Сабақтың нөмірі: 1 Сабақтың тақырыбы: Антиген мен антидененің әрекеттесу механизмі



бет15/17
Дата07.02.2022
өлшемі66,73 Kb.
#96409
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
био каз-11 ОГН

Көмірқышқыл газының әсері. Фотосинтез процесінің жүруіне керекті болатын негізгі шарттың бірі -көмірқышқыл газының болуы. Ауа қүрамының 0,02-0,03%-ы көлемі жағынан алғанда көмірқышқыл газынан түрады. Егер біз кез-келген бір органикалық затты алып қарастырсақ, оның құрамында міндетті түрде көміртегі кездесетіндігін байқауға болады. Көміртегі табиғатта тыныс алу, жану және ашу процесінде үнемі өзгеріп отырады. Жер планетасындағы көміртегінің айналымы — өз алдына үлкен, өте күрделі процестердің бірі.
Температураның әсері. Өсімдіктердің фотосинтез процесі үшін температураның алатын орны ерекше. Температураның өзгеруі фотосинтезге өте үлкен әсер етеді. Фотосинтезге температураның әсері фотохимиялық және биохимиялықреакциялардың болуына байланысты. Фотосинтездің биохимиялық реакциялары 25-30° С-ге дейінгі шекте Вант-Гофф заңына бағынады. Бүл осы шекте температураның әрбір 10 градусқа артуы реакцияны 2-3 есе тездетеді деген сөз. Фотосинтездің бүл реакциялары үшін температура коэффициенті (310= 2-3-ке тең болады. Температураның бүл шектен артуы фотосинтез реакцияларын тездетпестен, керісінше, оны тежейді, одан соң ферменттік жүйелердің инактивациясы салдарынан фотосинтезді толық тоқтатады. Фотохимиялық реакциялар температураға тәуелді емес деуге болады. Олардың температура коэффициенті 1,1-ден 1,4-ке дейін.
Судың әсері. Фотосинтездің суға тәуелділігі — өте күрделі процесс. Фотосинтез үшін су реакцияға тікелей қатысушы ретінде және жанама фактор ретінде де керек. Судың құрамындағы сутегі фотолиз кезінде тотығады да, көмірқышқыл газын тотықсыздандыруға пайдаланылады. Мұндай қажеттіліктер үшін өсімдіктерде су әрқашан да жеткілікті түрде болады. Хлоропластың құрамында қалыпты жағдайда 75%-дай су болады. Судың бұл шамасының сәл кемуі хлоропластардың қоллоидтық-химиялық күйінің күрт өзгеруіне әкеп соқтырады, яғни бүкіл процестің барысына әсер етеді.
Оқушыларға арналған тапсырмалар
1. сілтеме https://infourok.ru/prezentaciya-fotosintezdi-zhrui-shin-azhetti-zhadaylar-2924842.html осы видеоны көре отырып қандай ой түйдіңіз,ойыңызды қысқа хабарлама түрінде жазыңыз.
Тақырып бойынша сұрақтар
Сұрақтарға жауап беріңдер ,талдаңдар.
1. Фотосинтез қарқындылығын қалай түсінесің ?
2. «Қазақстанда егіншілікке шектеуші факторлардың әсері»
тақырыбында реферат жазыңдар.
3. Кестені толтырыңдар.

Фотосинтездің жылдамдығына әсер ететін факторлар.

иә

жоқ

1 жарық
2 қараңғы
3 су
4 темперетура
5 қысым
6 рн –мәні
7 құрғақшылық
8 топырақ







Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.



Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет