Сабақтың тақырыбы : Д. Исабеков



Дата09.08.2017
өлшемі39,16 Kb.
#23127
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Д. Исабеков «Ата үміті»

Сабақтың мақсаты:

а) әңгіменің мазмұнымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу;

ә) түрлі тәсілдер арқылы оқушылардың байқағыштық,тапқырлық, сөз астарын түсіну, өз ойын жазбаша да ауызша да жүйелі айту қабілеттерін дамыту;

б) әңгіме идеясы негізінде оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа,мейірімділікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, пікірсайыс т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар,тірек-сызба белгілері. т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Әңгіменің композициялық құрылымы

(Әңгімені түгел баяндап болғаннан кейін әңгіме желісі бойынша жоспар құрамыз.)

Әңгіме құрылысына талдау

Р/с

Оқиға желісі

Оқиға өрісі


1.

Әңгіменің басталуы

Тоқсанбай мен Ергешбайдың дерме-не ору үшін жаңа жерге қоныс аударуы немесе көшіп келуі

.2.

Әңгіменің дамуы

Омашпен күтпеген кездесу,Омашпен серіктес болуы

3.

Әңгіменің байланысуы,

өрбуі

Күтпеген жағдай.Омаштың дермене ұрлап әкелуі

4.

Әңгіменің шиеленісуі

Тоқсанбай мен Ергешбайдың Омашпен серіктес болудан бас тартуы,олардың арасындағы кикілжің

5.

Әңгіменің шарықтау шегі

Ауылға оралған Тоқсанбай мен Ергешбай. Ауылды ауызашарға шақырып той жасауы.

6.

Әңгіменің шешімі,қорытынды

«Жарлы болсаң да, арлы бол». Омаштың кезекті ұрлығы немесе Тоқсанбай мен Ергешбайды алдап соғуы. Жалғыз баласын жетілдіру үшін ақ ниет тілеген Тоқсанбай


Образдар жүйесіне талдау

Кейіпкерлерге мінездеме



Тоқсанбай

Омаш

Ергешбай



Сұрақтарға жауап беру.

а) Тоқсанбай мен Ергешбайға Омаш неге қосылды, Омаштың қандай қылықтары оларға ұнамады?

б) Тоқсанбай неден секем алды,кім үшін Омашқа кіріптар болды?

в) Бала Омашты неге қабылдамады, Ергешбайдың ол мінезін кім қалай түсінді?

г) Торғай ұясын бұзған,жұмыртқасын жеп, балапанын отқа тастаған Омаштан не күтуге болады?

д) Обал, сауап, адал, арам тәрізді ұғымды кім қалай түсінеді?
Дебат үлгісі бойынша ой-талқы

Р/с

Жақтаушы топ

Даттаушы топ

1

Резолюция: Еңбек

Контррезолюция: Еңбек емес

2

Критерий: Өзгенің еңбегін пайдалануға болмайды.

Критерий: Ебін тауып тірлік жасау керек.

3.

Аргументі

  1. Еңбекпен тапқан нан тәтті.

  2. Ұрлық адамға пайда әкелмейді.

Аргументі

  1. Заманың түлкі болса,тазы боп шал.

  2. Адам заманның ағымында.



Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

Кімнің шығармасымен таныстық? Басты шығармалары. Нені оқыдым,нені білдім? Берген тәрбиесі. Әңгімеден алған әсерім,өз көзқарасым.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Адамгершілікті мен қалай түсінемін?» тақырыбында шағын шығарма жазып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет