Сабақтың номері (пардың) 2 пара Мамандық: 0402000-«Дизайн»



Дата07.02.2022
өлшемі20,5 Kb.
#91685
түріСабақ
Байланысты:
Сабақ жоспары Рим өнері


Сабақ жоспары




Дайындаған педагог: Батыргалиева Салтанат Гумаровна

Модуль атауы/пән Қазақстанның көркем мәдениеті және дүниежүзілік өнер тарихы




Курс: 3

Топ: бюджет

Сабақтың номері (пардың) 2 пара




Мамандық:

0402000-«Дизайн» (салалар бойынша)







Біліктілік:

040201 3-Дизайнер

Модуль атауы:

Қазақстанның көркем мәдениеті және дүниежүзілік өнер тарихы

Уақыты:

Ұзақтығы: 45 мин

Оқу жылы 2020-2021

Өткізу орны:




Сабақтың тақырыбы:

Ежелгі Рим өнері

Сабақтың мақсаты:

Рим өнерінәң мәдениеті мен тарихы, өнер түрлері, олардың ерекшеліктерін, даму жолдарын анықтау.

Сабақтың міндеттері:

Ежелгі Рим өнері. Республикалық кезең. Империялық кезеңдегі Рим өнері туралы оқушылардың білімдерің кеңейту, сол кездегі өнер туындыларымен таныстыру.

Күтілетін нәтиже:

Тақырып толық менгеріледі, әр ел өнеріне ,мәдениетіне қызығушылық ояту

Сабақтың түрі:




Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі:

Италия өнерінін түрлерімен, тарихымен,стильдерімен танысады.

Оқу әдістері, оқу тәсілдері, педагогикалық технологиялар:

АКТ, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,

Техникалық құралдар, материалдар

Zoom платформасы

Оқытушының байланыс ақпараты:

Zoom платформасы

Аты-жөні:

Батыргалиева Салтанат Гумаровна

Тел:
E-mail&
8705 1953230







Уақыты (минуттар)

Оқытушының іс-әрекеті

Тыңдаушылардың іс-әрекеті

І. Ұйымдастырушы, ынталандырушы кезең

15 мин

Өткен тақырып Ежелгі Грекия мәдениетінің тарихи кезеңдерін сұрақтар арқылы сұрау;

  1. Грек мәдениетінің кезеңдерге бөлінуі.

  2. грек ордері түрлері. «Ордер» сипаттамасы

  3. Ежелгі Грекия сәулет өнері

Сұрақтарға жауап беру. Мысалдар келтіру. Сипаттамалар беру, Ежелгі Грекия сәулет өнеріні ескерткіштерін талдау.

ІІ.Іс-әрекет кезеңі

25 мин

ОЙ ҚОЗҒАУ
Италия дегенде ойымызға не оралады, не туралы не айтқымыз келеді?
Сабақтың тақырыбын ашу
Рим өнері ерте кездерден бастап дами бастаған болатын. Б.э.д. I ғасырдың соңына қарай эллиндік мемлекеттің құлдырауы кезеңінен бастап, антикалық дүниеде римдік мемлекет алға шыға бастайды. Ежелгі Римдіктер өздерінен кейін мықты сәулет ансамбльдер мен инженерлік­ техникалық құрылыстарды, адамның мінез­құлқын дәл берген портреттік ұқсастықта орындалған мүсіндерді, монументальды кескіндеме үлгілері мен қолөнері шығармаларын қалдырды. Римдіктер Грек өнерінен өздеріне шығармашылық өңделген көп нәрсе алды, бірақ олар өзінің ежелгі италияндық мәдениеті бар, б.э.д. III мың жылдықтардан басталатын эсрусктар өнері қалыптасқан жерде өсіп шықты 21 . Этрусктардың тамаша бекінген қалалары жақсы жабдықталған жолдармен, көпірлермен бірікті. Этрусктар да гректер сияқты, көп құдайларға, пұтқа табынды. Мысалы, олардың негізгі құдайлары: Юпитер, Юнона және Миневра (олар Гректің Зевс, Гера, Афин құдайларына тура келді).  Мүсін өнері ерте дамыды Рим өнерінің дамуын мынадай кезеңдерге бөліп қарастыруға болады: 1. Республикалық (VI ғ соңы мен б.з. I ғ.) 2. Рим империясы кезеңінің өнері (б.э.д. I ғасырдың соңы мен б.э. 467ж.) 23 Рим өнері жергілікті италия халқы мен тайпасының және бірінші кезекте этрусктердің және неғұрлым дамыған грек өнерінің негізінде өркендеді.


Осы ссылка бойынша видео көрсету https://youtu.be/TyUOB9nle28



  • Италия дегенде көзіме етік елестейді.

  • Италияндықтар қызу қанды халық.

  • Ертеректе Визувий тауында вулкан атқылап Неаполь қаласын басып қалған.

  • Қазір Неаполь қаласы ашық аспан астындағы музей.

  • Макаронның отаны

  • Астанасы Рим. Рим архитектурасы өте жақсы дамыған қала.

  • Ласкала театры бар. Опера әншілері осы театрда өз білімдерін тереңдетіп, дауыстарын шыңдайды. Ә. Дінішев, Майра Мұхаммедқызы.

  • Су үстіндегі қала Венеция




ІІІ. Бақылау – бағалау кезеңі

5 мин

Грек өнері мен Ежелгі Рим өнерін айырмашылығын сұрау, талдау бағалау

Грек өнері мен Ежелгі Рим өнерін салыстыру талдау

Сабақты қорытындылау мен рефлексия




Рим өнері көне дәуір мәдениетінің қорытындылаушы кезеңі іспетті. Ежелгі Рим мәдениетінің қалыптасу кезеңінде (б. з. б. 8-4 ғ.) сәулет өнері этрус өнері үлгілерін бойына сіңірді. Ежелгі ғибадатханалар (Римдегі Капитолийлік Юпитер ғибадатханасы) осы үлгімен тұрғызылды. Тұңғыш кескіндеме үлгілері мен сән және қосалқы өнерінен де этрус мәдениетімен байланыстылық аңғарылады.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет