Циклоалкандар құрылысы жағынан яғни циклді ( тұйықталған түрде ) болуына байланысты
Арендер – молекулаларының құрамында бензол сақинасы ( бензол ядросы) бар жалпы формуласы СnH2n-6 болатын көмірсутектер.
Арендердің ең қарапайым мүшесі- Бензол С6Н6
Бензол молекуласының құрылысы тоқталмас бұрын шығу тарихына тоқталамыз.
Арендердің алғашқы табылған мүшелерінің өздеріне тән жағымды иістері болғандықтан, оларды Ароматты көмірсутектер деп те атаған. Бірақ киінірек ароматты көмірсутектерге жататын көптеген заттардың хош иістері болмайтыны анықталды. Осыған қарамай , тарихи қалыптасып қалған бұл атау осы кезге дейін қолданып келеді.
Жалпы ұғымдағы ароматтылықты неміс ғалымы Э.Хюккель тұжырымдаған және Хюккель ережесі деген атау бойынша белгілі.
Бұл ереже бойынша , ароматты молекулалардың δ –қаңқалы жазықтықтағы сақинасының ортақ электрондарының саны- 4 n-2 тең болуы керек., ондағы n= 0,1,2,3 т.б. Тек осы жағдайда ғана молекулалары ароматтылық сипат алады. Ортақтасқан π –электрондардың саны 6,10,14 және басқада санға тең болуы мүмкін.
Бензол құрылысы
Ж.ф СnH2n-6 болғандықтан өте қанықпаған көмірсутектерге жатқызуға болады.
Бензол
Ж.ф СnH2n-6
С=С 1 δ, 1 π байл бірақ циклді
SP2 гибридтелуі
Бұрыш-1200
Байл ұзынд-0,140 нм
Байланыс энергиясы-490 кДж/моль
Молекуласының кеңістік пішіні- сигма байланыс орн жазықтықта перпендикуляр орналасады.
Бензол молекуласындағы көміртегінің барлық атомдары sp2 гибридтену күйінде болады. Созылған сегіздік пішінді, әрбір көміртегі атомының гибридтік үш электрон орбитальдары сақина жазықтығында көміртегінің көрші атомдарымен екі σ байланыс және сутегі атомдарымен бір σ байланыс түзеді.
БЕНЗОЛ МОЛЕКУЛАСЫНДА π- байланыстың түзілу сызбанұсқасы: а және ә екі проекцияда р электрондар орбитальдарының бүйір қаптасуы; б π бұлтының электрондық тығыздығының атом ядроларының жазықтық астында және жазықтық үстінде бөлініп таралуы.
Ароматты көмірсутектерді жұйелеу номенклатурасы бойынша арендер деп аталады.
Егер бензол молекуласының екі сутек атомы радикалдарға алмасқан болса, онда бензолдың орто-, мета-, пара- туындылары түзіледі. Оларды атағанда , қысқаша бірінші әрпімен белгілейді: орто-о, мета-м, пара-п. Немесе әріатердің орнына сандар арқылы белгілеулерде қолданылады.
С6Н5- тобы фенил радикалы, С6Н5-СН2 – БЕНЗИЛ РАДИКАЛЫ деп аталады.
Мысалға С8Н10 да қосылысының 4 изомері болады
Арендердің изомері ( осы жерде изомер мен гомологтар қатары ережесіне тоқталу)
А) бензол сақинасымен байланысқан бүйір тізбектегі радикалдардың орнына;
Ә) радикалдардың табиғатына және екеуіне қатар байланысты болуыда мүмкін. Метилбензолдың изомерлері болмайды. Изомерлеу этилбензолдан басталады.
Бензолдың құрылысы және аталуы бойынша тест және жазбаша тапсырмалар беріледі
1.C8H10 ароматты көмірсутектеріне сәйкес изомерлер саны:
4. B) 1. C) 3. D) 5. E) 2.
2. Молекулалық формуласы С6H6 болатын ароматты көмірсутегінің аты:
A) Бензол. B) Фенил. C) Циклогексан. D) Гексан. E) Гексен.
3. Көмірсутектегі көміртек пен сутектің массалық үлестері 92,31% және 7,69%. Сутек бойынша тығыздығы 39-ға тең көмірсутектің формуласы:
A) C6H6. B) C6H8. C) C6H12. D) C6H14. E) C6H10.
4. Құрамында 14 сутек атомы бар аромат көмірсутектің молярлық массасы мынаған тең:
A) 134 г/моль B) 78 г/моль C) 92 г/моль D) 106 г/моль E) 120 г/моль
5. Ароматты көмірсутектердің гомологы:
A) С8H10 ксилол. B) С10H8 нафталин. C) С3H6 пропилен. D) С2H2 этин. E) С6H14 гексан.
6.Арендерге сәйкес жалпы формула:
A) Сn H2n-6. B) Сn H2n. C) Сn H2n-2. D) Сn H2n-4. E) Сn H2n+2.
7. Элементтің валенттік электрондардың конфигурациясына n s2 (n - 1)d10 n p4 сәйкес келетін элементтің периодтық жүйедегі орны:
A) VІ топ, негізгі топша. B) ІV топ, қосымша топша. C) VІ топ, қосымша топша.
D) ІV топ, негізгі топша. E) ІІІ топ, негізгі топша.
8. Үш метилбензолдың изомерлер саны:
A) 3 B) 4 C) 1 D) 5 E) 2
9. Бензол гомологтарының ішінен 1,4-диметил-2-этилбензолға жататын:
A) B) с)
Д) Е)
10. Көмірсутектердің ароматты деп аталу себебі
A) алғашқы өкілдері хош иісті B) тұншықтырғыш иісті C) жағымсыз иісті
D) иісі жоқ E) өткір иісті
11. Бензолдың гомологы:
A) C7H8 B) C6H12 C) C7H12 D) C7H16 E) C7H14
12. C6H5- тобының аты:
A) Фенил. B) Циклогексан. C) Бензол. D) Гексан. E) Гексен.
13. Ароматты көмірсутектерге тән изомерлер түрі:
A) Бензол ядросында орын басушылардың орналасуы. B) Қос байланыстың болуы.
C) Атомдардың көміртектік тізбегінің изомериясы. D) Функциональды топтың болуы.
E) Кеңістік изомериясы.
14. Ароматты көмірсутек әрекеттесетін, бірақ алкандар әрекеттеспейтін зат:
A) H2 B) J2 C) Cl2 D) HNO3 E) Br2
15. Аромат көмірсутектерге изомерияның мына түрі тән:
A) Орынбасар топтың орны. B) Геометриялық. C) Қос байланыстың орны.
D) Кеңістіктік. E) Көміртектер қаңқасы.
16. Берілген көмірсутегіне сәйкес келетін атауы:
A) 1,3-диэтилбензол. B) 1,4- диэтилбензол. C) 4,6- диэтилбензол. D) 3,5-диэтилбензол.
E) 1,5-диэтилбензол
17. Құрамы С6Н6 және С7Н8 болатын ароматты көмірсутектеріне сәйкес жалпы формула:
A) СnH2n-6. B) СnH2n. C) СnH2n-2. D) СnH2n+1. E) СnH2n+2.
18.
Мына
|
|
көмірсутектің атауы:
|
A) Ксилол. B) Бензол. C) Толуол. D) Циклогексан. E) Хлорбензол.
19. Ароматты көмірсутектер класының жалпы формуласы CnH2n-6, салыстырмалы молекулалық массасы 106-ға тең арен - ...
A) C8H10 B) C2H6 C) C7H14 D) C8H14 E) C6H10
20. Пара-диметилбензол формуласындағы орынбасарлардың орны:
A) 1,4 - B) 1,5 - C) 1,1 - D) 1,3 - E) 1,2 -
21.Орто-диметилбензол формуласындағы орынбасулардың орны:
A) 1,2. B) 1,5. C) 1,4. D) 1,3. E) 1,1.
Бензолдың алынуы
1.Арендердің циклогексан мен оның гомологтарын дегидрлеп алуға болады. Н.Д. Зелинский мұнайдың құрамындағы циклогександы Рt Pd катализаторлары қатысында 3000 С температурада дегидрлеп бензол алады.
2.Сәйкес алкандарды катализатор қатысында ароматтап дегидрлегенде ( реформинг) бензол мен оның туындылары түзіледі
3.Ацетиленді белсендірілген көмір қатысында қыздырып бензол алуға болады.
4.Бензолдың гомологтарын катализатор (AlCl3 немесе FeBr3) қатысында алады.Яғни хлорэтанмен әрекеттестіру арқылы
Осы жерде оқушыларға алынуы бойынша есептер беріледі
1. 52 г бензол алу үшін ацетиленнің (қ.ж) қажет көлемі:
A) 44,8 л. B) 22,4 л. C) 11,2 л. D) 33,6 л. E) 56 л.
2. 0,1 моль бензол алу үшін қажет циклогексанның массасы:
A) 8,4 г. B) 5,4 г. C) 6,4 г. D) 7,4 г. E) 9,4 г.
3. Бензолдың шығымы 40% болса, 22,4 л ацетиленнен түзілетін бензолдың массасы:
A) 10,4 г. B) 8,4 г. C) 9,4 г. D) 12,4 г. E) 11,4 г.
4. 3,36 л ацетиленнен (қ.ж) тығыздығы 0,88 г/мл-ге тең бензолдың 2,5 мл алынды. Бензолдың шығымы:
A) 56,4 % B) 52,4 % C) 5,64 % D) 55,9 % E) 54,6 %
5. 390 г бензолды гидрлегенде 336 г циклогексан алынған.
Реакция өнімінің шығымы:
A) 80 % B) 100 % C) 95 % D) 90 % E) 85 %
6. 3 моль ацетиленнен синтездеу арқылы алынған бензолды толық жағу үшін қажет оттектің көлемі:
A) 168 л. B) 44,8 л. C) 112 л. D) 156 л. E) 123 л.
7. 100% шығымы бар, 10,9 г бромэтанды алу үшін жұмсалатын этеннің көлемі:
A) 44,8 л B) 0,224 л C) 224 л D) 2,24 л E) 4,48л
8.57,5 г этил спиртінен алынатын этиленнің (қ.ж.) көлемі
A) 14 л B) 56 л C) 7 л D) 3,5 л E) 28 л
9. 1 л бутеннің (қ.ж.) массасы:
A) 4,5 г B) 5,5 г C) 2,5 г D) 1,5 г E) 3,5 г
10. 0,28 г этенмен реакцияласу үшін қажетті бромсутектің зат мөлшері:
A) 1 моль. B) 0,0001 моль. C) 0,01 моль. D) 10 моль. E) 0,1 моль.
11. 2 метилпропен-1-дің 42 г (қ.ж.) алатын көлемі
A) 33,6 л B) 22,4 л C) 16,8 л D) 44,8 л E) 11,2 л
12. 40 л пропенді жағуға жұмсалатын оттектің көлемі (қ.ж.)
A) 160 л B) 190 л C) 150 л D) 170 л E) 180 л
13. Ацетиленнің 2,8 л (қ.ж.) алу үшін 20% қоспасы бар техникалық кальций карбидінің қажет массасы:
A) 10 г B) 12 г C) 14 г D) 18 г E) 16 г
14. 65 г ацетиленді толық жағу үшін қажет (қ.ж.) оттектің көлемі:
A) 140 л B) 70 л C) 84 D) 98 л E) 112 л
15. 42 л ацетиленнен 38,22 г бензол алынған болса, оның шығымы:
A) 78,4 B) 79,4 C) 75,4 D) 77,4 E) 76,4
16. 520 г ацетиленді этанға дейін гидрлеу үшін қажет (қ.ж.) сутегінің көлемі:
A) 896 л B) 448 л C) 336 л D) 560 л E) 672 л
17. 162 г бутадиенді алу үшін қажет бутеннің зат мөлшері:
A) 3 моль B) 2 моль C) 5 моль D) 4 моль E) 1 моль
18. 0,1 моль пропадиен толық гидрлену үшін қажет сутектің көлемі:
A) 4,48 л. B) 1,12 л. C) 2,24 л. D) 6,87 л. E) 5,56 л.
19. 57,5 г этил спиртінен алынатын этиленнің (қ.ж.) көлемі
A) 14 л B) 56 л C) 7 л D) 3,5 л E) 28 л
20. 5,6 г КОН 13,7 г бромбутанмен әрекеттескенде бөлінетін бутеннің көлемі:
A) 2,24 л. B) 22,4 л. C) 224 л. D) 448 л. E) 449 л.
Оқушыларға тапсырма берілгенде ІІ нұсқаға бөлініп беріледі.
Және оқушы өз жазғандарын өздері тексереді.
Және өз-өздерін бағалауға мүмкіндік алады.
Сабақты бекіту:
1 тест жауаптары арқылы бағаланады.
2. өткен тақырыптар бойынша сұраққа жауап берген оқушылар бағаланады.
2. сабаққа жақсы араласып отырған оқушылар бағаланады
Бағаланбай қалған оқушыларға үй тапсырмасынан бөлек тапсырма беріледі.
Үйге тапсырма: бензолдың құрылысы,аталуы және алыну;
Қосымша бензолдың қолданылуы, 6.7.8 есептер қосымша кітаптан.
Достарыңызбен бөлісу: |