Сабақ тақырыбы: Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі
Сабақтың мақсаты: жасуша құрылысы мен қызметі тақырыбындағы тарауды қорытындылап, прокариотты және эукариотты ағзалар туралы түсінікті қалыптастыру;
Сабақтың міндеттері:
жасушаның құрылысы мен қызметі, цитоплазмадағы органоидтер және олардың байланысы , эукариотты және прокариотты жасушалардың ерекшеліктері туралы білімді бекіту;
шығармашылық- ізденушілік жұмыстарды жүргізу арқылы бақылау, салыстыру, талдау және дәйектер мен қорытындыны жинақтай білуді дамыту;
қоғам мен биология ғылымының дамуында ғылыми жаңалықтардың маңызы арқылы оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын кеңейтіп, ой-өрісін кеңейту, көрнекілік құралдар арқылы эстетикалық тәрбие жақтарына көңіл бөлу;
Сабақтың типі : қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: проблемалық оқыту технологияларын қолдану
Керекті құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, мультимедиялық проектор, «Жасуша құрылысы» суреттер және слайдтар жинағы, оқушының нұсқаулық жұмыс парағы, сызба-нұсқалар т.б.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру бөлімі
оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру
оқушыларда сабақ мақсаты және жоспарымен таныстыру
оқушылардың нұсқаулық жұмыс парақтарын тарату, түсіндіру
Кіріспе бөлімі
Интерактивті тақтаға жасушаның суреті қойылады. Сұрақтар:
Суретте не көрсетілген?
Жасуша организмнің қандай бөлігі болып табылады?
Жасушаны қандай ғылым зерттейді?
Жасушаның ашылу тарихы туралы не білеміз?
Жасуша теориясының негізін қалаған қай ғалымдар?
Негізгі бөлімі
3.1. Интерактивті тапсырма арқылы сабақтың тақырыбын анықтап алу.
Оқушылар жұмыс парағындағы тапсырманы орындайды. Төмендегі сөздерді мән-мағынасына қарай екі бағанға орналастыру: 1.Митохондрия, 2. Вакуоль, 3. Нәруыз, 4. Липидтер,5. Майлар, 6. Пластидтер,7. Лизосома, 8. Рибосома,9. Тұздар,10. Ядро, 11.Эндоплазмалық тор,12.Глюкоза ,13. Гольджи жиынтығы,14. Су;( интерактивті тақтада тапсырманы бір оқушы орындап, интерактивті қаламның көмегімен сөздерді орналастырады да, әр бағанға тақырып қойып, бүгінгі сабақтың тақырыбы анықтайды)
3.2. Жасушаның құрылысы көрсетілген сурет бойынша интерактивті тапсырма беріледі. Бірінші тапсырмадағы органоидтерді жасуша құрылысы бар суретке, сандар бойынша (жұмыс парағында) орналастыру қажет. (бір оқушы интерактивті тақтада жасуша құрылысының органоидтері жазылған сөздерді сәйкес сандарға апарып, орналастырады)
3.3. Интерактивті тапсырма арқылы жасушадағы мембраналы және мембранасыз органоидтерді топтастырып алу. Оқушылар жұмыс парағындағы сызба-нұсқаны орындайды.
(бір оқушы интерактивті тақтада жасуша органоидтері жазылған сөздерді сызба-нұсқаға орналастырады) Митохондрия, хлоропласт және ядро ерекше түспен жазылады да, мұғалім оқушылардан олардың ерекше түспен боялып тұру себебін сұрайды. Бұл органоидтер қос мембраналы екені анықталады.
3.4. Жасуша органоидтері мен қызметтерін сәйкестендіру тапсырмасы.
1. Митохондрия
|
А. Заттарды қорытатын органоид
|
2. Жасуша орталығы
|
Б. Нәруыз биосинтезі жүреді
|
3. Лизосома
|
С. Тұқым қуалайтын ақпарат сақталады
|
4. Рибосома
|
Д. Жасушаның бөлінуіне қатысады
|
5. Гольджи жиынтығы
|
Е. Энергия түзіледі, жиналады
|
6. Ядро
|
Ж. Лизосоманы түзеді
|
( барлық оқушылар ақпараттық жұмыс парағында орындайды,ал бір оқушы интерактивті тақтада екі бағанды байланыстырады)
4. Шағын танымдық-ізденушілік жұмыстар.Салыстыру, талдау, қорытынды.
4.1. Митохондрия мен хлоропласт құрылысын салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау қажет.
(Оқушылар бұл тапсырманы, органоидтердің құрылысы бар, суреттер көмегімен орындайды , талдайды және қорытындылайды)
Қорытынды: Жартылай автономды органоидтер.
4.2. Эукариотты және прокариотты жасушаларды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
(Оқушылар бұл тапсырманы, бактерия мен жануар немесе өсімдік жасушасы бар суреттер көмегімен салыстырып , талдайды және қорытындылайды)
Қорытынды: Ядросы бар және ядросы жоқ жасушалар мен ағзалар .
4.3. Өсімдік және жануар жасушасының құрылысын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету.
(Оқушылар бұл тапсырманы, жануар және өсімдік жасушасы бар суреттер көмегімен салыстырып , талдайды және қорытындылайды)
Қорытынды: Жасушалардың ұқсастығы құрылыс бірлігінде, ал айырмашылығы жасушалардың эволюциясы туралы айтады.
5. Қорытынды.
5.1. Тест тапсырмасын орындау (интерактивті тақта арқылы)
5.2. Рефлексия
5.3. Оқушылардың білімін бағалау.
6. Үй тапсырмасы: «Жасуша - қала», «Жасуша - завод» тақырыбында шағын әңгіме құрастыру;
Қосымша1.
4. Интерактивті тапсырма. Жасуша құрылысы, сурет бойынша талданады. Жасуша органоидтерін жасуша ішіне орналастыру.
5. Мембраналы және мембранасыз органоидтердің санын ( 1-ші интерактивті тапсырмадағы сандар) сызба-нұсқаға топтастырып, жазу қажет:
6. Интерактивті тапсырма. Жасуша органоидтері мен қызметтерін сәйкестендіру тапсырмасы.
1. Митохондрия
|
А. Заттарды қорытатын органоид
|
2. Жасуша орталығы
|
Б. Нәруыз биосинтезі жүреді
|
3. Лизосома
|
С. Тұқым қуалайтын ақпарат сақталады
|
4. Рибосома
|
Д. Жасушаның бөлінуіне қатысады
|
5. Гольджи жиынтығы
|
Е. Энергия түзіледі, жиналады
|
6. Ядро
|
Ж. Лизосоманы түзеді
|
7. Митохондрия мен хлоропласт құрылысын салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау қажет.
8. Эукариотты және прокариотты жасушаларды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау қажет.
9. Өсімдік және жануар жасушасының құрылысын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау қажет.
Өсімдік жасушасының
| |
Жануар жасушасы
|
|
|
|
10. Тест тапсырмасын орындау
Достарыңызбен бөлісу: |