1.Командалар танысуы.
Топтардың атаулары: «Ампер», «Тесла», «Вебер»
1- команда: «Ампер».
Ток күші сенің арқаң өмір сүргеніміз,
Сабақ оқып теледидар көргеніміз.
«Ампер» болған ток күшінің өлшемі
Біз мықты, қуатты да күштіміз.
2-команда: «Тесла».
Ток бар жерде магнит өрісі туындайды.
Сан жағынан магнит өрісін сипаттайды.
«Тесла» болған өлшем бірлігі
Бұл шама «Магнит индукция векторы»
3-команда: «Вебер».
Өзгергенде жерді қоршаған магнит өрісі
Ағады ауада, жер қабығында - электр тогы
Индукцияның күш сызықтарының санын
Өлшейді «Вебермен» магнит ағыны.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Мұғалім: Психологиялық дайындық, қызғушылықты ояту кезеңі: әр командаға бес сұрақтан тұратын тест сұрақтары беріліді. (Әр қатардағы оқушылар соңғы партадан бастап, алдыңғысымен аяқтайтындай етіп, бір-біріне жалғастыра, берілген сұрақтарға сауатты, әрі жылдам жауап берген команда жеңімпаз атанады. Дұрыс жауабы тақтада көрсетіледі. Бағалану «элементар бөлшектер белгісін» тапсырумен бағаланады).
Достарыңызбен бөлісу: |