Жырларды түсініп оқуға,мазмұнын айта білуге дағдыландыру,

төрт түлік жырлары туралы түсінік беру

2. Тілін,сөздік қорын дамыту

3. Жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Ертегінің мазмұнын айтқызу ә)Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Сұрақтарға жауап алу.

- Атадан қалған асыл мұра бөлімі бойынша қандай саланы өттік?

- Онда біз қандай ертегілермен таныстық?

IV. Мақсат қою.

Бүгінгі сабақтың мақсаты– Төрт түлік жырлары туралы танысамыз.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Қазақ халқы төрт түлік малды ерекше құрметтеген.Өйткені мал деген жесе-

азық, мінсе-көлік қой.Ертегіде адамдар әрбір түліктің иесі бар деп түсінген.Сондықтан төрт түліктің иелерінің әрқайсысына «Малымызға ауру,індет жіберме,одан сақтай гөр,малымызды өсімтал ет»деп өлең сөзбен тіл қатады,тілек айтады.

Қазақ халқы «жылқы киелі мал,түйе ұлық мал,қой бейіштен шыққан» деп төрт түлігін әспеттеген.Өмірінің мәнін,тұрмыстың сәнін келтірер малды аса құрметтеген. «Малдың басынан ұрма», «Мал баққанға бітеді» деп оны қатерлеуге шақырған. «Ас көп болса,кәде көп» деп ежелден мал өнімін азық еткен алаш жұрты ас мәзіріне ерекше мән берген.Елінің басына амандық тілер батаның өзі «Төрт тілігін түлесін», «Мінгенің тұлпар болсын», «Ақ мол болсын», «Дастарқан байлығын берсін» деген сөз тіркестерінен тұратындығы бақыт та,береке де баршылықпен байланысты екенін хабардар етіп тұр.

Жұмбақ шешу: (Жұмбақты шешіп танысатын тақырыбымызда ашып аламыз)

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдыра киген тоны бар. (қой)

2. Оқып, талдау.

1. Мақал – мәтелді түсініп оқиды.

2. «Қой» атты жырды оқиды мазмұнын ашады, талдайды.

3. Сергіту сәті.

VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап – тізбектей.

2. Дәптермен жұмыс.

Дәптерлеріне жазып алады. Сызбаны толтырады.

Жүннен жасалатын заттар

Терісінен жасалатын заттар

Сүтінен әзірленетін заттар

Жіп иіріп нәски тоқиды

Кеудешелер.т.б тоқиды

Сырт киімдер тігеді

Құрт,май, сүт


3. Қорыту. - Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Жырды жаттап келу.

Пәні: ана тілі Сыныбы: 2 Күні: Тексерілді:

Сабақтың тақырыбы: Торы құлын.Сиыр

Сабақтың мақсаты: 1. Жылқы малының пайдасы туралы түсіндіру. Жырларды түсініп

оқуға дағдыландыру.

2. Тілін,сөздік қорын дамыту

3. Жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Жырды жатқа сұрау. ә) Мазмұнын айтқызу б) Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Сұрақтарға жауап алу.

- Халық малды неліктен ерекше құрметтеген?

- Мінсе-көлік дегенді қалай түсінесің?

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты – Жылқы туралы білу. Торы құлын жырымен танысу.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Оқып, талдау.

1. Мақал – мәтелді түсініп оқып, мазмұнын талдау.

Тұяқ тайға жеткізер,

Тай құнанға жеткізер,

Құнан атқа жеткізер,

Ат мұратқа жеткізер.

Мақал – мәтелдегі жылқыға қатысты сөздерді санамалап айтады

Тай, құнан, ат- бұлар жылқы малының жастарына байланысты айтылған.

2. Торы құлын жырын түсініп оқып, талдау.

- Жырда құлынды қалай сипаттаған?

2.Сергіту сәті.

VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту:

іштей, дауыстап – тізбектей.

2. Суретпен жұмыс:

Мәтіндегі сөздерді пайдаланып, торы құлынды сипаттайды.

Басы құп- құлдыр Жалы жібектей

Көзі моншақтай Саны білектей

Ерні жып – жымыр Құйрығы шашақтай

Жағы қалақтай Мойны садақтай

2. Дәптермен жұмыс.

Осы сипаттаманы дәптерлеріне жазып алады, және өз беттерінше жылқының пайдасы туралы сызба құрастырады.

Мысалы: Көлік Жылқы Әсемдік

Азық Байлық

3. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Жырды жаттап келу.
Сабақтың тақырыбы: Сиыр

Сабақтың мақсаты: 1. Жырды түсініп оқуға,мазмұнын айта білуге дағдыландыру.

2. Тілін,сөздік қорын дамыту

3. Жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Жырды жатқа сұрау. ә) Мазмұнын айтқызу б) Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Сұрақтарға жауап алу.

- Төрт түлікке тағыда қандай малды жатқызамыз?

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты – жырды түсініп оқуға, мазмұнын айта білуге дағдылану.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Оқып, талдау.

Мақал – мәтелді түсіп оқиды, мағынасын түсіндіреді.

Сиырлының үйі – айран,

Сиырсыздың үйі- сырдаң.
Сиырдың сүті – тілінде.

Жырды оқиды, талдайды.

Сұрақтарға жауап алу.

- Жыр не туралы?

2. Сергіту сәті.

VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту:

Іштей, дауыстап – тізбектей.

Суретпен жұмыс. Жырға сүйеніп сиырға сипаттама

Мүйізі айдай иілген

Мұрнын көкке шүйірген

Ірімшік, құрт, майы тілді үйіреді.

2. Дәптермен жұмыс.

Сиырдың пайдасы туралы әңгімелеп, дәптерлеріне жазады.

Сиырдың сүтінен әзірленетін тағамдар

Сиырдың терісінен жасалатын заттар

Сиырдың етінен әзірленетін

тағамдар

Айран

Құрт

Ірімшік

Сырт киімдер


Қазақша ет (бесбармақ)

3. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Жырды жаттап келу.


Пәні: ана тілі Сыныбы: 2 Күні: Тексерілді:

Сабақтың тақырыбы: Түйе.

Сабақтың мақсаты: 1. Түйе малының пайдасы туралы түсіндіру. Жырларды түсініп

оқуға дағдыландыру.

2. Тілін,сөздік қорын дамыту

3. Жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Жырды жатқа сұрау. ә) Мазмұнын айтқызу б) Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Жұмбақ шешіп сабақтың тақырыбын ашу.

Иір – иір денесі,

Сахараның кемесі.

Ащы шөптер - тамағы,

Шөлге шыдап бағады. (Түйе)

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– Түйе малының пайдасы туралы білу. Жырды түсініп оқу.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі.

-Түйе малы төрт түліктің біріне жатады. Түйенің екі түрі болады. Бірі – нар, екіншісі – екі өркешті түйе. Түйе шөлге төзімді болып келеді,олар айлар бойы су ішпей жүре береді.Сондықтан да оларды аталарымыз алыс сапарға шыққанда түйені пайдаланатын. Оның негізгі қорегі тікен шөптерді жейді.

2. Оқып, талдау.

1.Мақалды түсініп оқу

2. Жырды түсініп оқу

3. Сұрақтарға жауап алу

- Түйенің төлін қалай атайды? (Бота)

- Сүтін ше? (Шұбат)

- Түйенің жүрісі туралы не айтуға болады? ( Маң-маң басып жүреді)

- Түйе қандай шөпті жақсы көреді? ( Тікен шөп)

- Түйенің пайдасы қандай? (Көлік, тамақ)

3. Сергіту сәті.

VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту:

іштей, дауыстап – тізбектей.

2. Дәптермен жұмыс.

Дәптерлеріне жазып алады. Түйенің пайдасын сызбаға түсіреді.

Түйе



Көрпе тігеді, нәски тоқиды Тон пішеді

Шұбат жасайды

3. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру:

Жырды жаттап келу.

Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі

Сабақтың мақсаты: 1. Мәтінді мәнерлеп түсініп оқуға ,мазмұнын айта білуге

дағдыландыру

2. Тілін,сөзік қорын дамыту

3. Жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) Психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

а) Жырды жатқа сұрау. ә) Мазмұнын айтқызу б) Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

1) Сұрақтарға жауап алу.

- Төрт түлікке нелер жатады екен?

- Олардың пайдасы қандай?

IV. Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты– мәтінді түсініп оқуға ,мазмұнын айта білуге дағдылану

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Оқып, талдау.

Мәтінді оқып түсідіріп,талдау.

Сұрақтарға жауап алу.

- Мәтін не туралы?

- Қандай үлік қандай жерді, қандай кісіні қалайды екен?

- Төрт түлікті бағып- күтүге байланысты еңбек түрлерін ата.

2. Сергіту сәті. Көк аспанды шарлаймыз,

Ұшқан құсты санаймыз

Үшбұрыш боп тырналар,

Көк жүзінде жорғалар.

VI Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту:

Іштей, дауыстап – тізбектей, рөлге бөлін оқу.

Мәтінді сахналайды.

2. Дәптермен жұмыс.

Дәптерлеріне жазып алады.

Берілген сөздер

Мәтіндегі осы сөздердің мәні.

1. Тұрмыс жағдайы төмен

2. Еңбекқор адам

3.Батыл, өжет адам

4. Шаруасы жақсы бай адам

Қоры үзілген

Шаруа құған

Найза ұстаған

Ел ішінде зорға бітем



3. Қорыту.

- Сабақта не жайлы әңгімеледік?

VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: Мәтінді оқып келу, мазмұндау.
Пәні: ана тілі Сыныбы: 2 Күні: Тексерілді:

Сабақтың тақырыбы: Қожанасыр мен ашқарақ (Аңыз)

Сабақтың мақсаты: 1. Аңыз туралы түсінік беру, мәтінді мәнерлеп түсініп оқуға,

мазмұнын айта білуге дағдыландыру

2. Тілін,сөзік қорын дамыту

3. Әдепті болуға тәрбиелеу


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет