Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік толқындар тарауын қайталау
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Электромагниттік толқындар тарауын талдай отырып, оның
өмірде қолданылуы мен зияны жайлы ғылыми білім беру
Дамытушылық: оқушылардың оқу материалын талдай білу, бақылау,
салыстыру, қорытынды жасау дағдыларын дамыта отырып,
танымдық көзқарастарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушыларды электромагниттік толқындардан өз ағзаларын
дұрыс қорғай білуге,ұйымшылдықпен шешім қабылдауға,
жауапкершілікті сезініп,бір-бірінің пікірін тыңдауға,
мақсатқа жетуге талпынуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білімді дамыту.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтастыру, сұрақ-жауап , есептер шығару,талдау
баяндау, сәйкестендіру, экспериментте дәлелдеу,
критериалды бағалау
Бағдарлама модульдерінің кіріктірілуі: сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,
оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда
АКТ-ны пайдалану,оқытуды басқару және көшбасшылық.
Сабақтың көрнекіліктері: үлестірме материалдар, слайд,электромагниттік
толқынды тарататын және қабылдайтын рупорлар, постер
бейнежазба,плакаттар,сәйкестендіру парақтары,бағалау
парағы, тест сұрақтары,Ньютон сақинасы, дифракциялық тор.
Пәнаралық байланыс: биология, информатика, математика, тарих
Қолданылған технология: интербелсенді оқыту әдісі
Болжамдап отырған нәтиже:
Электромагниттік толқындар және оның қолданылу аясы,
пайдасы мен зияны жайлы теорияны меңгерген,толқындық
оптика заңдары мен формулаларын практикалык есептер
шығаруда қолдана алатын білімді тұлға қалыптасады.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (отырыстары,оқу құралдары)
4. Сыныпты топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Теориялық білімдерін тексеру.
2. Практикалық білімдерін тексеру.
ІІІ. Эксперимент көрсету
IV. Формулаларды сәйкестендіру
V. Есептер шығару
VІ. Сергіту сәті (Проблемалық сұрақтар)
VІІ. Тараудың ғылымилығы
(электромагниттік толқындардың өмірдегі пайдасы мен адам ағзасына зияны
және одан сақтану жолдары жайлы оқушылардың ғылыми көзқарастары )
VІІІ. Сабақты қорытындылау (слайд арқылы)
ІХ. Оқушыларды бағалау.
Х. Үйге тапсырма беру.
ХІ .Рефлексия
Сабақ барысы:
Кешенді - сатылай сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
4. Сыныпты шариктер арқылы топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Теориялық сұрақтар:
Электромагниттік толқындар және оның қасиеттері
Электромагниттік толқындар шкаласы
Жарық дегеніміз не? Жарықтың вакуумдегі жылдамдығы
Жарықтың екі жақтылық қасиеті (Ньютон және Гюйгенс принципі)
Спектр дегеніміз не?
Жарықтың қысымы
2. Постер қорғау
І топ - электромагниттік толқындардың толқындық қасиеттері туралы ІІтоп - электромагниттік толқындар шкаласы және жарық дисперсиясы
в) Интерференция – әр түрлі толқын
көзінен таралған толқындардың қосылуы
|
г) Поляризациялану- өріс тербелістері бір
бағытта өтетін электромагниттік толқын
|
|
|
Δr – толқындардың жүрген жол айырымы
n=0, 1, 2…
|
Поляризация құбылысы электромагниттік
толқынның көлденең толқын екенін дәлелдейді.Өріс тербелістері бір бағытта өтетін электромагниттік толқындыполяризацияланған толқын деп атайды
|
Достарыңызбен бөлісу: |