Сабақтың мақсаттары: Білімділік



бет1/6
Дата09.08.2017
өлшемі5,15 Mb.
#23094
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Г. ТУЛЕГЕНОВА

Ленин атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы

XI – XV ғасырлардағы Испания

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: XI – XV ғасырлардағы Испанияның саясидамуын оқып – білу, испандықтардың арабтарға қарсы күресінің барысымен танысу және Испанияның бірігу үдерісін оқып білу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, салыстыру, қорытынды жасау, тарихи фактілерге сараптама жасау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оққушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, оларды мәдениет құндылықтарын сақтауға және толеранттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.

Әдістер: Репродуктивті, жартылай іздену, проблемалық, ауызша баяндау, көрнекілік, практикалық.

Көрнекілік құралдар: «Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа елдері» картасы, оқулық, слайдтар, «Ойлан, тап!» электрондық ойыны, қосымша деректер.

Дидактикалық материалдар: терминологиялық сөздік, сызбанұсқа, тест, сұрақтар.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқушыларды сабаққа эмоционалдық – психологиялық бағыттау.



ІІ Жаңа сабаққа әзірлік.

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Арабтармен күрес.

  2. Реконкиста.

  3. Испанияның бірігуі.

  4. Католик шіркеуі.

  5. Инквизиция және күпірлерге қарсы күрес.

Испания – Батыс Еуропадағы аса ірі мемлекеттердің бірі. Оның қазіргі дамуы туралы қысқаша тоқталайық.

Оқушының қосымша дерегі айтылады.

Біз бүгін бір орталыққа бағынған Испанияның тарихын қарастамыз.Ол үшін арабтар Испанияға қалай келгенін білу шарт.



Оқушының қосымша дерегі.
711 – 714 жылдары Пиреней түбегіндегі Вестгот корольдігіне арабтар өз үстемдігін орнатты. Вестготтағы арабтарды маврлар деп атаған. Өйткені Олар Солтүстік Африкадағы Мавритания деген жерден келген.Вестгот корольдігі кейін Испания деп аталды.

Сабақ барысында жаңа термин сөздерді сөздікке жаза отырыңдар.

Арабтардың келуімен Испания елінде болған өзгерістерді тауып, сызбанұсқаға түсіріңдер.

Сызбанұсқаның орындалуы тексеріледі.

Араб әмірлігінің астанасы Кордова қаласы Еуропаның аса ірі қолөнер, сауда және мәдени орталықталығына айналды.



Кордова қаласында мәдени және қоғамдық өмірдің қандай жақтары дамыды?(Оқулықпен жұмыс).
Кордова қаласының кейбір жерлеріне назар аударайық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет