Сабақтың тақыбыры: «Химия білгірі»



Дата29.01.2018
өлшемі175,81 Kb.
түріСабақ


Атырау облысы,

Мақат ауданы,

Мақат поселкесі

Х.Санбаев атындағы орта мектебінің

химия пәнінің мұғалімі: Құсайын Ардақ Ұзақбайқызы

Санаты: I

Еңбек өтілі: 12 жыл
Өткізген күні

Сыныбы:11ә

Сабақтың тақыбыры: «Химия білгірі»

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін, тиянақтау, жетілдіру, тіл байлықтарын дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, сайыс сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, сұрақ-жауап талдау,

Көрнекілігі: интерактиті тақта, слайдтар, Д.И.Менделеев жасаған элементтердің периодтық жүйесі.Тірек сызбалар, жетондар.

Сайыстың жүру барысы:

1-кезең. Таныстыру (әр оқушы өзін, ұранымен таныстырады)

2- кезең. Алтын дорба

3-кезең. Ширату

4-кезең. Анықтамалар

5-кезең. Ойлы болсаң, озып көр

6-кезең. Көмбе деп аталады.

Ескерту: Ұпай саны аз болып, ойыннан шыққан оқушылар «Химия білгірі» қоржынына күнделікті сабақта көп қолданылмайтын, сирек кездесетін сөздерді қоржынға салады.
Сайыстың жүру барысы.

-Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар-әрбір азаматтың ең басты міндеті ел болашағының дамуына өз үлесін қосу.

А.Байтұрсыновтың «Жер қанша бай болса да, халқы білімсіз болса, байлық басқа халықтың қолына көшеді» деген жақсы сөзі бар. Еліміз жер қойнауындағы байлықтармен әлемдегі алдынғы қатарлы орында. Сол байлықты пайдаланып, ел игілігіне жарату-тек қана білімдердің үлесіндегі мәселе.

Химия пәні- сол байлығымызды тиімді пайдалану алу, тазарту жолдарын үйретумен қатар, әр элементтің қасиеттеріне ерекше тоқталып сипаттама береді.

Көңілді тапқыштар, білімділер.

Бар өнерін алдарыңа салады

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады

I-кезең. Таныстыру.Сайысқа түсуші оқушылар өздерін таныстырады.

Біреуінің жүрегінің түгі бар.

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар

Біреуінің күмбірлеген күйі бар

Біреуінің қатты істейтін миы бар

Бүгінгі әділқазы апайларымыз.



ІІ кезең. Алтын дорба деп аталады

Сайысқа қатысушы оқушылар алдарыңызда «Алтын дорба» берілген. Сол дорбаның ішінде 20 химиялық элемент таңбасы бар. Сіздер солардың қазақша орысша, латынша атауын айтуларыңыз керек. Әрбір дұрыс жауапқа 6 ұпай, ал егер тек бір ғана атауын айтсаңыз 2 ұпай беріледі.



  1. Н-сутек-водород- Hudrogtnium

  2. Cu- мыс – медь- Cuprum

  3. Ag – күміс-серебро-Argentum

  4. Au –алтын- золото- Aurum

  5. Zn – мырыш- цинк - Zincum

  6. Hg – сынап- ртуть- Hgdrargyrum

  7. C-көміртек-углерод- Carbontum

  8. Sn-қалайы-олово-Stanium

  9. Pb –қорғасын- свинец-Piumbum

10) O- оттек- кислород- Oxigenium

11) S- күкірт- сера- Sulfur

12) Fe- темір- железо - Ferrum

13) Be- берилий - Beryllium

14) P-фосфор-Phosphorus

15) Mn- марганец-Marganum

16) Zr- цирконий- Zirconium

17) Ra- радий- Radium

18) K –калий- Kalium

19) Ti-титан-Titanim

20) V-ванадий-Vamadium

ІІІ кезең. Ширату.Есептер шығару

Есептер сыры: Тағы келді сыналар шақ айналып,

Тереңіне білім теңіз байланып

Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр.

Есеп шешер кезегі келіп тұр



1-есеп. Мына реакциялардың теңдеулерін аяқтап, теңестіріп, қай типке жататынын анықтаңдар?

Са+2Н2О→ Са(ОН)22↑ (орынбасу реакциясы)

2S+3O2→2 Н2О+2SО2↑ (орынбасу реакциясы)

Ba(OH)2+H2SO4→BaSO4↓+2H2O (алмасу реакциясы)

CaO+H2O→Са(ОН)2 (қосылу реакциясы)

Fe(OH)3→Fe2O3+3H2O ( айырылу реакциясы)


2-есеп. Берілген өзгерістерді жүзеге асыратын теңдеулері жазыңдар?

FeFe2O3Fe2 (SO4) 3Fe(OH)3 FeCL3
3-есеп. Оттек изотоптарындағы

168 О (8 р, 8n ) 8е- 178 О (8 р, 9n ) 8е- 188 О (8 р, 10 n ) 8е-
4-есеп. Ацетилен жанғанда 7414,8 кДж жылу бөлінсе, неше литр ацетилен жанған?
5-есеп.Көлемі 112л оттегін алу үшін неше моль калий хлораты (KCLO3) керек?

3 кезеңнен өткен төмен ұпай жинаған 1 оқушы ойыннан шығады.



