Саптық жарғы әскери қызметшілердің және бөлімшелердің саптық тәсілдерді орындау ережелері мен тәртібін, саптық байқау өткізу ретін, сап алдындағы әскери қызметшілердің міндетін, сондай – ақ ұрыс алаңында жылжи білу жолдарын баяндайды.
ҚР ҚК-де сонымен қатар ұрыстық жарғылар да болады. Ол жарғыларда сарбаздың ұрыстағы іс - әрекет тәсілдері мен міндеттері оны жүргізудің негізгі принциптері, әскерлерді басқару тәсілдері мазмұндалады. Ұрыстық жарғылар қазіргі кездегі әскери өнердің негізін, жеңіске жету ғылымын ұсынады.
Жарғылар әскери қызметшілер бойында қажетті дағдылар мен әдеттерді қалыптастыруға ықпал етеді, олардың ерік – жігері мен мінезін шынықтырады, ішкі тәртіптілікті қалыптастырады. Сондықтан жарғы талаптарын барлық әскери қызметшілер қай жерде болса да, мысалы, сапта немесе саптан тыс, бөлім аумағынан тыс жерлерде болмасын - орындауға міндетті.
Әскери қызметші ҚРК, заңдарын қатаң сақтауға, әскери жарғылардың талаптарын орындауға; Әскери антына адал болуға, халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ҚР қорғауға, әскери борышын орындауға, өз Отанының патриоты болуға, әскери қызметшілердің арасындағы достықты нығайтуға, командирлерге сөзсіз бағынуға, және оларды ұрыста қорғауға, қасық қанын аямай жолдастарына көмектесуге, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын сақтауға, берілген қаруды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери қызметшілердің ар – намысы мен абыройын құрметтеуге, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті.
Әскери қызметші жеке басының және қызмет бабындағы мәселелер бойынша өзінің тікелей бастығына, ал оның әрекетсіздігі жағдайында одан жоғары бастыққа жүгінуге тиіс.
Әскери қызметші жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, лауазымды тұлғалар мен басқа органдардың және қоғамдық бірлестіктердің заңсыз іс - әрекеттеріне мемлекеттік басқару органдарына, құқық қорғау органдарына арыздана алады.
Әскери жарғыларда армия дамуының көп қырлы тәжірибесі берген барлық жаңалықтар жинақталады. Оларда әскери қызметшілерге қойылатын талаптар қысқаша анық түрде мазмұндалады.
Біздің жарғыларымыздың басты талабы - әскери қызметшілердің Отанды қорғаудағы жеке басының жауапкершілігіне, өз халқына, Отанына адал қызмет етуіне, жоғары қырағылық пен тұрақты ұрыстық дайындықты ұстап тұруына негізделген.
Біздің барлық жарғыларымыз адамгершілік принциптеріне негізделіп жасалған. Сонымен қатар жарғылар әскери қызметшілердің бір – бірімен қарым – қатынас жасаудағы сыпайгершілігін, қайырымдылығын қарастырады. Әскери жарғылар әскери қызметшілерден қоғамдық орындар мен көшеде өзін абыроймен
ұстау және мораль талаптарын қатаң сақтауды, ұстамдылық пен қарапайымдылықты, жоғары мәдениет үлгісі бола білуді талап етеді. Әскери қызметшілер қызмет мәселелері бойынша бір – біріне «сіз» деп тіл қатулары тиіс.
Әскери жарғылардың өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, жарғылар әскери атағы мен қызмет жағдайы бойынша қатаң бағынушылықты қарастырады. Ішкі қызмет жарғысына сәйкес кейбір әскери қызметшілер өз қызмет жағдайы мен әскери атағына байланысты – бастық және бағынушы, басқаларға қарым – қатынасына қарай – үлкен және кіші болуы мүмкін. Бастықтар өз бағынушыларына бұйрық беруге құқығы бар және оның орындалуын тексеруге тиіс. Бағынушылар өз бастықтарының айтқанын тыңдауға тиіс. Тәртіптік жарғыда былай деп көрсетілген: «Командирдің бұйрығы барлық бағынушылар үшін заң. Бұйрық дәл өз уақытында орындалуы тиіс».
Әскери ұйымдар жарғы ережелерінсіз, олардың талаптары мен нормаларынсыз жұмыс істеулері мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |