Топқа бөлу.
Сыныптың оқушыларын қорапшадан түрлі түсті дөңгелекшелерді алу арқылы бес топқа бөлу.
Психологиялық ахуал туғызу.Табиғат зонасы дегеніміз не?
Кіріспе сұрақ: Еуразияның қандай табиғат зоналары кездеседі?
Анықтаушы сұрақ: Еуразиядағы табиғат зоналарының бір бірінен ерекшелігі
Нақтылаушы сұрақ: Еуразия материгі үшін табиғат зоналардың маңызы
Тікелей сұрақ: не себепті Еуразия жерінде өсімдік шаруашылығы жаксы дамымаған?
Түсінік беруші сұрақ:Еуразия материгінің табиғат зоналарының басқа материктерден ерекшелігі
Ассоциацияларың: Материкте қандай жиі апаттар байқалады?
Жабық сұрақ:Материктің қандай өзіне тән табиғат зоналарында ерекшеліктерді байқайсыңдар?
Ашық сұрақ:Еуразия материгінің табиғат зонасында кездесетін ерекше өсімдік тер мен жануарлар?
|
Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.
Оқушылар өздерінің кескін карталарын көрсетеді,даптер кітаптарын дайындайды
|
Тұсаукесер.
(POWER POINT)
|
3 мин
|
«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізіледі. Еуразия материгінің табиғат зонасына байланысты суреттер көрсетіледі
-Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырыпты қарастырдық
-Дұрыс айттыңдар Еуразия материгінің өзен алаптары?
-Не себепті Еуразия материгінде көп жылдық тоңдар кездеседі?
-Дұрыс айттыңдар, Материктің солтүстігін солтүстік мұзды мұхиты шайып жатыр
-Олай болса, бүгін біз сабақта Еуразия материгінің табиғат зоналары және оның басқа материктерден ерекшелігімен тереңірек танысамыз.
|
|
Негізгі бөлім:
Білу
|
5 минут
|
Еуразия солтүстік жарты шардың барлық климат белдеулерін алып жатқандықтан, мұнда солтүстік жарты шарға тән барлық табиғат зоналарының жиынтығы кездеседі. Олар материктің көп бөлігінде ендік бағытқа сәйкес батыстан шығысқа қарай созылып жатыр.
|
1.Оқулықпен жұмыс, 183-184 беттері. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша материк туралы конспект жазып алады.
|
Түсіну
|
5 мин
|
Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
Оқулықпен жұмыс.
1 топ Еуразия материгінің табиғат зоналары
2топ Тайга зонасы
3топ Тундра және орманды тундра зонасы
4топ Орманды дала және дала зонасы
5 топ Шөл және шөлейт зонасы
|
Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Топтағы оқушылар материктің табиғат зоналары мен танысады
|
Қолдану
|
5 мин
|
Мақсаты:
Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.
Әр топқа тапсырмалар беріледі.
1 тапсырма. Кластерлеу арқылы материктің ерекшеліктерін көрсет
1-топ. Еуразия материгінің табиғат зоналарының ерекшеліктері.
2-топ. Тайга зонасы мен тундра зоналарының ерекшеліктері.
3-топ. Орманды дала зонасы мен дала зонасының ерекщеліктері
4-топ.Шөл және шөлейт зоналарының ерекшеліктері
2 тапсырма. Еуразия материгінің табиғат зоналар картасын кескін картаға сызу
|
Оқулықтың көмегімен сызбаны толтырады.
Оқулықта берілген материалдарды пайдалана отырып, картамен жұмыс орындайды.
|
Сергіту сәті
|
2 мин
|
Сергіту сәті.
«Жұптық ойын».
Оқушылар жұптасып, қолдарын айқастырып, орындарынан тұрады. Бір біріне қарап тұрып, жылы лебіздерін, тілектерін білдіреді, мақтау сөздер айтып көңіл күйлерін көтереді.
|
Оқушыларға жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.
Оқушылар сергітуді орнында жасайды.
|
Талдау
|
5 мин
|
Мақсаты:
Оқушылардың ой- қиялдау дағдыларын жетілдіру.
Оқушылар «Еуразия материгінің табиғат зоналарының басқа материктердің табиғат зонасымен салыстыру» тақырыбына эссе жазады.
«Ойтолғаныс» кезеңі.
|
Бұл жаттығу арқылы оқушылар шығармашылық қабілеттерін дамытады.
|
Жинақтау
|
8 мин
|
Мақсаты:
Оқушылардың салыстыру және негізгілерін ажырата алуын қадағалау.
Картамен жұмыс
|
Оқушылардың жаңа білімді игеру деңгейін тексеру барысында табиғат зоналарымен ерекшеліктермен танысады
Оқушылар топ ішінде бағдаршам арқылы өздерін бағалайды.
|
Қорытынды
Рефлексия
|
6 мин
|
1.Осы тақырыптағы өткен география пәнінен материалдар бойынша оқушылармен кесте құрастыру.
Үлгісі интерактивті тақтада беріледі.
2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?
Не білдім?
|
Не ұнады?
|
Сабақтан алған әсерім
|
|
|
|
|
1. Мұғалімнің көмегімен оқушылар орындайды (ауызша айтып, тақтаға жазады)
2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.
|
Үйге тапсырма
|
1 мин
|
Еуразия материгінің табиғат зоналары. Халқы және елдеріне жалпы шолу жасау.
|
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
|
Бағалау
|
2 мин
|
Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.
|
Оқушылар бағалау критерийлері арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.
|