4 кезең. Анықтамалар (негізгі түсініктер беру)

1.Химиялық элемент дегеніміз не? (Ядро заряды бірдей)

2.Лантоноидтар дегеніміз не? (VІ периодта лантаннан кейін реттік нөмірі (58-71-ге тең 14 элемент)
3. Актиноидтар дегеніміз не? (VІІ периодта реттік нөмірлері 90-103-ке дейін 14 элементті айтамыз)

4. Ядролық күштер дегеніміз не? (ядрода протон мен нейтронды ұстап тұратын күштерді айтамыз)

5. Валенттік дегеніміз не?- бір элемент атомының басқа элемент атомын қосып алу қабілеті.

6. Химиялық тепе-теңдік дегеніміз не? –Тура және кері реакциялардың жылдамдықтары тең болғандағы жүйенің күйін айтамыз.

7. Периодтық жүйеде S-элемент -14

Р-элемент-30

d- элемент-38

f-элемент -28 элементтен орналасқан ?

8. Адсорбция дегеніміз не? – көмірдің немесе басқа қатты, сұйық заттардың өз бетінде газ, бу немесе еріген заттарды сіңіру қабілетін айтамыз.

9. Силицидтер дегеніміз не?- металдардың кремниймен қосылысын айтамыз. (Мыс:Si+2Mg→Mg2Si)

10.Аллотропия дегеніміз не?- бір элемент атомының бірнеше жай зат күйінде болуы.

11. Ерітінді дегеніміз не?- екі не одан да көп компоненттен тұратын біртекті жүйе.

12.Катализатор (өршіткі) дегеніміз не?- реакция жылдамдығына әсер етіп, бірақ өз жұмсалмайтын зат.

5 кезең. Ойлы болсаң, озып көр

Бұл кезеңде оқушыларға 4 сөз беріледі және сол сөздерді көмекші сөзбен байланыстырып, мақал құрауларыңыз керек.



Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қойылады.


Сөз


/1/

Көмір

Сөйлем

Әңгіме

Дауыс


Соқ


/5/

Темір

Ұр

Бұз

Жар



Тас


/2/

Күміс

Ағаш

Жапырақ

Тау


Білім


/6/

Кен

Өнер

Тәрбие

Тәртіп




Алтын


/3/

Бесік

Күміс

Алюминий

Темір

Құдық


/7/

Су

Арық

Сай

Жыра




Шынығады


/4/

Болат

Тынығады

Толады

Болады

Сары


/8/

алтын

Қызыл

Жасыл

Көк


Берілетін тапсырмалардың дұрыс жауаптары:

  1. Аз сөз алтын, көп сөз көмір.

  2. Арпа-бидай ас екен, алтын- күміс тас екен.

  3. Ел іші- бесік.

  4. Болат қайнаудан шығады, батыр майданда шынығады.

  5. Темірді қызғанда сок.

  6. Ақыл тозбайтын тон, білім- таусылмайтын кен.

  7. Су ішкен құдығыңа түкірме.

  8. Сабыр түбі- сары алтын.

Мұғалім: Осы кезең бойынша ең төмен ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.

V кезең. Ұпайы ең көп жинаған 2 оқушы ақтық кезең «Көмбеге» шығады

VІ кезең. Көмбе деп аталады.

1-оқушы:

Үш ыдыста мына қоспалар:

1-сурет


  • Су мен ас тұзы 1-сурет

  • Су мен құм

  • Су мен ағаш үгіндісі берілген

және бұл қоспалар 1-суретте көрсетілген.

Қай қоспа қай ыдыста екенін анықтаңдар.



2-оқушы:

2-суреттегі екі сынауықтың

әрқайсысында екі сынауықтың

қоспалары көрсетілген: 2-сурет



  • Су мен спирт

  • Су мен майдың.

Қай қоспа қай сынауықта бейнеленгенін табыңдар.

Әр қоспаны қалай бөлуге болатындығын жоспар құрып түсіндір.



Мұғалім: Міне, сайыскерлеріміз барлық кезеңдерінен өтті. Өздерінің білімділік деңгейін көрсетті.Оқушылар сайыс болған соң әрине, төреші болады, сайысқа төрешілік еткен әділқазыларға сөз береміз.

Қазылар айтады енді әділдікті,

Кімдердің жауабы кәміл шықты.

Бүгінгі «Химия білгірі» сайысында,



Жеңіске жетер дейміз сөзі мықты.

Қорытындылау. Мұғалім: Бүгінгі сайысқа қатысқан оқушыларымызға үлкен рахмет айтамыз.Бүгінгі кешімізді А.Құнанбайұлының «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деген өлең жолдарымен аяқтамақшымыз. Өз білімдеріңіз арқылы еліміздің тіреу болар азаматтары болыңыздар.

Өтілген күні:

Сабақтың тақыбыры: «Химия білгірі»


Сайысқа қатысатын оқушылардың

аты- жөні

1-кезең

Таныстыру

2-кезең

Алтын орда

3-кезең

Ширату

4-кезең

Анықтамалар

5-кезең

Ойлы болсаң, озып көр

6-кезең Көмбе

Жалпы

ұпай

1.






















2.






















3.






















4.






















5.























Қорытынды ұпай сандары























Әділ қазының аты-жөні:___________________________________________
Химия пәнінің мұғалімі: Құсайын Ардақ Ұзақбайқызы
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу