№ 7-8 сабақ. Менің ұстаздарым
Сабақтың мақсаты:
- ұстаз еңбегін құрметтей,бағалай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, ойын, оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап, интерактивті әдіс.
Қажетті оқу құралдары: оқулық, дәптер, түрлі-түсті бояу, қайшы, желім.
Сабақ барысы
1.Шаттық шеңбері: Жарқын жүзді ұстазым
Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа,
Шәкіртім деп қуанып.
1.Ұстаз деп кімдерді айтамыз?
2. Сендер кімдерді өздеріңе ұстаз санайсыңдар?
3. Ұстаздарыңды қалай қуантар едіңдер?
Оқулықпен жұмыс: "Табанды бала"
Ұстаз
Күлімдеген,
Күнімдеген,
Қамқор болған ұстазым.
Жаны жайсаң,
Жайдары жан,
Ұғындырған сөз сазын.
1. Өлеңде ұстаз деп кімді айтады?
2. . Өлеңде ұстаз бойындағы қандай жақсы қасиеттер айтылған ?
Суреттерге қарап,ұстаздық еңбек туралы айтып берідер.
Достарыңызбен бөлісу: |