Қазақ музыкасының ең биік тұлғасы – Ахмет Қуанұлы Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру. “Ақ көгершін” әні.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту, ән иірімдерін дұрыс ести білу, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту, әнді дұрыс орындауға машықтандыру.
Тәрбиелік
Әнді тыңдату, айту арқылы Отанын сүюге, рухани адамгершілікке, өз ісіне сенімі мол, еңбекқор, мейрімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу.
Үй тапсырмасын тексеру:
1. Қазақстандағы алғаш ән-романс жазған композиторлар кімдер?
Евгений Григорьевич Брусиловский (1905-1981)
Халық музыкасы негізінде жазылған алғашқы қазақ операларының авторы. Көптеген жылдар бойы консерваторияда ұстаздық қызмет атқарды.
Е. Брусиловский – алғашқы Қазақстан Республикасының Әнұраны авторларының бірі.
“Қыз Жібек”, “Ер Тарғын” сияқты алғашқы қазақ операларының авторы.
Мұқан Төлебаев (1913-1960)
Қазақтың дарынды композиторы, ұлттық кәсіби музыканың негізін салушылардың бірі.
М. Төлебаев “Біржан-Сара” операсы осы жанрдағы биік деңгейде жазылған таңдаулы шығармалардың қатарына жатады. Операда өмірде болған екі өнер саңлағының аңызға айналған айтысы, оларды қоршаған орта, әлеуметтік жағдайлар музыка тілімен көркем бейнеленеді.
М. Төлебаев – алғашқы Қазақстан Республикасының Әнұраны авторларының бірі.
Әбілахат Еспаев (1925-1980)
Дарынды композитор.
Ә. Еспаев негізінен вокалдық музыка жанрында (ән, романс, хор, баллада) еңбек етті. Ең алғашқы туындысы – “Туған ел” әні. Оның халыққа кең тарап, үлкен сүйіспеншілікке бөленген “Ақ сәуле”, “Ұстазым”, “Сағыныш екен бала кез”, “Қайдасыңдар, достарым”, “Маржан қыз”, “Шофёр әні” және т. б. әндері бар.
Нұрғиса Тілендиев (1925-1998)
Дарынды композитор, дирижёр және домбырашы.
Ол фольклорлық-этнографиялық “Отырар сазы” оркестрін құрып, көркемдік жетекшісі және бас дирижёрі болды.
Н. Тілендиев – халыққа кеңінен танымал “Алатау”, “Құстар қайтып барады”, “Әже туралы ән”, “Өз елім”, “Әке туралы жыр”, “Саржайлау”, Абайдың сөзіне жазылған “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” ән-романстарының авторы.
Шәмші Қалдаяқов (1930-1992)
Қазақстанның халық артисі, ән жанрында аты шыққа әйгілі композитор. Оның әндері республиканың барлық өңіріне кең тараған.
Ш. Қалдаяқовтың “Ақмаңдайлым”, “Ақ сұңқарым”, “Менің Қазақстаным”, “Қайықта”, “Ақ бантик”, “Арыс жағасында”, “Ана туралы жыр” және т. б. көптеген әндері әсем саздылығымен халық жанына етене жақын.
Латиф Хамиди (1906-1983)
Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылардың бірі. Ол Б. Ғизатовпен бірлесіп тұңғыш “Домбыра үйрену мектебі” атты кітап жазды.
Л. Хамиди – атақты “Қазақ вальсі”, “Бұлбұл” әндерімен қатар, “Отан”, “Аққу”, “Алтын бидай”, “Романс”, “Алматы”, “Бейбітшілік туы берік қолда”, “Лаула, костёр”, “Жайлауым – бақша жайнаған”, сынды ән-романстар жазған композитор. Л. Хамиди – Қазақстандағы вальс жанрының негізін салушы.
2. Композиторлар Л.Хамиди мен Н.Тілендиев шығармаларын ата.
3. Н.Тілендиевтің “Әке туралы жыр” атты әнінің мағынасынан не түсіңдің?
"Қазақ музыка өнерінің Гималайы -
Ахмет Қуанұлы Жұбанов"
Ахмет Жұбанов (1906-1968)
Академик, профессор, өнертану ғылымының докторы, қазақтың алғашқы кәсіби композиторы. Әр жанрда жазған көптеген музыкалық шығармалардың және музыкатану ғылымында баға жетпес “Ғасырлар пернесі”, “Замана бұлбұлдары” кітаптарының авторы.
А. Жұбанов Қазақтың Құрманғазы атындағы мемелекеттік академиялық халық аспаптары оркестрін құрып, оның алғашқы көркемдік жетекшісі және бас дирижёрі болды.