Сабақтың номері: 68 Сабақтың тақырыбы: 7-сыныптағы геометрия курсын қайталау



Дата15.12.2021
өлшемі41,98 Kb.
#101132
түріСабақ
Байланысты:
Геометрия, 7 кл, каз, №68


Геометрия пәні бойынша 7 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

IV тоқсан

Сабақтың номері: 68

Сабақтың тақырыбы: 7-сыныптағы геометрия курсын қайталау

Мақсаты: 1. 7-сыныптағы геометрия курсын қайталау;

2. Алған білімдерін жинақтап, бір жүйеге келтіру;

3. Үйренген білімдерін есептер шығаруда қолдану.

Конспект

Оқулық Геометрия 7 Алматы «Атамұра» 2017 авторы Ә.Н.Шыныбеков 5 тарау



Мысал 1:



Шешуі: -да ∠RPS = 90°;

RP=6,8; PS=3,4

онда ∠PRS = 30° (тік бұрышты үшбұрышта 30°-қа қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең).

демек, ∠PSR = 180°- (90°+30°) = 60°

PSR = 60°

PRS = ∠SRQ = 30° болса, онда ∠RSQ = 180°-∠PSR

RSQ = 180°-60°=120°

RQS = 180°-(∠SRQ+RSQ)

RQS = 180°-(30°+120°) =30°

RQT=180°-∠RQS=180°-30°=150° (сыбайлас бұрыш).

RQT=150°.

SRQ=RQS=30° болғандықтан тең бүйірлі үшбұрыш болады.



SR=SQ

SQ=6,8

Жауабы: SQ=6,8; ∠RQT=150°.

Мысал 2:



Табу керек:




Шешуі: В жанасу нүктесін шеңбер центрімен (О нүктесімен) қосайық.

болады.

Демек ∠АВО=90° (жанама қасиеті)

АОВ=180°-(∠ОАВ+АВО) (үшбұрыштардың ішкі бұрштарының қосындысы бойынша теорема)

АОВ=180°-(90° +28°)

АОВ=62°, ∠АОВ – центрлік бұрыш

Онда ∠АОВ = ;

DC хордасы диаметр болғандықтан (диаметр керген доға)

Онда



.

Жауабы: .

Тапсырма:

1. Кез келген тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасының ортасы оның төбелерінен бірдей қашықтықта орналасқанын дәлелдеңіз.



2. АВС тікбұрышты үшбұрышында ∠А=90°, АВ=6 см, АС=10 см

а) В нүктесінен АС түзуіне дейінгі;

ә) С нүктесінен АВ түзуіне дейінгі ара қашықтықты табыңыз;

б) А нүктесінен ВС түзуіне дейінгі ара қашықтық 8 см-ге тең болуы мүмкін бе?
3. Тікбұрышты үшбұрыштың бір сыртқы бұрышы 120°. Үшбұрыштың үлкен және кіші қабырғаларының қосындысы 18 см болса, осы қабырғаларды табыңыз.
4. a, b және c қабырғалары бойынша үшбұрышты салыңыз. Мұндағы:

  1. а=2 cм; b=3 см; с=4 см;

  2. а=3 cм; b=4 см; с=5 см;

Әзірлеушілер : Шалхарова Б.,Ахметқызы Т., №178 лицейдің математика пәні мұғалімдері. Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен ұсынылып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет