Сабақтың ортасы: Журналистика. Журналистика жанрлары



бет2/5
Дата10.10.2020
өлшемі26,18 Kb.
#64070
түріСабақ
1   2   3   4   5
Журналистика термині

Журналистика терминінің өзі алғаш рет Францияда пайда болған. Ал Ресейде бұл термин әуелгі кезде журналдар жиынтығы деген мағынаны білдірсе, 19 ғасырдың ортасынан бастап барлық мерзімді басылымдарға қатысты қолданыла бастады. Қазақ тіліне журналистика термині орыс тілі арқылы еніп, 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап белсенді қолданысқа ие болды (қ. Қазақ журналистикасы.). 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында фотография мен кинематографияның пайда болуына байланысты фото және киножурналистика дүниеге келді (қ. Фотография, Деректі кино). 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап радиотехника жетістіктеріне байланысты радиожурналистика (қ. Радиохабар), 40-жылдарынан бастап тележурналистика қарқынды дами бастады (қ. Тележурналистика). 20 ғасырдың 90-жылдары ақпарат тарату көлемі мен шапшаңдығы жөнінен журналистиканың басқа салаларынан әлдеқайда басым түсетін бүкіләлемдік байланыс торабы – Интернет жүйесі пайда болды (қ. Интернет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет