Сабақтың мақсатын қою; Үй тапсырмасын тексеру; Өтілген материалды қайталау; Жаңа материалды түсіндіру


, 6 сыныптарда математиканы оқыту әдістері



бет43/59
Дата24.01.2022
өлшемі81,55 Kb.
#113869
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59
Байланысты:
Испр. қазіргі заман

35. 5, 6 сыныптарда математиканы оқыту әдістері

Математиканы оқытудың жалпы әдістеріне проблемалық оқыту, эвристикалық әдіс, бағдарламалап оқыту әдістері жатады.

5, 6 сыныптарда проблемалық оқыту әдістерін қолдануға болады. Мысалы мәтіндік есептерді шешу барысында қолданады

Проблемалық оқытудың мәні мұғалім проблеманы өзі қойып, оқушылар шешеді. Мұндағы басты проблема теореманы дәлелдегенде оны қалай дәлелдеу емес, дәлелдеуді қалай ісдестіру, іздестіруге оқушыларды қалай тарту мәселесі.

Проблемалық оқыту оқцшылардың ойлау қызметін жандандырудың негізгі құралы проблемалық ахуал туғызудан басталып, мына негізгі сатыларды қамтиды:

  1. Проблеманы тұжырымдау;

  2. Оны шешу тәсілдерін табу;

  3. Проблеманы шешу;

  4. Қорытындыны тұжырымдау;

  5. Таңдап алынған шешудің дұрыстығын көрсету.

Эвристикалық әдіс оқыту процесінде оқушылардың белсенді танымдық қызметін пәрменді ұйымдастыруға көмектеседі. Бұл әдісті қолданғанда оқушылар өздерінің алдына қойылған проблемаларды шешіп, шағын жаңалықтар ашады. Эвристикалық әдіске тән сипат мұғалім мен оқушылардың арасында тура және кері байланыстың болуы. Мұның нәтижесінде материалды сыыптың қалай игергенін байқауға кез келген оқушының, өз қабілеті мен инициативасын көрсетуге жағдай туғызуға мүмкіндік береді

Эвристикалық әдісті қолданғанда берілетін сұрақтар жүйесі логикалық жағынан мінсіз, материалдық мазмұны мен дәлелдеуін түгел қамтуы тиіс және қысқа, әрі анық болуы керек.

Бағдарламалап оқыту әдісі оқу материалын арнайы бағдарлама бойынша мұғалім шағын бөліктерге бөлшектейтін және әрбір оқшының іс әрекетінің сипаты мен ретін анықтайтын, сондай ақ оқытылатын материалды меңгеру барысын ұдайы баылауға көмектесетін дидактикалық жүйені түсінеді.

Бағдарламалап оқытудың ерекшеліктері мынадай:

  1. Бағдарламалап оыту әдісі оқытуды жекелеп жүргізу қағидасына негізделген. Оқу материалын оқушылардың өздігінен меңгерулері жүзеге асады. Оқушылар оқу құралы бойынша өз бетімен оқып үйрену үшін бар қабілетін, ақыл ойын жұмсайды. Оқу құралында оқушыларға қажетті бар теориялық материал, оқушы ойланып шешімін табатын тапсырма, сұрақтар келтіріледі.

  2. Оқу материалы оқып үйренуге ыңғайлы бірнеше шағын бөліктерге бөлініп беріледі.

  3. Әрбір бөліктің соңында, оқушылардың қаншалықты меңгергендерін тексеретін сұрақтар қойылады.

  4. Оқушы жауабының дұрыстығын бірден оқу құралындағы эталог жауаппен салыстырып тексеріп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет