Сабақтың мақсаттары



бет1/2
Дата28.11.2016
өлшемі0,87 Mb.
#2745
түріСабақ
  1   2
Сабақтың  тақырыбы: Отбасы. Сенің  отбасың

Сабақтың  мақсаттары

Білімділік:  Оқушыларға  отбасы  туралы түсінігін қалыптастыру,отбасы мүшелерінің аттарын  дұрыс әрі анық  атауға  үйрету, әр отбасының  өзіндік ерекшелігі болатыны туралы ұғымдарын кеңейту, және отбасы мүшелерінің  міндеттері мен өзара қарым қатынасы жайлы әңгімелеу арқылы  түсіндіру.

Түрлі  тапсырмаларды  орындау  арқылы   сөйлеу  дағдыларын,шеберліктерін  қалыптастыру.



Дамытушылық:Ой-өрістерін, танымдық, шығармашылық, қабілеттерін, мәдени  ұқыптылық, әдептілік қасиеттерін,  топта жұмыс  жасау қабілеттерін, шеберліктерін, пәнге  деген  қызығушылығын,  дүниетанымын  дамыту.

Тәрбиелік:Балаларды  сауаттылыққа,үлкендерді сыйлауға, жинақылыққа  бірін-бірі  тыңдауға, қадірлеуге, еңбексүйгіштікке,  шығармашылыққа, жан-жақтылық  қасиеттерін  шыңдау  арқылы  тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың  типі:  Дәстүрлі  емес

Сабақтың  әдістері: көрнекілік, түсіндіру,  сөздік, шығармашылық жұмыс  ,  әңгімелесу,  баяндау, өз  бетінше  жұмыс,  нұсқау  беру. топтастыру.

Сабақтың  көрнекілігі: Көрнекі, көркем  суреттер,үлестірмелі  материалдар,бағалау  фишкалары,прожектор.

 Оқыту  технологиясы: Дамыта  оқыту  технологиясы.

 Пәнаралық  байланыс:  Дүниетану,  музыка, ана тілі, бейнелеу  өнері.

                                       



Сабақ  барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды  сабаққа даярлау

ә) Назарларын  сабаққа  аудару

б)Сабақтың  мақсат-міндетімен таныстыру.

І.Мотивациялық  кезең.

Сабақтың  мақсат-міндетімен  түсіндіру

    -Балалар  бүгінгі  дүниетану  пәнінен ашық сабағымыздың  тақырыбы:

 «Отбасы», «Сенің   отбасың», яғни, біз алғаш  дүниеге  келгеннен бастап  бізге  ең  қымбат  отбасында   өсіп-өніп, тәрбие мен  адамгершіліктің ең құндылығын  аламыз.олай  болса  бүгінгі  сабағымызға   белсене аралауға шақырамыз.

II. Сәлемдесу.

“Қайырлы  күн” деп айтамыз,

Түсте бірге  қайтамыз.

Отбасының гүліміз.

Көңілді өтер күніміз. ( Қимылмен орындау.)

ІІІ.Жаңа сабақ.

Отбасы.Сенің  отбасың.

Топтастыру.

Атасы                            Анасы

                 Отбасы                 Әкесі

Әжесі                         Балалар



Суретпен  жұмыс. 

          Менің атам                                                   


  Жүзі жарқын, жаны ізгі
  Жан бар ма екен атамдай,
  Бірақ  бала  тәрізді
  Тұрады  әкем бата алмай

Мәнді және маңызды,


  Толған  ылғи ой басы,
  Ертегі  мен  аңыздың

Таусылмайтын қоймасы.



Ой толғау.

«Өзіңнің отбасың туралы айтып бер»

Оқушылардың  ойын  талдау.

1.Сені кешке ұйықтатып, таңертең оятатын кім?

Отбасында сендерді қалай еркелетеді?

              Менің  әжем

Менің әжем ақ  әжем,

Ұл мен қыздың  бағы әжем

Ертегі  айтып  бер десең

Айтып  берер  тағы әжем.

Менің әжем, гүл әжем.

Алтын  әжем,  күн   әжем

Апам  үшін,  мен үшін

Нағыз  ана тілі- әжем

Менің әжем,нар  әжем,

Көп жасаған  кәрі әжем

Ауырғанда,

Мен   үшін

Әр  сүйгені  дәрі  әжем.

Оқулықпен  жұмыс.

Отбасы Сенің Отбасың

Отбасы әр адамның  шағын  отаны.Отбасынды өсіп-өніп  тәрбие алады. Біз жастаймыздан  өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді  сыйлауды, жақсы  көруді  отбасынан  үйренеміз. Бізге ең  жақын ең қымбат  жандар  отбасында яғни бірге  жанымызда  болады.  Отбасы ата –әженің  ұрпағынан  тарап,  шағын  мемлекетке  айналады.

Менің есімім Маржан 1- сынып оқушысымын.  Мен анама үйді  жинауға көмектесемін.Менің   оқуыма  ағам мен  ата-анам   көмектеседі. Біз тату –тәтті  отбасымыз .Менің  киімдерім шкафта тұрады. Ал  ойыншықтар   бәрімізге ортақ.

Әр  оқушы  Маржанның   жазғанына   қарап  өзін  суреттеп айтады. 

Мен  қолғабыс етемін  деген

 тақырыпта  әңгімелесу.

        Сергіту сәті.

Кел,санайық екеуміз.

Бас бармағым –атам.

Балаң үйрек-апам.

Ортан  терек –ағам.

Шылдыр  шүмек –мен.

Кішкене  бөбек- сен.

Бір үйде  біз нешеуміз?

Бір  үйде бесеуміз

      Дәптермен жұмыс

Дүниетану  жұмыс дәптеріне өз отбасым  менің  туған үйім атты тақырыпта сурет салу.

Салған  суреттерін талдау.



Қорытындылау:

Отбасы мүшелерін ата.

Өз үйіңдегі отбасы мүшелерінің міндеттері туралы айтып бер?

Отбасыңа қандай көмек көрсетесің?

Ата – анаң қайда жұмыс істейді?

         Біз не білдік?

•      Ата,әже –отбасы тірегі.Оларды  сыйлау керек.

•      Ата әже әке ана,ұл қыз –бәрін отбасы дейміз.

•      Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы көреді.

     Қорытынды сөз.

Отбасы -әр адамның шағын     отаны.

Отбасы шағын-мемлекет.

     Үйге тапсырма:

1.Мәтінді оқып, түсінік айтуға дайындалып келу;



2. “Менің Отбасым” тақырыбында сурет салу.

Бағалау. Оқушыларды  жұлдызшалар арқылы бағалау. М

Сабақтың тақырыбы: Көптік жалғауы

А) білімділік: оқушыларды зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
Ә) дамытушылық: ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық іскерлік есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Б) тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке бірін-бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, слайд
Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері

Білер қазақ баласы,

Сәлем- сөздің анасы.

Алдымызда отырған,

Қонақтарға ізетпен,

Біздер сәлем береміз!

Оқушылардың оқу құралдары түгелденіп, бүгінгі сабақтың ерекше екендігі айтылады және қонақтар келіп отырғанын ескертемін
ІІІ. Өткенді пысықтау
-Үйге қандай тапсырма бер
ілді?

1) 142-бет 5-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Жекеше, көпше айтылған зат есімдерді табу. Өлең мазмұны бойынша әңгіме құрастырып жазу.



- Зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі деген не?
- Көптік жалғауларды ата.
Зат есімнің жекеше және көпше түрлерін сурет арқылы айту


Жүзім -жүзімдер ,
Қарбыз - қарбыздар.

Кітап -кітаптар
Мағынаны тани білу
3.Жаңа сабақ

- Ендеше балалар дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып алайық.
Ақпанның 24-і.
Көптік жалғауы.
Көркем жазу (Оо) Омар, қоңыз, орамал, қораз.



1-жаттығу. Сөздерге тиісті жалғауларды қосып жазу.

Іні (-лар, -лер), қарындаш (-дар, -тар), терезе (-дер, -лер), ағаш (-дар, -тар), жіп (-тар, -тер), жүзім (-тер, -дер).
2-жаттығу. Берілген сөздерді кестедегі орындарына жазу.

Әжелер, қояндар, бала, дәптер, жазушы, шелектер, шаңғы, балалар.

кім?

не?

кімдер?

нелер?


























Сәйкестендіру тесті
алам..........................лар
Жануар.......................лер
Кілем..........................дар
Ит................................дер
Ине..............................тар
Доп..............................тер
3-жаттығу. Н.Әлімқұловтың «Тау көрінісі» өлеңін мәнерлеп оқып, көптік жалғауы бар зат есімдерді теріп жазу. Қия сөзіне түсінік бер

ҚИЯ – Бip жағына қарай қисайған, құлама, тік. ~ жартас, ~ бет, ~ жол.
Көптік жалғаулары бар сөздерді көшіріп жазу
Бұлттар, боталар, жоталар (тақтада орындалады )


Каталог: uploads -> doc -> 12b7
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12b7 -> Сабақ 3 сынып Әлiппенiң атасы (А. Байтұрсынов жинағынан)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет