Сабақтың тақырыбы:§ 12. Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы.
Сабақтың мақсаты:
1.Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айта отырып, Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларының шығу тегі, және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік беру.
2.Оқушылардың белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру
3.Оқушыларды Отансүйгіштік рухта тәрбиелей отырып, мәдениетті, иманды азамат қалыптастыру
Жаңа сабақ: «Өзіңнің ұлтыңды танып алмасаң, сен басқа ұлттың кім екенін еш уақытта біле алмайсың»-деп М.Арын ағамыз айтқандай Қазақ халқының ата-тегі болған сақ тайпасының тарихын, мекендеген орнын, қоғамдық құрылысын, шаруашылығын, тұрмысын, мәдениетін,білу мақсатында өтетін ашық сабақ тақырыбы: Сақтар.
Тақырып бес бөлікке бөлінген. Сақтардың тарихы, мекендеген орны.
Тұрмысы , шаруашылығы.
Қоғамдық құрылысы.
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі
Мәдениеті мен өнері.
Жаңа сабақтың жоспары: Сақ тайпаларының шығу тарихы.
Сақтардың тайпалық құрамы мен орналасуы.
Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстардың ежелгі заман деректерінде аты әйгілі болғандары; сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпалары
Қазақ тарихын зерттеген ғалымдар қазақ халқының арғы тегі ерте заманда Орта Азияны мекен еткен ежелгі сақ тайпаларынан шыққан дейді.
Кесте №1,2.
Сақтардың тайпалық құрамы мен орналасуы: Археологтардың пікірінше сақ тайпалары мен тайпа одақтары мынадай негізгі топтарға бөлінеді:
№
Сақ тайпаларының аты
мекендері
1
Парадарайа
(теңіздің арғы жағындағы сақтар)
Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында Сырдария мен Амударияның төменгі ағысы