Сабақтың тақырыбы : Дд дыбысы мен әрпі



бет2/2
Дата29.01.2017
өлшемі0,53 Mb.
#8255
түріСабақ
1   2

Үйге тапсырма беру: Кескіндеме өнерінің жанрларының біріне шығарма орында.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 17.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Зымыран құрастыру.
Сабақтың мақсаты: Зымыран құрастырып үйрету
Сабақтың міндеті:
1. Ермексаздан зымыран құрастырудыүйрете отырып, ермексазды дұрыс пайдалануға ықпал жасау
2. Ермексазбен жұмыс істеу ережелерін пысықтау
3. Еңбекке баулу пәніне қызығушылығын арттыру
Өткізу әдісі: көрсету
Көрнекілігі: зымыран үлгісі

Сабақтың мазмұны
I. Ұйымдастыру
- Оқушылардың керекті құрал

– жабдықтарын тексеру
- Сабаққа зейіндерін аудару

II. Өткен сабақты еске түсіру
- Ермексазбен жұмыс істеудің қандай тәсілдері бар?
- Құмырсқаны неше бөліктен жасауға болады?

III. Жаңа сабақ
Зымыранның (ракетаның) пішіні мен оның бөліктерінің санын анықтап аламыз. Жұмыс ретін ауызша құрамыз. Ермексаздан зымыран бөліктерін дайындап алып, жоспар бойынша құрастырамыз.
- Қалай ойлайсың, зымыранның жекелеген бөліктері сәбізді еске түсіре ме?
- Иллюминаторының (терезесінің) түсі қандай болады?
- Ғарышқа ұшқан әлемдегі тұңғыш ғарышкер туралы айт.
- Қазақтың тұңғыш ғарышкері туралы әңгімеле.


IV. Машықтық жұмыс
- Зымыранның мүсінін жаса.
- «Ұшқыш тәрелкені» жаса

V. Сабақты қорытындылау
Мадақтау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 16.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ермексаздан түрлі мүсіндеме жасау

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ыдыстарын таныстыра отырып, оларды жасап үйрету. Шеберліктерін, іскерліктерін шыңдап дамыту. Еңбексүйгіштікке, әдемілікке, тындырымды іс істеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдер: сарамандық жұмыс
Көрнекіліктер: ермексаз, суреттер, жасалған бұйымдар.
Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер: «Шебердің қолы ортақ», «Өнерлі өрге жүзер»

Сабақтың барысы:
І. Оқушыларды ермексазбен жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.
1.Жұмысқа керекті құралдарды дайындап алу;
2.Керекті құралдар: қорапша,жұмыс тақтасы, қол сүртетін орамал;
3.Ермексазбен жұмыс істеп болған соң ермексазды қатып қалмас үшін сулы орамалға орап қою керек.
4.Сабақтан кейін қолды жууды ұмытпау керек.
Жаңа сабақ.

Ермексаз – жұмсақ, илеуге, созуға қолайлы зат. Сондықтан ермексазбен түрлі көлемдегі заттарды жасауға болады.Ертеде ыдысты бұтақтан, ағаштың қабығынан, саздан жасаған. Уақыт өте келе адамдар ыдысты шыныдан, металдан, қыштан, ағаш және т.б. материалдардан жасай бастады. Қазақ халқының ұлттық ыдысы – тостаған, ожау, кесе, құмған сияқты ыдыстар. Торсық ыдысын малдың терісінен илеп, тіккен, торсыққа қымыз, шұбат т.б. сусындар құйған.
-Ал, енді балалар, сендерді ыдыс жөнінде мақал-мәтелдермен таныстырып өтейін:
Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады.
Ыдысын көріп асын іш.
Қарны ашқан қазанға қарар.
Қазанға не салсаң, шөмішке сол ілігер

Сонымен әдемі ыдыс жасап көрейік. Оқушыларға торсықтың жасалу жолы түсіндіріліп беріледі, оқушылар ермексаздан торсықты жасап көрсетеді.
Сергіту сәті:

Ал, енді балалар сергіту сәтіне жұмбақтар шешіп жіберейік.
Жұдырықтай қамырды, жаулықтай ғып жаяды. (Оқтау)
Төбесінен бу шығады, аузынан су шығады. (Самаурын)
Танауы шуылдап тұр (Шәйнек)
Тым үлкен беті өзге денесінен,
Бір түсіп, бір шығады көмесінен.
Ішіне уыс-уыс ас толтырып,
Сүңгиді ыстыққа да денесімен. (Ожау-шөміш)

Ең үлкен қазанның бетіне не сыймайды? (Өзінің қақпағы)
-Балалар, енді өзіміз дастарқан мәзіріне керекті ыдыстарды жасап көрейік.

Ең алдымен дастарқанға не қойылады?
-Дұрыс айтасыңдар, ең алдымен, дастарқанға нан қойылады. Ал енді өз беттеріңмен дастарқан мәзірін жасаңдар. Дастарқанға қандай ыдыстар қажет? Шәугім, шәйнек, нан салғыш,нан тағамдарын, жеті шелпек бауырсақ, шай ішу үшін кеселер қоямыз. Ал енді тағы дастарқанға не қоюға болады? Жеміс жидектерді жасайық: алма, алмұрт, жүзім.

Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы тексеру. Дастарқан мәзірін, әр оқушы өзі жасаған жұмыстарын әңгімелеп қорғап береді.
Үйге тапсырма: ермексаздан ыдыс жасау жұмысын аяқтап келу.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Музыка

Күні: 12.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы Музыка бейнелейді: «Жетім бала» 
Сабақтың мақсаты Оқушыларды  «Жетім бала күйімен таныстыру 
Дамытушылық Оқушыларды әуен,дыбыс сезіну қабілеттерін 
дамыту 
Тәрбиелік мәні Оқушыларды бірін-бірі тыңдай білуге 
ұйымшылдыққа тәрбиелеу 
Сабақтың түрі Жаңа сабақ 
Көрнекілігі Оқулық, үнтаспа,суреттер 

Сабақтың барысы

Ұйымдастырушылық кезең 



Жетім - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып табылады. Сондай - ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала.
Музыкалық өнер:

Балалрға үнтаспадан «Жетім бала» аңызының үнтаспасын әнеде «Жетім бала» күйін тыңдатып, қандай өсерде болғанын, не түйгенін сұра.


Жетімдік – баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айрылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоға-лады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. Эмоционалдық-танымдық тал-пынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі. 

Қорытындылау: Сұрақтар қою,күйді қайталап тыңдау 

Бағалау : Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау 

Үйге тапсырма: Күйді тыңдап келу


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Өзін-өзі тану

Күні: 17.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Достық қымбат өмірде

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: балаларды достарымен жағымды қарым қатынас жасауға үйрету

Дамытушылық мақсаты: өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым қатынастарын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: татулыққа,  достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Шаттық шеңбері

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

 

·        Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?



·        Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?

·        Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?



Әңгіме

Үш дос

Көп пәтерлі үйдің ауласында толас болмайды. Кішкене-кішкене балалар ойыншықтарын алып шығып, қызыл шеке болып ойнайды да жатады. Бүгін де Қазанқап пен Қарымсақ трамвайын әкеліп, ақаулы жерін жөндеп, біраз әуре болды. Бұлардың ойынының үстіне Самат келді. Ол трамвайдың иесі Қазанқапқа:

– Ойындарыңа мен де қосылайыншы, – деп өтінді. Қазанқап:

– Ойынға қоспаймыз, – деді бірден кесімін айтып. Сөйтіп, Саматтың бетін қайтарып тастады.

Самат біраз қарап тұрды да, томсырайған күйі үйіне қарай беттеді.

Келесі күні Самат өрт сөндіретін қызыл машинасын алып шықты. Жанына Қарымсақты қосып алды. Қарымсақ кіммен болмасын тату ойнайтын. Ойынның неше түрлісін тауып, қыздырып ала жөнелетін-ді. Бұлар үйден шыққан «өртті» оған су құйып, сөндіріп, баланы алып шығып, жедел-жәрдем көрсетіп ойнап жүрді. Қарымсақ Қазанқапқа:

– Кел! Ойынға сен де аралас, – деді. Қазанқаптың кешегісі есіне түсті.

– Самат мені ойынға қоса ма? – деп қипақтады.

–     Кел, ойнай бер. Мен ойыншығымды қызғанатын сен сияқты емеспін. Өрт сөндіру үшін қолдың көп болғаны жақсы, – деп Самат Қазанқаптың қолынан ұстап, ойынға өзі араластырды.

Қазанқап қиналып, екі беті қып-қызыл болып: 

– Самат, кешегімді кешір, мен енді ойыншығымды қызғанбаймын, – деді. Содан бері үшеуі тату ойнайтын болды.

·              Балалар неліктен бірге ойнай алмады?

·              Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек? 

 

Адамдар бірін-бірі сыйлап, түсіне білсе, жақсы қарым-қатынас жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық достыққа әкеледі.



 

Өздерің ерекше сыйлайтын адамдар туралы айтып беріңдер. Оның қандай ісі, қасиеттері сыйлауға лайық деп ойлайсыңдар.

 

 

ҮІ. Қорытынды бөлім.



Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Қызықты грамматика

Күні: 13.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Жіңішке дауысты дыбыстар

Сабақтың мақсаты: Жіңішке дауысты дыбысты таба білу,сөздерді буынға бөліп жазуға

қалыптастыру.

Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру.

Көркем де сауатты жазуға баулу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тақырыптық суреттер, қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.

Пәнаралық байланыс: ана тілі
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.


II. Ой қозғау.

Ауызша тест
IV. Мақсат қою кезеңі

Бүгінгі сабақта қатемен жұмыс жасаймыз, сөздерді буынға бөлеміз.

Жіңішке дауысты дыбысты таба білу,сөздерді буынға бөліп жазуға қалыптастыру. Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру. Көркем де сауатты жазуға баулу.
V. Ж ж әрпін көркем жазу

Сурет бойынша жұмыс

Қатемен жұмыс жасау.
Тапсырмалар


  1. Сөздерге буындық талдау жасау. Құмырсқа, шегіртке, шеберхана, ұстахана.

  2. Қай, қа, а, ла буындарынан үш буыннан тұратын екі сөз құрап жаз.

  3. Сөздерді буынға бөл. Бір, екі, үш, төрт буынды сөздерді ретімен жаз: аққу, өрмекші, аяз, сәукеле, гүл, мысық, кітапхана, доп.

  4. Сөздерді оқы, сөйлем құра: Ара Қанат ағаш, Сабыр, аралады.


Бекіту кезеңі

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Логика әлемі

Күні: 12.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Заттардың ерекше белгілеріне қарап топтау

Сабақтың мақсаты: Цифр бойынша қозғалыстағы денелерді көру арқылы ажырату. Таңдауын пайымдап, әңгімелеу. Танымдық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: түрлі пішіндер, суреттер

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, көрнекілік
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа даярлау
ІҮ. Білімді қабылдауға дайындау
Ми гимнастикасы.

« Жалқау сегіздіктер»

Жаттығу ми құрылымының белсенді жұмыс істеуіне, есте сақтау қабілетінің дамуына көмектеседі. Әр қолымен сегіз санын үш ретжазу.



Ширату.

Түйенің иесі-........................ Ойсыл қара

Екі өркешті түйе ..............................

Түйенің төлі ................................ бота

Түйенің сүті ................................. шұбат

Бір өркешті түйе ......................... нар


Ү. Жаңа білімді меңгерту»

№ 1 Цифрларды мұқият қарап, екі реттен жазылған цифрларды теріп жазу.

Жауабы 2,3,,4,7,8
№2 Балалардың кеудесіне нөмірлерін жазу.

Жауабы: 1- суға секірді. 2- секіруге дайын,3- жоғарыдан шығып келеді, 4-судан шығып келеді, 5-суға жүзіп келеді.


Көңілді үзіліс.

Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкенін алманың

Анамызға сыйлайық!

№3 Үлгі бойынша пішіндерге белгілердің суретін салу. Тапсырма 1 минутта орындалуы тиіс.



Мойын бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
№4 Көлденеңінен қосындысы 9 болатын доминоны жасыл түске, ал тігінен қосындысы 9 болатын доминоны көк түске сыз.

Жауабы: тігінен 3 көк домино, көлденеңінен 4 жасыл домино


№5 Саламаттың пәтері төменнен санағанда және жоғарыдан санағанда бесінші қабатта. Оның тұратын үйі неше қабатты? Жауабы: 9 қабатты
ҮІ. Білімді меңгергендерін тексеру Көзге арналған жаттығулар.
ҮІІ. Білімді бекіту Оқушыларды мадақтау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Логика әлемі

Күні: 17.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Бөлшектерді құрастыру

Сабақтың мақсаты: Зейінді жаттықтыруға тапсырмалар орындау, көргенін есте сақтау арқылы орындауға үйрету. Логикалық ойлау,танымдық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: санау материалдары

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, көрнекілік
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа даярлау
ІІ. Білімді жан-жақты тексеру« Сәйкестікті тап» ойынын ойнату арқылы білімдерін тексеру
ІҮ. Білімді қабылдауға дайындау

Ми гимнастикасы.
Ширату

Қойдың иесі-........................Шопан ата

Ешкінің иесі-::::::::::::::::: Сексек ата

Жылқының иесі-....................Қамбар ата

Сиырдың иесі-........................Зеңгі баба

Түйенің иесі-............................Ойсыл қара


Ү. Жаңа білімді меңгерту

№ 1 Сөздерді мұқият тыңдау, ұ дыбысы бар сөздерді жазу.

Қаз, ұшақ түс, ұя, мысық, тау, алмұрт, балық, құлын, тымақ.
№2 Үстелдің үстінде қалам, қарындаш, сызғыш, кітап, дәптер, бор, газет, журнал жатыр. Сапар осы заттардың ішінен бір затты басқа затпен алмастырды. Сонда үстелдің үстінде журнал, сызғыш, кітап, күнделік, газет, дәптер, қалам,қарындаш жатты. Сапар қандай затты немен алмастырды?

Жауабы: Борды күнделікпен алмастырды.


Көңілді үзіліс.

Әжем жиі сауады,

Боз биені баяғы.

Сүті неткен көп еді,

Суалмай-ақ келеді.
№3 Кестеде 1 ден 20 ға дейінгі сандар жазылуы тиіс. Сан жиырма ал торкөз 16. Кестеде жазылмай қалған санды тап.

Жауабы: 5,7,18,20. 6,14,17,19 6,11,15,16
№4 суреттен 1,2,3,4 пішінднрді тауып, орналасуын түсіндіру.

А у қ т н ы р л д

Жауабы дуал- 9218

Анар – 1 5 1 6

Дана- 91 5 1
Көзге арналған жаттығулар.

Графикалық диктант

Бастапқы нүктеден1 тор қиялап солға жоғары, 2тор жоғары, 1 тор солға, 1 тор төмен, 1 тор қиялап солға жоғары, 3 тор қиялап солға төмен, 6тор оңға, 4тор төмен, 6 тор солға, 4тор жоғары.


ҮІІ. Білімді бекіту
Каталог: uploads -> doc -> 0003
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0003 -> Сабақтың мақсаты: Үлгі бойынша суреттерді сызуға,заттардың атауларын тыңдай отырып,тауып белгі қоюды үйрету
0003 -> Диктанттар. І. Сөз, дыбыс, әріп, сөйлемдер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет