Сабақтың тақырыбы : Көмірсутектердің табиғи қорлары. Күні: 25. 04. 15. Сілтеме



бет1/4
Дата08.09.2017
өлшемі0,62 Mb.
#30739
түріСабақ
  1   2   3   4

Пәні:

химия


Мұғалімі: Тәжіғалиева Б.М.



Оқушылардың жасы: 14-15

9 «Б» сынып



Сабақтың тақырыбы:

Көмірсутектердің табиғи қорлары.

Күні:

25.04.15.



Сілтеме

  1. Н.Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова, Темірболатова Ә. «Химия» 11 сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2011.

  2. Ә.Темірболатова , Н.Сағымбекова, С.Әлімжанова «Химия» тапсырмалар жинағы, 11 сынып, Алматы «Мектеп» 2007..

  3. Жоспар, әдістемелік оқулықтар, презентациялар, Prezi

Жалпы мақсаты

Табиғатта көмірсутектердің кездесуін пәнаралық байланыс арқылы түсіндіру (биология, география). Мұнай, таскөмір, отын энергетикалық ресурстары жайлы мәлімет беру.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:

«Миға шабуыл», «Ойлан-тап» әдісімен үй тапсырмасын сұрау, ДЖИГСО, «Сөз құра, тез құра» ойыны, «Аяқталмаған сөйлем» ашық сұрақтар, топтық жұмыс.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар «Көмірсутектердің табиғи қорлары» бұрыннан алған білімін толықтырады;

  • Табиғи газ бен мұнайға серік газдардың айырмашылығын түсінеді;

  • Мұнайдың құрамы мен қасиеттері, өңдеу әдістерін біледі;

  • Отынның түрлері мен тас көмірді кокстеу туралы мағлұмат алады;




Қолданылатын модульдер:

СТО, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері, оқыту үшін бағалау, ОЖЕ сәйкес оқыту, АКТ, дарынды және талантты оқуш.оқыту.



Ресурстар

сұрақтар тапсырмалары, желі мәліметтері, оқулық, кері байланыс парақтары,көрсетілім.


Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Оқушының

іс -әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен амандасу.

- Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.

- Оқушыларды топқа бөлу.

- Мақсатын айту.

- Жоспарын айту.

- Бағалау парақшаларын таратып, бағалау өлшемдерімен таныстыру.

Бағалау өлшемдері:


  • Сұраққа толық өзі жауап берсе, дәлелдемелер келтірсе - « 5 »

  • Сұраққа жауап берсе – « 4 »

  • Cұраққа толық емес немесе жолдасының көмегімен жауап берсе – « 3 »

  • Сұраққа ешқандай жауап бермесе – « 2 »

Бағалау бетшесі

Оқушының

аты-жөні


Ой қозғау

«Ойлан тап»

ДЖИГСО


«Сөз құра, тез құра»

Аяқталмаған сойлем

«ия», «жоқ» тест тапсырмалары

Қорытынды

баға


























ІІ. Үй тапсырмасы. « Өткенді ұмытпа, ол – болашақтың ұстазы ». Білім.

І. «Ой қозғау»

Оқушылардың білім мен  біліктерін тексеру үшін  өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойылады:



  1. Органикалық химия пәні нені зерттейді?

  2. Изомерлер дегеніміз не?

  3. Гомологтар дегеніміз не?

  4. Органикалық химия атауын ұсынған кім?

  5. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын ұсынған кім№

Негізгі қағидалары қандай?

  1. Алкандар дегеніміз не?

  2. Пентан, гексан, гептанның 3 изомерін жаз.

  3. Алкандарға қандай реакциялар тән?

  4. Қандай класаралық изомерлерді білесің?

  5. Морковников ережесі дегеніміз не?

  6. Мына заттардың формулаларын құрастыр:

А) 2,3,4 – триметилпентен-1

Б) 3,4,4,5 – тетраметилгексин-1

В) 2-метил-4-этил-6-пропилгептадиен-1,5


  1. Синтездік көксағыздың мономері?

  2. Бензолдың құрылымдық формуласын ұсынған неміс ғалымы?

  3. Дара байланыстағы байланыс ұзындығы нешеге тең?

  4. Бензолдың радикалы?

ІІ. «Ойлан тап»

І топ

Массасы 2г этилен хлормен әрекеттескенде 9,9г дихлорэтан түзілді. Реакция өнімінің теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымын есептеңдер. (71,4%)



ІІ топ

Көлемі 5,6 л (қ. ж) метан мен этанның қоспасын жаққанда 8,96 л

көміртек диоксиді түзіледі. Бастапқы қоспадағы газдардың

көлемдік үлестерін табыңдар (40%, 60%)



ІІІ топ

Құрамында 25% қоспасы бар массасы 125г техникалық кальций карбидін судың артық мөлшерімен әрекеттестіргенде ацетиленнің қандай көлемі (қ.ж) бөлінетінін есептеңдер (32,8л)


ІІІ. Жаңа сабақ. « Мағынаны тану ».

Жаңа тақырыпты оқушылар өздері талдап, түсіндіреді.Топтарға тапсырма беріліп, қандай тақырыпта постер қорғайтындарын түсіндіру.

І топ «Табиғи және мұнайға серік газдар.»

ІІ топ «Мұнай. Мұнай өнімдері.»

ІІІ топ «Отынның түрлері. Тас көмірді кокстеу.»
IV. «Сөз құра, тез құра» ойыны

Берілген суретке мәтін құру




Каталог: uploads -> doc -> 0c13
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c13 -> Сабақтың мақсаты Оспанхан Әубәкіров туралы мағлұмат беру, мысал туралы білімдерін толықтыру, шығармасымен таныстыру


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет