Пән атауы: «Технология және оны оқыту әдістемесі»
Сабақтың тақырыбы: Еңбекке байланысты сабақтан тыс жұмыстың мақсат-міндеттері, түрлері
Тобы: Бк-405,410
Күні:28.03.2020 ж
Сабақтың типі: практикалық
Сабақ жоспары:
1.Еңбекке байланысты кластан тыс жұмыстың мазмұны, мақсаты
2.Бастауыш сыныптарда жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың міндеттері
3.Кластан тыс жұмыстардың алдына қоятын негізгі талаптар
4.Үйірмелер, еркін мектептер, оқу-тәжірибелік участкелер, қоғамдық пайдалы еңбек түрлері туралы
Бақылау сұрақтары:
Үйірме жұмыстарының мақсат-міндеттері неде?
Тәрбиелік негізі қандай?
Кластан тыс жүргізілетін өзге де қандай жұмыстардың түрлері бар?
Глоссарий: Үйірме жұмыстарының мазмұны – қазіргі кезде қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге байланысты жан-жақты кеңейе түседі. Бүгінгі қоғамдағы ғылыми-техникалық және шет тіліне қызығушылықтың нәтижесіне сай үйірме жұмыстары жаратылыстану, көркемөнер, спорттық, техникалық бағыттармен байланыста жүргізіледі.
Сызбалар, тапсырмалар және ситуациялар, т.б.:
«Ана мектебі», «ата мектебі» жайлы сұрақ-жауап түріндегі әңгіме дайындау
Блиц-тест:
1. Еңбекке баулу сабақтарына еңбек түрлері неше тараудан тұрады?
А) 4-тараудан;
В) 3-тараудан;
С) 1-тараудан;
Д) 5-тараудан;
Е) 2-тараудан.
2. Өзіне-өзі қызмет ету бөлімінде оқушылар қандай жұмыс түрлерін орындайды?
А) ілгек тігу, түйме қадау;
В) бөлме гүлдерін күту, суару;
С) құрақ құрау, тігу;
Д) жұмсақ ойыншық тігу;
Е) кестелеу, мережка салу.
3. Бастауыш сыныптарда еңбек сабақтарында үйге тапсырма беріле ме?
А) берілмейді;
В) беріледі;
С) беріледі, бірақ өте аз;
Д) көп мөлшерде;
Е) беруге де, бермеуге де болады.
4. Техникалық құжатқа не жатады?
А) сызба;
В) модель;
С) технологиялық карта;
Д) құрал-сайман;
Е) оқу құралдар.
5. Сарамандық жұмыс нені қамтиды?
А) еңбек бөлімін жоспарлау;
В) еңбекті және еңбек процесін жоспарлау;
С) экологиялық тәрбие;
Д) жұмыс орнын жабдықтау;
Е) кәсіптік бағдар беру.
Әдебиеттер:
Жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сыныптарында еңбекке баулудың оқыту бағдарламасы. Алматы, 1997.
Костерин Н.П. Учебное рисование. М., 1984.
Пантелеева Л.В. Художественный труд. М., 1987.
Обучение в третьем класссе. Книга для учителя. Под ред. Н.С.Сунцова. Москва, 1978.
Достарыңызбен бөлісу: |