Сабақтың тақырыбы § материктер мен мұхиттар картасы нені оқыталы Күні: Сыныбы: Сағат реті №1



бет54/66
Дата05.02.2022
өлшемі2,77 Mb.
#22823
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66
Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы

§ 33 Табиғат зоналары

Сыныбы: 7
Күні:

Сабақ реті № 46

Сілтеме

Материктер мен мұхиттар географиясы 7 сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт), оқулық, Алматы «Атамұра» 2012ж., авторлары: Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова, К.Каймулдинова §33 ,132-136 б.

Мақсаты

Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік




Оқушыларға Солтүстік Америка материгінің табиғат зоналары туралы түсінік қалыптастыра отырып, материктің керемет әсемдігімен таныстыру. Материктің табиғат зоналарының ерекшеліктері туралы жан-жақты білімін кеңейту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, өз ойын толық жеткізіп, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру.

Оқушылардың география ғылымына деген қызығушылықтарын арттыру, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, география пәніне деген білімділігін дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға және бағалауға машықтандыру.



География сырын тануға, оны өз көзімен көре білуге тәрбиелеу.Үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, көмектесуге, бірін-бірі тыңдауға тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу, экологиялық тәрбие беру.

Негізгі идея

Солтүстік Америка материктегі табиғат зоналарын бір-бірінен ерекшелеп көрсету және оқушылардың табиғат зоналарын ажырата алуына ықпал жасау.

Күтілетін нәтиже

Топтық, жұптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, географиялық материалды қалай оқу керектігіне назар аударады, өзіндік баға бере алу тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және географиялық тілмен сөйлеуге көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, географиялық мағұлматтарды меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы география пәніне білімі молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, жаңа ұғымдар мен атауларды меңгеруге талпынады.



Таным деңгейлері

Белсенді оқытудағы мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Белсенді оқытудағы қолданылатын технологиялар, әдіс тәсілдер

Ресурстар

Уақыт

Оқыту кезеңдері

Қызығушылықты ояту

Білу

Оқушыларға жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Материктің табиғат зоналары туралы картасын талдай отырып, әр зонаның өзіндік ерекшеліктерін анықтау.
Оқушыларға жетектеуші сұрақтар қою.

Ойсергек . Сәттілік тілеу.
Тақырыпқа байланысты сұрақтарға балалар тез, әрі жылдам жауап береі (бұл орайда табиғат зоналары ).



«Аялдамамен оқу», «Бағдаршам».



Үлестірмелі карточкалар
А4 форматтағы карталар
Географиялық диктант

5 мин

Түсіну

Картамен жұмыс жасаттыру, Солтүстік Амерка материгінің табиғат зоналарының қалыптасуының себебтерін анықтап, әр табиғат зонасының ерекшеліктеріне тоқталып және олардың алып жатқан аймақтарын картадан көрсету.

Картамен жұмыс жасайды. Солтүстік жарты шарда орналасқан материктермен байланыс жасалады және материктің табиғат зоналары ерекшеленіп, картадан анықталады.

«ПАЗЛ» әдісін қолдану,«Аялдамамен оқу» стратегиясы
«Географиялық атаулар»,«Ойтолғаныс» кезеңі, «Кластер» бағалауда «Бағдаршам», БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқыту мен оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, топбасшыны анықтау.

Солтүстік Америка материгінің табиғат зоналары картасы, контур карта, оқулық мәтіні.

10 мин

Оқыту кезеңдері.




Қолдану

Оқушыларды сырттай бақылау

Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды.

Диалогтік.

А4 форматтағы табиғат зоналарына тиісті жануарлар мен өсімдіктер бейнесі (суреттер) DVD видео

7 мин




Сергіту.

АКТ

3 мин

Талдау

Оқулықпен жұмыс. Топтарға тапсырмалар беру. Әр табиғат зонасын топтарға бөліп, сипаттама беру.
І топ. Арктикалық шөл зонасының қамтыған аумағы, ерекшелігін атау.
ІІ топ. Тундра және Тайга зонасының қамтыған аумағы, ерекшелігін атау.
ІІІ топ. Аралас және жалпық жапырақты, ауыспалы ормандар зонасының қамтыған аумағы, ерекшелігін атау.
IV топ. Орманды дала және дала зоналарының қамтыған аумағы, ерекшелігін атау.
Vтоп. Шөлейттер мен саванналар және ылғалды мәңгі жасыл ормандар зонасының қамтыған аумағы, ерекшелігін атау.

Тақырып толығымен оқылады, картамен жұмыс жасалады, әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.

Диалогтік оқыту.

Оқулық, А4 , қаламсап. кескін карта

7 мин

Оқыту кезеңдері

Ой-толғаныс кезеңі.

Жинақтау.

Шығармашылық тапсырма беру. Әр топқа үш стикерге жазылған тапсырмалар таратылады. Тапсырмалар бойынша табиғат зоналарына тиісті жануарлар мен өсімдік атаулары. Стикерді тиісті табиғат зонасына жабыстырады.



Тапсырмаларды орындайды. Сұрақтарға жауап береді. Стикерлерді картаға жабыстырады.

Диалогтік
АКТ

А4, қаламсап,
Солтүстік Америка материгінің табиғат зоналары картасы, кескін карта, оқулық мәтіні.

10 мин

Бағалау.

Оқушылар бірін-бірі бағалайды, мұғалім формативті бағалайды, кері байланыс. Үйге тапсырма: Солтүстік Америка материгінің табиғат зоналарын оқып, кескін картаға түсіріп келу.

3 мин




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет