Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері



бет2/4
Дата04.12.2022
өлшемі1,21 Mb.
#161146
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Алейдар Сымбат

Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
  • Сондай-ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады.
  • Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады.
    • Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандық -тары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілік- ті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.
    • Сонымен қатар мамандық таңдау факторларына мыналарды жатқызуға болады:
    • «Білгім келеді» - (қызығушылық, бейімділік).
    • Қызығушылық- қандай да бір саланы, құбылысты танып білуге ,
    • оны зерттеуге деген құмарлық.
    • Бейімділік - қандай да бір қызметпен айналысудағы икемділік.
    • «Қолымнан келеді» - (қабілет, денсаулық жағдайы).
    • Қабілет- адамның қандай да бір қызметті орындаудағы жеке -дара
    • қабілеті, шығармашылық мүмкіндігі.
    • «Маған керек»- (қажеттілік, сұраныс)
    • Қоғамға әр түрлі саланың мамандық иелері қажет. Мамандық таңдауда өзіннің мамандығынның еңбек рыногындағы сұранысын білу мен қатар, болашақта өзіңнің еңбекке араласу мүмкіндігінді білу керек.
    • КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
    • Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:
    • Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицеилер, кәсіптік мектептер.
    • Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.
    1   2   3   4




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет