Сабақтың тақырыбы: У дыбысының дауысты болып айтылуы.
Сабақтың мақсатыты:«У»дыбысының бірде дауысты бірде дауыссыз болып келуінің себебін тілдік
мысалдарды байқату негізінде түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:б) Берілген сөз,сөйлем ішінен «у» дыбысын
тауып,оның дауысты,дауыссыз екенін
ажырата білуге үйрету.Сөздерді мағыналары-
на қарай топтастырып,сөздерді буынға бөле
білу білігін жетілдіру.
д)Оқушылардың ой-өрісін,сөздік қорын,жүйелі
баяндау,көркем жазу,сауатты оқу дағдысын
арттырып,танымдық,есте сақтау қабілеттерін
дамыту.
т)Өлең мазмұны арқылы өз ана тілінің қасиетін
ұғындра отырып,тілін сүйетін,туған жерін
қадірлейтін жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілгі:сөздер,тірек сызба,ребус,текшелер,у дыбысы
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,танымдық ойлау,талдау,топтау,
рефлексия.
Cабақтың түрі:Дәстүрлі емес.
Сабақтың типі:Білім жетілдіру.
Сабақтың барысы:
І.Мотивациялық-бағдарлау кезеңі.
-Ертеде, «Дыбыс» деген үлкен шаhар болыпты. Бұл елде дыбыстар өмір сүріпті. Дыбыстардың түрлері, дауысты дауыссыз дыбыстар, олардың түрлері болыпты. Олардың тіпті өздеріне тән түстері, киімдері, таңбасы, сөз ішінде өз орындары болыпты.
«У»дыбысы өзінің дауысты не дауыссыз екенін ажырата алмапты. Өзін- өзі ажырата алмағандықтан, шаршағаны сондай «У»дыбысы қашып кетіпті.
Қане іздеп табайық.
Оқушылар:Ау-у-у,У қайдасың?
Оқушылар тауға шығып іздепті.Тау етегінен мына қағазды тауыпты.
Таудың суреті:
У - -шешуін табу.
Берілген сызбаға сәйкес ережені қайталау.У дыбысының қай кезде дауыссыз болатынын еске түсіру.
Тау етегінде «Жайлау»бар екен.( жайлаудың суреті) Балалар жайлауда жайланып, үй тапсырмаларын тексерді.
Үйге берілген 53-жаттығуды оқу.У дыбысының қай уақытта дауыссыз болатынын ережеге сүйене отырып дәлелдеу.
Сонымен у дыбысы өзінің қай уақытта дауыссыз болатынын түсініпті.
Қуанып келе жатқан балалар жол жиегінде жайқалған бау-бақшаға кездесіпті.Қарындары ашқан балалар жеміс-жидек жемекші болады.Бағбан атай олардан жөн сұрасыпты.
ІІ.Операциялық-орындаушылық кезең
Әңгіме үсінде бағбан ата балардан ана тілі туралы өлең шумағын сұрапты. Тіл айлығына байланысты ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін жатқа айтады.
Өсірген ой,білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
-Өлеңді мәнерлеп оқу.
-Мәнін бірігіп ашу.
-Тез жаттап алған балаға жеміс бермекші екен.
-Қане,жаттап алайық.
-Атай жаттаған балаларға жеміс және қалам беріпті.
55-жаттығу.Өлеңді жатқа жазу.Әр жолын 1 оқушы тақтаға жазады.
Тексеру.бағалау.У дыбысы бар сөзді сызу.Қай жерде дауысты, қай жерде дауыссыз екенін қызыл, көк текшемен белгілеу.
Туған, білуді сөзінің ішінен У дыбысын табу.
У -шешуін табу.
Балалар атаймен қоштасады.
У дыбысы өзінің қай уақытта дауысты болатынын түсіне бастады.
Олар туған ауылдарына қайтып келе жатып жайқалған түймедақтарға кездеседі.
57-жаттығу. Сөздерді буынға бөлу.У дыбысының дауыссыз, дауысты екенін ажырату, дәлелдеу.Көк, қызыл текшемен белгілеу.
уа-қыт
е-ле-уіш
о-тау
о-қу
жай-лау
тәу-лік
уыз-дай
уа-қыт
Сөйтіп олар ауылдың сыртына келіпті. Ауыл сыртындағы үлкен тақтайға құпия сөз жазылыпты.Ол сөз мына ребусты шешсеңдер табылады.
,,Айту ғ анар ,, 7 ,, р
Шешуі: Туған жер
Олар өз туған жеріне оралыпты.
Туған жер туралы әңгіме құрау.
Мақал- мәтел айту.
ІІІ.Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
Сәйкестендіру тесті.
қуыс
бауырсақ
тауық У
қуырдақ
санау
тура
азайту
науа
қоңырау У
тоқу
сулық
Ережені қорыту.
Үйге тапсырма беру.
56-жаттығу.
Ережені жаттау.
Бағалау.
Бағалау парағы. (Әр оқушыда болады)
Оқушының аты- жөні
|
Ереже
|
Үй жұмысы
|
|
С
|
Тест
|
Ереже
|
Ұпай
|
|
|
|
|
|
|
|
|
26-30 ұпай –«5»
21-25 ұпай -«4»
16-20 ұпай- «3»
Достарыңызбен бөлісу: |