Сабақтың мақсаты: Көктамырдан қан алу,көктамыр ішілік тамшылы жүйені жинау,тамыр ішіне тамшылап құюдың техникаларымен таныстыру



бет5/37
Дата21.01.2022
өлшемі1,1 Mb.
#113075
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
07b20c0a-0f43-435a-8178-6fe58b3b1298-Мейіргер-ісінің-негіздері-СД203-практика-544357

Назар аударыңыз! Май ерітінділерді және суспензияларды көк тамырдың ішіне енгізуге болмайды!

Инені тамыр ішіне енгізер алдында шприцтің ішінен ауаны тиянақтап шығару керек: шприцтің ішінде кішкентай көпіршіктер қалып қою мүмкіндігінен дәріні көк тамырдың ішіне түгелімен жібермей, шприцтің ішіне 1-2 мм қалдыру керек.

Трансфузияны өткізгенде көк тамырдың ішіне тамшылау жүйесінен ауа түсу қауіпі бар. Оның ішінде бірде-бір ауа көпіршігі қалып қоймау үшін жүйені тиянақтап ерітіндіге толтыру керек. Жүйені көк тамырға жалғастырғанда «ағынға-ағын» принципін сақтау керек.

Көк тамырға егулерді көбінесе, жедел көмек жасағанда қолданады. Көк тамырға енгізгенде ең тиімді әсер тигізетін дәрілерді және тек қана көк тамырға енгізуге болатын (кальций хлорид 10%) дәрілерді егеді.

Көк тамырға егу үшін сиымдылығы 10-20 мл, инесінің ұзындығы 40 мм, диаметрі 0,8 мм шприцтерді қолданады.Инъекция салатын анатомиялық жерлер: Шынтақтың ішкі аймағындағы көк тамырға,қолдың сыртқы бетіндегі көк тамырға,бұғана астындағы көк тамырға/катетер арқылы/.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет