Сабақтың мақсаттары: Қысқы ұйқыға кететін жануарларды анықтайды; Қысқа қорек жинайтын жануарды анықтайды



бет8/10
Дата20.06.2020
өлшемі31,54 Kb.
#74119
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Сынып: 1 «Б»

Күні: 19.11.2019 ж.

Пән: Математика

Кабинет: 228

Тақырыбы: Сандарды салыстыру.

Мұғалім:

Өткізді: Жумабаева Аяужан

Өзін-өзі талдау
Сабақтың мақсаттары:

  • Сандарды салыстыру кезінде қолданылатын ұйымдарды пайдалану.

  • «+», «-», «=», «<», «>» таңбаларын, цифрларды қолдану.

Мен Жумабаева Аяужан 19-ші қараша күні Математика пәнінен сабақ жоспарын өткіздім. Сабақтың басын оқушыларды ортаға шығарып шаттық шеңберінен бастадым. Шеңберден кейін алдыңғы меңгерілген сабақты қайталадық. Сабақтың ортасында оқушылар арасында жұппен жұмыс ұйымдастырдым. Әр оқушы бірнеше асық алады. Әр жұп қолдарындағы асықтарды салыстырады. Басқа жұптармен салыстырып, ең көп асық санының қай жұпта екенін табады. «Артық», «кем» ұғымдарын тексердім. Оқушылардың түсінгенін тексеріп, сұрақтар қойдым. Осы кезде оқушылар өзара бір-бірлерін бас бармақ арқылы бағалады. Сабақ ортасына таяған кезде оқушылармен біраз сергіп алу үшін «Ханталапай» ойынын ойнадық. Ойынның жалпы ережесі: Оқушылар шеңбер бойымен отырады. Мен асықтарды ортаға лақтырғанда балалар тез-тезден жинап алу керек. Кім ең аз жинаған бала ойыннан шығады. Ойыннан кейін оқулықпен жұмысқа көштік. Оқулықта суреттермен сызбамен жұмыстар жасадық. Сосын біртіндеп жұмыс дәптеріне көштік. Сабақтың соңында кері байланысқа «Айға ұшу» ойынын ойнаттым.

Сабақ өткізген: Жумабаева А.С______________

Павлодар қаласының № 25 жалпы

орта білім беру мектебінің практиканты Жумабаева Аяужан



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет