Білімділік: Қазақстан аумағындағы өсімдік жамылғысы мен жануалар дүниесінің таралу аймақтарын сипаттау. Өсімдік пен жануалар дүниесінің зона бойынша таралу себептерін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың топтық жұмыс істеу арқылы топпен жұмыс істей білу дағдысын одан әрі қалыптастыру. Икемділіктері мен дағдыларын дамыту. «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген өсімдіктер мен жануалар дүниесіне тоқталу.
Тәрбиелік: Оларды өсімдік пен жануарлар дүниесін, табиғатты қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың ұраны
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы тандаймыз
Күлімдеген күндейміз
Еш уайымды білмейміз!
Өсімдіктер дүниесі: Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен (Ресей, Орта Азия,Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес. Оған Қазақстан жерінде шөлді, шөлейтті аймақтардың көптігі, топырақ пен климат әсер етеді.
Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді.
Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың
2 млн-дай түрі белгілі болды.
«Жануар» сөзі парсының «джан-джанвар» деген сөздің екінші бөлігінен алынған.
«джан-джанвар» қазақша-жануар әлемі,
яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді.
Жануарлар дүниесі: Қазақстанның жануарлар дүниесі казір сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық аудандарға бөлінеді. Оларға дала және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзенібойы), шөлейт және шөл (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалары, Жайық бойы, Торғай, Қызылкұм, Балқаш пен Зайсан көлінің жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалауы, Үстірт), таулы аудандар (Алтай,Сауыр, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлытау, Қалба, Сарыарқа) жатады.
Жануарлар
Құстар
Қосмекенділер
Сүтқоректілер
Жорғалаушылар
Жәндіктер
Балықтар
Құстар-8600 түрі бар.
Балықтардың 20 000 түрі бар.
Қосмекенділер
Қосмекенділердің-4000 түрі бар.
Олардың айырмашылығы құрлықта да,
суда да тіршілік етеді.
Жорғалаушылар
Жорғалаушылардың – 8000 түрі бар.
Олардың айырмашылығы бауырымен жорғалайды.
Жәндіктер.
Жәндіктердің – 700 000 түрі бар.
Жойылып кету қауіпі бар жануарлар
Сүтқоректілер
Сүтқоректілердің – 5000 түрі бар.
Олардың айырмашылығы балаларын өз сүтімен асырайды.
Қызықты деректер
- Ең үлкен мұхит жануары Киттің салмағы 160т,ұзындығы 35 метр
- Ең кішкентай балық-Хуаногастер 17мм
- Тұщы суда өмір сүретін үлкен балық –Арапайма ұзындығы 5м, салмағы 200кг
- Ең үлкен жылан-Анаконда ұзындығы12-14м
- Ең кішкентай жыртқыш балық-Пиранья ұзындығы 20см, салмағы 1,5кг
- Ең кішкентай құс-Колибри ұзындығы 5см, салмағы 20гр